Хадис

Мұта шайқасы

Кутуб ситтә, 9-том, 593-тарау · 4 хадис · № 4271–4274

Хадистер

4271
Кутуб ситтә, № 4271 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «أَمَرَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فِي غَزْوَةِ مُؤْتَةَ زَيْدَ بْنِ حَارِثَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِنْ قُتِلَ زَيْدٌ فَجَعْفَرٌ، وَإِنْ قُتِلَ جَعْفَرٌ فَعَبْدُ اللَّهِ بْنُ رَوَاحَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمْ. قَالَ عَبْدُ اللَّهِ: كُنْتُ فِيهِمْ فِي تِلْكَ الْغَزْوَةِ فَالْتَمَسْنَا جَعْفَرَ بْنِ أَبِي طَالِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فَوَجَدْنَاهُ فِي الْقَتْلَى وَوَجَدْنَا فِيمَا أَقْبَلَ مِنْ جَسَدِهِ بِضْعًا وَتِسْعِينَ مَا بَيْنَ رَمْيَةٍ وَطَعْنَةٍ؛ زَادَ فِي رِوَايَةٍ: لَيْسَ مِنْهَا شَيْءٌ فِي دُبُرِهِ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Расулалла (с.а.с.) Мұтада Зәйд ибн Харисаны (р.а.) қолбасшы етіп тағайындап: “Зәйд қаза тапса, орнына Жағфар өтсін. Жағфар да қаза тапса, Абдулла ибн Рауаха қолбасшы болсын”, – деді».

Абдулла ибн Омар: «Сол шайқаста мен де болдым. Жағфар ибн Әбу Талибті (р.а.) іздеп, қаза тапқандардың арасынан таптық. Денесінің алдыңғы жағынан жебе мен найза салған тоқсаннан астам жара санадық», – дейді. Бір нұсқада: «Арқасында бір де бір жара жоқ еді»1, – делінген.

  1. 1Бұхари, «Мағази», № 4261.
4272
Кутуб ситтә, № 4272 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ نَعَى زَيْدًا وَجَعْفَرًا وَابْنَ رَوَاحَةَ لِلنَّاسِ قَبْلَ أَنْ يَأْتِيَهُمْ خَبَرُهُمْ، فَقَالَ: أَخَذَ الرَّايَةَ زَيْدٌ فَأُصِيبَ، ثُمَّ أَخَذَهَا جَعْفَرٌ فَأُصِيبَ، ثُمَّ أَخَذَهَا عَبْدُ اللَّهِ بْنُ رَوَاحَةَ فَأُصِيبَ، وَإِنَّ عَيْنَيْ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ لَتَذْرِفَانِ، ثُمَّ أَخَذَهَا سَيْفٌ مِنْ سُيُوفِ اللَّهِ: خَالِدُ بْنُ الْوَلِيدِ مِنْ غَيْرِ إِمْرَةٍ، فَفَتَحَ اللَّهُ تَعَالَى لَهُ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ وَالنَّسَائِيُّ. «ذَرِفَتِ الْعَيْنُ» إِذَا سَالَ دَمْعُهَا.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай дейді: «Расулалла (с.а.с.) Зәйд, Жағфар және Ибн Рауаханың қазасын хабар жетпей тұрып айтты. “Туды Зәйд алып, қаза тапты. Одан кейін Жағфар алып, ол да қаза тапты. Содан соң Ибн Рауаха алып, ол да қаза тапты”, – деді. Осы сөздерді айтқанда Расулалланың (с.а.с.) көзінен жас ағып тұрды. “Ақыры туды Алланың қылыштарының бірі, Халид ибн Уәлид, тағайындалмаса да қолына алды. Алла оларға жеңіс нәсіп етті”, – деді».1

  1. 1Бұхари, «Мағази», № 4262, сондай-ақ «Жанаиз», 4, «Жиһад», 7, 183, «Мәнақиб», 25, «Фадаил әс-сахаба», 25, 44. Нәсәи, «Жанаиз», 27 (4/26).
4273
Кутуб ситтә, № 4273 · тараудағы реті: 3

وَعَنْ قَيْسِ بْنِ أَبِي حَازِمٍ قَالَ: «سَمِعْتُ خَالِدًا يَقُولُ: لَقَدْ انْقَطَعَتْ فِي يَدِي يَوْمَ مُؤْتَةَ تِسْعَةُ أَسْيَافٍ، فَمَا بَقِيَ فِي يَدِي إِلَّا صَفِيحَةٌ يَمَانِيَّةٌ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.

Қазақша аудармасы

Қайс ибн Әбу Хазим былай дейді: «Халидтің (р.а.): “Мұта күні қолымда тоғыз қылыш сынды. Қолымда Йеменнің жалпақ жүзді бір қылышы ғана қалды”, – дегенін естідім».1

  1. 1Бұхари, «Мағази», № 4265–4266.
4274
Кутуб ситтә, № 4274 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Ауф ибн Мәлик әл-Әшжағи (р.а.)

وَعَنْ عَوْفِ بْنِ مَالِكٍ الْأَشْجَعِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «خَرَجْتُ مَعَ زَيْدِ بْنِ حَارِثَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فِي غَزْوَةِ مُؤْتَةَ وَرَافَقَنِي مَدَدِيٌّ مِنَ الْيَمَنِ لَيْسَ مَعَهُ غَيْرُ سَيْفِهِ فَنَحَرَ رَجُلٌ مِنَ الْمُسْلِمِينَ جَزُورًا. فَسَأَلَهُ الْمَدَدِيُّ طَائِفَةً مِنْ جِلْدِهِ. فَأَعْطَاهُ إِيَّاهُ فَاتَّخَذَهُ كَهَيْئَةِ الدَّرَقَةِ وَمَضَيْنَا فَلَقِينَا جُمُوعَ الرُّومِ، وَفِيهِمْ رَجُلٌ عَلَى فَرَسٍ أَصْفَرَ عَلَيْهِ سَرْجٌ مُذَهَّبٌ وَسِلَاحٌ مُذَهَّبٌ. فَجَعَلَ الرُّومِيُّ يَفْرِي بِالْمُسْلِمِينَ فَقَعَدَ لَهُ الْمَدَدِيُّ خَلْفَ صَخْرَةٍ فَمَرَّ بِهِ الرُّومىُّ. فَعَرْقَبَ فَرَسَهُ بِسَيْفِهِ فَخَرَّ الرُّومىُّ فَعَلَاهُ بِسَيْفِهِ فَقَتَلَهُ وَحَازَ فَرَسَهُ وَسِلَاحَهُ. فَلَمَّا فَتَحَ اللَّهُ عَلَى الْمُسْلِمِينَ بَعَثَ إِلَيْهِ خَالِدُ بْنُ الْوَلِيدِ فَأَخَذَ مِنْهُ بَعْضَ السَّلَبِ. قَالَ عَوْفٌ: فَأَتَيْتُ خَالِدًا، فَقُلْتُ لَهُ: أَمَا عَلِمْتَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَضَى بِالسَّلَبِ لِلْقَاتِلِ؟ قَالَ: بَلَى. وَلَكِنِّي اسْتَكْثَرْتُهُ لَهُ. فَقُلْتُ: لَتَرُدَّنَّهُ إِلَيْهِ أَوْ لَأُعَرِّفَنَّكَهَا عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ. فَأَبَى أَنْ يَرُدَّ عَلَيْهِ. قَالَ عَوْفٌ: فَلَمَّا اجْتَمَعْنَا عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَصَصْتُ عَلَيْهِ قِصَّةَ الْمَدَدِيِّ وَمَا فَعَلَ خَالِدٌ. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: يَا خَالِدُ مَا حَمَلَكَ عَلَى مَا صَنَعْتَ؟ قَالَ: اِسْتَكْثَرْتُهُ. فَقَالَ: رُدَّ عَلَيْهِ الَّذِي أَخَذْتَ مِنْهُ. فَقُلْتُ: دُونَكَهَا يَا خَالِدُ، أَلَمْ أَفِ لَكَ؟ فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: وَمَا ذَاكَ؟ قَالَ: فَأَخْبَرْتُهُ. قَالَ: فَغَضِبَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَقَالَ: يَا خَالِدُ لَا تَرُدَّ عَلَيْهِ، هَلْ أَنْتُمْ تَارِكُونَ لِي أُمَرَائِي؟ لَكُمْ صَفْوَةُ أَمْرِهِمْ وَعَلَيْهِمْ كَدَرُهُ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَأَبُو دَاوُدَ. «يَفْرِي بِالمُسْلِمِينَ» الْفَرِىُّ القَطْعُ، وَهُوَ كِنَايَةٌ عَنْ شِدّةٍ فَكِنَايَتَهُ فِيهِمْ. وَقَوْلُهُ «لَأُعَرِّفَنَّكَهَا» أَيْ أُجَازِيَنَّكَ بِهَا حتَّى تَعْرِفَ صَنِيعَكَ هَذَا. وَقَوْلُهُ «دُونَكَهَا» أَيْ خُذْهَا كَأَنَّهُ وَفَاءٌ لَهُ بِمَا وَعَدَهُ. وَ«صِفْوَةُ الشَّىْءِ» بِكَسْرِ الصَّادِ خَالِصَتُهُ إِذَا أَثْبَتّ الْهَاءُ كُسِرَتْ الصَّادُ وَإِذَا حَذِفْتَهَا فَتَحْتَهَا، فَقُلْتُ صَفْوُ الشَّىْءِ.

Қазақша аудармасы

Ауф ибн Мәлик әл-Әшжағи (р.а.) былай дейді: «Мұта жорығына Зәйд ибн Харисамен (р.а.) бірге шықтым. Қолында қылыштан өзге қаруы жоқ бір йемендік жігіт маған ерді. Мұсылмандардың бірі түйе сойғанда, ол терісінен бір кесек сұрап алып, қалқан жасады. Жолда римдіктердің жасағына жолықтық. Араларында жирен ат мінген, ері мен қаруы алтынмен әшекейленген бір кісі бар еді. Әлгі римдік мұсылмандарға қатты соқты. Йемендік оны бір жартастың тасасында аңдыды. Римдік сол тұсқа келгенде, атының аяғын қылышпен шауып, оны жерге құлатты. Үстіне төніп, қылышпен өлтірді де, қаруы мен атын алды.

Алла мұсылмандарға жеңіс бергенде, Халид ибн Уәлид оған кісі жіберіп, жауынгерден алған олжасының бір бөлігін алды.

Сонда Халидке барып: “Расулалла (с.а.с.) қаза тапқан жауынгердің жарағы оны өлтірген сарбазға тиесілі деп үкім еткенін білмейсің бе?” – дедім. “Білемін. Бірақ олжасы тым көп көрінді”, – деді. “Не алғаныңды мына жігітке қайтарасың, не мен болған істі Расулаллаға (с.а.с.) жеткіземін”, – дедім. Халид қайтармады».

Ауф сөзін жалғады: «Расулалланың (с.а.с.) алдына барғанымызда, болған жайды айттым. Расулалла (с.а.с.): “Уа, Халид! Неге олай істедің?” – деп сұрады. “Олжасы тым көп көрінді”, – деді Халид. Расулалла (с.а.с.): “Одан алғаныңның бәрін қайтар”, – деді. Мен: “Уа, Халид! Айтпап па едім?!” – дедім. Расулалла (с.а.с.): “Бұл не сөзің?” – деп сұрады. Мен болған істі түсіндіргенде, ол ашуланып: “Уа, Халид! Қайтарма. Менің қолбасшыларымды өзіме қалдырмайсыңдар ма?! Сендер мен олардың мысалы түйесін не қойын бағып, суатқа апарған малшы мен отарына ұқсайды. Мал судың тұнығын ішеді, лайы малшыға қалады”, – деді».1

Түсіндірме

1. Мұта шайқасы һижреттің сегізінші жылы жұмада әл-ула айында болды. Мұта – қазіргі Құдыстан екі күндік жолдағы, тарихи Шам өңіріндегі мекен.

2. Жорыққа Византияның Шам өңіріндегі басшыларының бірі Шурахбил ибн Амр әл-Ғассанидің Расулалла (с.а.с.) Бусраның билеушісіне жіберген елшісін өлтіруі себеп болды. Расулалла (с.а.с.) елшісін өлтірген Шурахбилді жазалауды көздеді.

Әскерді Зәйд ибн Хариса басқарды. Мұсылмандар Мағанға жеткенде, Ираклийдің қарсы аттанғанын естіді. Оның жүз мың римдігіне Лахм, Жузам және басқа тайпалардан жүз мың адам қосылып, әскерінің жалпы саны екі жүз мыңға жеткен еді. Мұсылмандар сол жерде екі түн аялдап, не істейтінін ақылдасты. Расулаллаға (с.а.с.) хат жазып, нұсқау сұрауды да ойлады. Абдулла ибн Рауаха: «Жұрт! Қазір сескеніп тұрғандарың – Мәдинадан шығарда өздерің тілеген шейіттік. Біз жаумен санымызға не күшімізге сүйеніп соғыспаймыз, дін үшін шайқасамыз. Алға жүрейік. Алдымызда екі жақсылықтың бірі, не шейіттік, не жеңіс тұр», – деп, сарбаздарды жігерлендірді. Олар: «Алламен ант етейік, дұрыс айтты», – деп, жолын жалғастырды. Мұтада мұсылмандар римдіктер мен христиан арабтардан құралған әскермен бетпе-бет келді.

Расулалла (с.а.с.) айтқандай, әуелі Зәйд ибн Хариса шейіт болды. Туды Жағфар ибн Әбу Талиб алды. Ол да шейіт болғанда, туды Абдулла ибн Рауаха қолына алды.

Расулалла (с.а.с.) сол кеште мұсылмандарды мешітке жинап, шайқаста болып жатқан істі сол сәтінде жеткізіп отырды. Шейіттердің атын атап, қолбасшылықты кім алғанын айтып, қаза тапқандарға кешірім тіледі. «Туды Абдулла ибн Рауаха алды», – деген соң үнсіз қалды. Ансарлардың өңі өзгеріп кетті. Олар Абдулла бір оғат іс істеп қойды ма деп алаңдады. Біраздан кейін Расулалла (с.а.с.): «Жаумен шайқасып, шейіт болды. Оны жәннатқа алып барып, алтын таққа отырғызды», – деді. Сонда ғана ансарлардың қайғысы сейілді.

Расулалла (с.а.с.) одан кейін туды Халид ибн Уәлид алғанын: «Туды Алланың қылыштарының бірі алды», – деп хабарлады. Сол күннен Халид «Сайфуллаһ» деген атпен танылды.

Халид ибн Уәлид мұсылман әскері сан жағынан басым жаудың қолынан қырылып қалмасын деп, оны біртіндеп кері шегіндірді.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Жиһад», № 2719–2720. Мүслим, «Жиһад», № 1753–1754. Соңғы теңеу Мүслимнің нұсқасында берілген.