وَعَنِ الْبَرَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَهُوَ يَنْقُلُ مَعَنَا التُّرَابَ، وَلَقَدْ وَارَى التُّرَابُ بَيَاضَ بَطْنِهِ، وَهُوَ يَقُولُ: وَاللَّهِ لَوْلَا اللَّهُ مَا اهْتَدَيْنَا، وَلَا تَصَدَّقْنَا، وَلَا صَلَّيْنَا فَأَنْزِلَنْ سَكِينَةً عَلَيْنَا وَثَبِّتِ الْأَقْدَامَ إِنْ لَاقَيْنَا، وَالْمُشْرِكُونَ قَدْ بَغَوْا عَلَيْنَا إِذَا أَرَادُوا فِتْنَةً أَبَيْنَا وَيَرْفَعُ بِهَا صَوْتَهُ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ.
Бәра (р.а.) былай дейді: «Ор қазып жатқанда Расулалланы (с.а.с.) көрдім. Ол да бізбен бірге иығына салып топырақ тасыды. Аппақ қарнын топырақ басып қалыпты. Сонда Ол (с.а.с.) былай деп өлеңдетті:
“Алла бізге жол көрсетпесе,
Тура жолды таппас едік.
Садақа да бермес едік,
Намаз да оқымас едік.
Үстімізге тыныштық түсір,
Уа, Аллам!
Жауға кезіксек, табанымызды бекем ет!
Мүшріктер бізге өктемдік етті,
Бүлік салмақ болды.
Бүлік салуды қаласа,
Біз оған көнбейміз!”
Расулалла (с.а.с.) осы сөздерді айтқанда дауысын көтерді».1
- 1Бұхари, «Мағази», № 4104, сондай-ақ «Жиһад», 34, 161, «Қадар», 16, «Тәмәнни», 7. Мүслим, «Жиһад», № 1803.