وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «جَاءَ الْعَبَّاسُ بِأَبِي سُفْيَانَ بْنِ حَرْبٍ فَأَسْلَمَ بِمَرِّ الظَّهْرَانِ. فَقَالَ الْعَبَّاسُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ! إِنَّ أَبَا سُفْيَانَ رَجُلٌ يُحِبُّ الْفَخْرَ فَلَوْ جَعَلْتَ لَهُ شَيْئًا. قَالَ: نَعَمْ. مَنْ دَخَلَ دَارَ أَبِي سُفْيَانَ فَهُوَ آمِنٌ، وَمَنْ أَغْلَقَ بَابَهُ فَهُوَ آمِنٌ، وَمَنْ أَلْقَى سِلَاحَهُ فَهُوَ آمِنٌ، وَمَنْ دَخَلَ الْمَسْجِدَ فَهُوَ آمِنٌ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.
Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Аббас (р.а.) Әбу Суфиян ибн Харбты алып келді. Ол Марр әз-Заһранда Исламды қабылдады. Аббас (р.а.): “Уа, Алланың елшісі! Әбу Суфиян абыройын асырғанды ұнатады. Оған бір мәртебе берсеңіз”, – деді. Расулалла (с.а.с.): “Кім Әбу Суфиянның үйіне кірсе, аман. Кім өз есігін жауып алса, аман. Кім қаруын тастаса, аман. Кім мешітке кірсе, аман”, – деді».1
- 1Әбу Дәуіт, «Хараж», № 3021–3022.