Хадис

Кутуб ситтә, № 4204

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
574. Нәпақа және ғиддат өтейтін баспана
Нөмірі
№ 4204 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
4204
Кутуб ситтә, № 4204 · тараудағы реті: 2

وَعَنْ نَافِعٍ: «أَنَّ بِنْتَ سَعِيدِ بْنِ زَيْدٍ كَانَتْ تَحْتَ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرِو بْنِ عُثْمَانَ، فَطَلَّقَهَا الْبَتَّةَ فَانْتَقَلَتْ، فَأَنْكَرَ ذَلِكَ عَلَيْهَا عَبْدُ اللَّهِ بْنُ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ.

Қазақша аудармасы

Нафиғ былай дейді: «Сағид ибн Зәйдтің қызы Абдулла ибн Амр ибн Османның некесінде еді. Күйеуі оған түпкілікті талақ берді. Әйел ғиддаты бітпей күйеуінің үйінен көшіп кетті. Абдулла ибн Омар (р.а.) оның бұл әрекетін құптамады».1

Түсіндірме

Абдулла ибн Омар (р.а.) әйелдің үйден кетуін аятқа қайшы деп санаған. Алдыңғы хадистің түсіндірмесінде айтылғандай, «Талақ» сүресінің 6-аятында ажырасқан әйелді ғиддат кезінде күйеуі тұратын үйге орналастыру бұйырылады. Осы аятқа сүйенген ғалымдардың көпшілігі ажырасқан әйелдің ғиддат мерзімінде баспана алуға қақысы бар деген.

  1. 1«Муатта», «Талақ», 64, (2, 579).