وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ نَعَى زَيْدًا وَجَعْفَرًا وَابْنَ رَوَاحَةَ لِلنَّاسِ قَبْلَ أَنْ يَأْتِيَهُمْ خَبَرُهُمْ، فَقَالَ: أَخَذَ الرَّايَةَ زَيْدٌ فَأُصِيبَ، ثُمَّ أَخَذَهَا جَعْفَرٌ فَأُصِيبَ، ثُمَّ أَخَذَهَا عَبْدُ اللَّهِ بْنُ رَوَاحَةَ فَأُصِيبَ، وَإِنَّ عَيْنَيْ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ لَتَذْرِفَانِ، ثُمَّ أَخَذَهَا سَيْفٌ مِنْ سُيُوفِ اللَّهِ: خَالِدُ بْنُ الْوَلِيدِ مِنْ غَيْرِ إِمْرَةٍ، فَفَتَحَ اللَّهُ تَعَالَى لَهُ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ وَالنَّسَائِيُّ. «ذَرِفَتِ الْعَيْنُ» إِذَا سَالَ دَمْعُهَا.
Әнәс (р.а.) былай дейді: «Расулалла (с.а.с.) Зәйд, Жағфар және Ибн Рауаханың қазасын хабар жетпей тұрып айтты. “Туды Зәйд алып, қаза тапты. Одан кейін Жағфар алып, ол да қаза тапты. Содан соң Ибн Рауаха алып, ол да қаза тапты”, – деді. Осы сөздерді айтқанда Расулалланың (с.а.с.) көзінен жас ағып тұрды. “Ақыры туды Алланың қылыштарының бірі, Халид ибн Уәлид, тағайындалмаса да қолына алды. Алла оларға жеңіс нәсіп етті”, – деді».1
- 1Бұхари, «Мағази», № 4262, сондай-ақ «Жанаиз», 4, «Жиһад», 7, 183, «Мәнақиб», 25, «Фадаил әс-сахаба», 25, 44. Нәсәи, «Жанаиз», 27 (4/26).