Хадис

Кутуб ситтә, № 4259

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
587. Хандақ шайқасы
Нөмірі
№ 4259 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
4259
Кутуб ситтә, № 4259 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «خَرَجَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِلَى الْخَنْدَقِ فَإِذَا الْمُهَاجِرُونَ وَالأَنْصَارُ يَحْفِرُونَ فِي غَدَاةٍ بَارِدَةٍ، وَلَمْ يَكُنْ لَهُمْ عَبِيدٌ يَعْمَلُونَ ذَلِكَ لَهُمْ فَلَمَّا رَأَى مَا بِهِمْ مِنَ النَّصَبِ وَالْجُوعِ قَالَ: اللَّهُمَّ إِنَّ الْعَيْشَ عَيْشُ الْآخِرَةِ فَاغْفِرْ لِلْأَنْصَارِ وَالْمُهَاجِرَةِ. فَقَالُوا مُجِيبِينَ لَهُ: نَحْنُ الَّذِينَ بَايَعُوا مُحَمَّدًا عَلَى الْجِهَادِ مَا بَقِينَا أَبَدًا». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай дейді: «Расулалла (с.а.с.) Хандаққа келді. Мұһажирлер мен ансарлардың салқын таңғы мезгілде ор қазып жатқанын көрді. Бұл жұмысты атқарып беретін құлдары жоқ еді. Олардың қалжырап, ашыққанын көрген Расулалла (с.а.с.) былай деп өлеңдетті: “Уа, Аллам! Шынайы өмір – ақырет өмірі. Ансар мен мұһажирлерді кешіре гөр!”

Ор қазып жатқандар оған өлеңмен жауап берді: “Біз Мұхаммедке серт бердік,

Тірі тұрғанда жиһад етпекке”».1

  1. 1Бұхари, «Жиһад», № 2834, «Мағази», № 4099, сондай-ақ «Фадаил әс-сахаба», 9, «Риқақ», 1, «Ахкам», 43. Мүслим, «Жиһад», № 1805. Тирмизи, «Мәнақиб», № 3857.