Хадис

Кутуб ситтә, № 4130

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
560. Риуаят және оны жеткізу
Нөмірі
№ 4130 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 5
4130
Кутуб ситтә, № 4130 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Әбу Зәрр (р.а.)

وَعَنْ أَبِي ذَرٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ قَالَ: «لَوْ وَضَعْتُمُ الصَّمْصَامَةَ عَلَى هَذِهِ، وَأَشَارَ إِلَى قَفَاهُ، ثُمَّ ظَنَنْتُ أَنِّي أُنْفِذُ كَلِمَةً سَمِعْتُهَا مِنْ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَبْلَ أَنْ تُجِيزُوا عَلَيَّ لَأَنْفَذْتُهَا». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ تَعْلِيقًا. «الصَّمْصَامَةُ» وَ«الصَّمْصَامُ»: السَّيْفُ.

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр (р.а.) желкесін көрсетіп былай деген: «Қылышты мына тұсыма қойсаңдар да, оны сілтеп үлгергенше Алла елшісінен (с.а.с.) естіген бір сөзді айтып қаламын деп ойласам, оны міндетті түрде айтар едім».1

Түсіндірме

Әбу Зәррдің (р.а.) бұл сөзі кей сахабалардың Алла елшісінің сөзін жеткізуде өлімнен де қорықпағанын көрсетеді. Әбу Зәрр сондай батыл сахабалардың бірі еді.

Әбу Зәрр (р.а.) – ойын ашық айтатын, тік мінезді, қарапайым, адал әрі рақымшыл сахаба. Әділдік, адалдық пен көркем мінезді кемел мұсылманның сипаты деп білген. Мұны өзгелерден де күткен. Сондықтан дәулетке мастанып, әділдікті аяққа басқан билік иелеріне қарсылығын ашық айтқан.

Дәримидің «Муснәдінде» бұл оқиға былай баяндалады. Минадағы ортаңғы жәмраттың жанында жұрт пәтуа сұрап, Әбу Зәррді (р.а.) қоршап тұрады. Сонда бір адам: «Саған пәтуа беруге тыйым салынбады ма?» – дейді. Әбу Зәрр оған қарап: «Мені аңдып жүрген сен бе едің?» – деп жауап береді. Риуаяттарда сөз болған талас-тартыстарға бұл жерде тоқталмаймыз.

  1. 1Бұхари, «Ілім», 10 (баптың басында Әбу Зәррдің сөзі ретінде).