Хадис

Меккенің алынуы

Кутуб ситтә, 9-том, 595-тарау · 12 хадис · № 4276–4287

Хадистер

4276
Кутуб ситтә, № 4276 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әли (р.а.)

عَنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «بَعَثَنِي رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَنَا وَالزُّبَيْرَ وَالْمِقْدَادَ. فَقَالَ: انْطَلِقُوا حَتَّى تَأْتُوا رَوْضَةَ خَاخٍ فَإِنَّ بِهَا ظَعِينَةً مَعَهَا كِتَابٌ فَخُذُوهُ مِنْهَا. فَانْطَلَقْنَا تَتَعَادَى بِنَا خَيْلُنَا حَتَّى أَتَيْنَا الرَّوْضَةَ. فَإِذَا نَحْنُ بِالظَّعِينَةِ فَقُلْنَا: أَخْرِجِي الْكِتَابَ. فَقَالَتْ: مَا مَعِي كِتَابٌ. فَقُلْنَا: لَتُخْرِجَنَّ الْكِتَابَ أَوْ لَنُلْقِيَنَّ الثِّيَابَ. فَأَخْرَجَتْهُ مِنْ عِقَاصِهَا. فَأَتَيْنَا بِهِ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، فَإِذَا فِيهِ: مِنْ حَاطِبِ بْنِ أَبِي بَلْتَعَةَ إِلَى نَاسٍ مِنَ الْمُشْرِكِينَ مِنْ أَهْلِ مَكَّةَ يُخْبِرُهُمْ بِبَعْضِ أَمْرِ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ. فَقَالَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: يَا حَاطِبُ؛ مَا هَذَا؟ فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ لَا تَعْجَلْ عَلَيَّ! إِنِّي كُنْتُ امْرَأً مُلْصَقًا فِي قُرَيْشٍ وَلَمْ أَكُنْ مِنْ أَنْفُسِهِمْ، وَكَانَ مَنْ مَعَكَ مِنَ المُهَاجِرِينَ لَهُمْ قَرَابَةٌ يَحْمُونَ بِهَا أَمْوَالَهُمْ وَأَهْلِيهِمْ بِمَكَّةَ فَأَحْبَبْتُ إِذْ فَاتَنِي ذَلِكَ مِنَ النَّسَبِ فِيهِمْ أَنْ أَتَّخِذَ فِيهِمْ يَدًا يَحْمُونَ بِهَا قَرَابَتِي، وَمَا فَعَلْتُ ذَلِكَ كُفْرًا وَلَا ارْتِدَادًا عَنْ دِينِي، وَلَا رِضًا بِالْكُفْرِ بَعْدَ الْإِسْلَامِ. فَقَالَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِنَّهُ قَدْ صَدَقَكُمْ. فَقَالَ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ دَعْنِي يَا رَسُولَ اللَّهِ أَضْرِبْ عُنُقَ هَذَا الْمُنَافِقِ. فَقَالَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِنَّهُ قَدْ شَهِدَ بَدْرًا، وَمَا يُدْرِيكَ؟ لَعَلَّ اللَّهَ تَعَالَى اطَّلَعَ عَلَى أَهْلِ بَدْرٍ. فَقَالَ: اعْمَلُوا مَا شِئْتُمْ فَقَدْ غَفَرْتُ لَكُمْ. فَأَنْزَلَ اللَّهُ تَعَالَى: يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَتَّخِذُوا عَدُوِّي وَعَدُوَّكُمْ أَوْلِيَاءً تُلْقُونَ إِلَيْهِمْ بِالْمَوَدَّةِ وَقَدْ كَفَرُوا بِمَا جَاءَكُمْ مِنَ الْحَقِّ. إِلَى قَوْلِهِ: فَقَدْ ضَلَّ سَوَاءَ السَّبِيلِ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا النَّسَائِي. «رَوْضَةُ خَاخٍ» بِمُعْجَمَتَيْنِ مَوْضِعٌ بَيْنَ مَكَّةَ وَالمَدَينَةَ». وَالظَّعِينَةُ» فِي الْأَصْلِ الْمَرْأَةُ مَادَامَتْ فِي الْهَوْدَجِ ثُمَّ جُعِلَتِ الْمَرْأَةُ الْمُسَافِرَةُ ظَعِينَةً ثُمَّ جُعِلَتْ إِلَى الْمَرْأَةِ نَفْسِهَا سَافَرَتْ أَوْ أَقَامَتْ». وَالعَقَّاصُ» الْخَيْطُ الَّذِي تُشَدُّ بِهِ الْمَرْأَةُ أَطْرَافَ ذَوَائِبِهَا. وَالْمَعْنَى أَخْرَجَتِ الْكِتَابِ مِنْ ضَفَائِرِهَا الْمَعْقُوصَةِ.

Қазақша аудармасы

Әли (р.а.) былай дейді: «Расулалла (с.а.с.) Зубәйірді, Миқдадты және мені жұмсап: “Раузат Хахқа барыңдар. Сол жерде бір әйел бар, оның алып бара жатқан хаты бар. Сол хатты әкеліңдер”, – деді.

Атпен шауып, Раузат Хахқа жеттік. Әйелді тауып: “Хатты бер!” – дедік. “Менде хат жоқ”, – деді ол. “Не хатты бересің, не киіміңді шешеміз”, – дедік. Сонда ол хатты шаш өрімінің арасынан алып берді. Оны Расулаллаға (с.а.с.) әкелдік. Хатты Хатиб ибн Әбу Бәлтаға Меккедегі кейбір мүшріктерге жазып, Расулалланың (с.а.с.) кей жоспарларын хабарлаған екен. Расулалла (с.а.с.) Хатибтен: “Уа, Хатиб, бұл не?” – деп сұрады. Ол: “Уа, Алланың елшісі! Маған ашулануға асықпаңыз. Мен Құрайышқа сырттан қосылған адаммын, оларға туыс емеспін. Сізбен бірге жүрген мұһажирлердің Меккеде отбасы мен мал-мүлкін қорғайтын туыстары бар. Ал менің ондай жақыным жоқ. Сондықтан меккеліктердің алдында бір жақсылық жасап, сондағы туыстарымды қорғамақ болдым. Мұны күпірлікке бет бұрғанымнан да, дінімнен қайтқанымнан да, Исламнан кейін күпірлікті құптағанымнан да істеген жоқпын”, – деді. Расулалла (с.а.с.): “Ол бізге шындықты айтты”, – деді. Омар (р.а.): “Уа, Алланың елшісі! Мына екіжүздінің басын алуға рұқсат беріңіз”, – деді. Расулалла (с.а.с.): “Ол Бәдірге қатысқан. Алланың Бәдірге қатысқандарға назар салып: ‘Қалағандарыңды істеңдер, сендерді кешірдім’, – дегенін қайдан білесің?” – деді». Осы оқиғаға байланысты Алла Тағала мына аятты түсірді: ﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَتَّخِذُوا عَدُوِّي وَعَدُوَّكُمْ أَوْلِيَاءَ تُلْقُونَ إِلَيْهِمْ بِالْمَوَدَّةِ وَقَدْ كَفَرُوا بِمَا جَاءَكُمْ مِنَ الْحَقِّ﴾ «Уа, иман келтіргендер! Менің дұшпандарымды да, өз дұшпандарыңды да дос тұтпаңдар! Сендер оларға сүйіспеншілік танытасыңдар. Ал олар сендерге келген ақиқатты жалғанға шығарады» («Мумтахина» сүресі, 1-аят).1

  1. 1Бұхари, «Мағази», № 4274, «Жиһад», № 3007, «Тәпсір», № 4890, сондай-ақ «Истиъзан», 23, «Иститаба», 9. Мүслим, «Фадаил әс-сахаба», № 2494. Әбу Дәуіт, «Жиһад», № 2650–2651. Тирмизи, «Тәпсір», № 3305.
4277
Кутуб ситтә, № 4277 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: «إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ غَزَا غَزْوَةَ الْفَتْحِ فِي رَمَضَانَ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Расулалла (с.а.с.) Меккені алуға рамазан айында аттанды».1

  1. 1Бұхари, «Мағази», № 4275, сондай-ақ «Саум», 34, «Жиһад», 106. Мүслим, «Сиям», № 1113.
4278
Кутуб ситтә, № 4278 · тараудағы реті: 3

وَعَنْ عُرْوَةَ بْنِ الزُّبَيْرِ قَالَ: «لَمَّا سَارَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ عَامَ الْفَتْحِ بَلَغَ ذَلِكَ قُرَيْشًا. فَخَرَجَ أَبُو سُفْيَانُ بْنُ حَرْبٍ، وَحَكِيمُ بْنُ حِزَامٍ، وَبُدَيْلُ بْنُ وَرْقَاءَ يَلْتَمِسُونَ الْخَبَرَ. فَأَقْبَلُوا يَسِيرُونَ حَتَّى أَتَوْا مَرَّ الظَّهْرَانِ. فَإِذَا هُمْ بِنِيرَانٍ كَأَنَّهَا نِيرَانُ عَرَفَةَ. فَقَالَ أَبُو سُفْيَانُ: مَا هَذِهِ؟ لَكَأَنَّهَا نِيرَانُ عَرَفَةَ؛ فَقَالَ بُدَيْلُ بْنُ وَرْقَاءَ: نِيرَانُ بَنِي عَمْرٍو. فَقَالَ أَبُو سُفْيَانَ: بَنُو عَمْرٍو أَقَلُّ مِنْ ذَلِكَ. فَرَآهُمْ نَاسٌ مِنْ حَرَسِ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَأَدْرَكُوهُمْ فَأَخَذُوهُمْ، فَأَتَوْا بِهِمْ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَأَسْلَمَ أَبُو سُفْيَانَ. فَلَمَّا سَارَ قَالَ لِلْعَبَّاسِ: اِحْبِسْ أَبَا سُفْيَانُ عِنْدَ خَطْمِ الْجَبَلِ حَتَّى يَنْظُرَ إِلَى الْمُسْلِمِينَ. فَحَبَسَهُ الْعَبَّاسُ فَجَعَلَتِ الْقَبَائِلُ تَمُرُّ مَعَ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ كَتِيبَةً كَتِيبَةً عَلَى أَبِي سُفْيَانَ. فَمَرَّتْ كَتِيبَةٌ. فَقَالَ: يَا عَبَّاسُ مَنْ هَذِهِ؟ قَالَ: هَذِهِ غِفَارٌ. فَقَالَ: مَالِي وَلِغِفَارٍ. ثُمَّ مَرَّتْ جُهَيْنَةُ. فَقَالَ: مِثْلَ ذَلِكَ، ثُمَّ مَرَّتْ سَعْدُ بْنُ هُذَيْمٍ، فَقَالَ: مِثْلَ ذَلِكَ، وَمَرَّتْ سُلَيْمٌ. فَقَالَ: مِثْلَ ذَلِكَ حَتَّى أَقْبَلَتْ كَتِيبَةٌ لَمْ يَرَ مِثْلَهَا. فَقَالَ: يَا عَبَّاسُ مَنْ هَذِهِ؟ قَالَ: هَؤُلَاءِ الْأَنْصَارُ عَلَيْهِمْ سَعْدُ بْنُ عُبَادَةَ مَعَهُ الرَّايَةُ. فَقَالَ سَعْدٌ: يَا أَبَا سُفْيَانَ الْيَوْمُ يَوْمُ الْمَلْحَمَةِ، الْيَوْمَ تُسْتَحَلُّ الْكَعْبَةُ. فَقَالَ أَبُو سُفْيَانُ: يَا عَبَّاسُ، حَبَّذَا يَوْمُ الذِّمَارِ. ثُمَّ جَاءَتْ كَتِيبَةٌ وَهِيَ أَقَلُّ الْكَتَائِبِ، فِيهِمْ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَأَصْحَابُهُ، وَرَايَةُ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ مَعَ الزُّبَيْرِ بْنِ الْعَوَّامِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فَلَمَّا مَرَّ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ بِأَبِي سُفْيَانَ قَالَ: أَلَمْ تَعْلَمْ مَا قَالَ سَعْدُ بْنِ عُبَادَةَ؟ قَالَ: مَا قَالَ؟ قَالَ: كَذَا وَكَذَا. فَقَالَ كَذَبَ سَعْدُ بْنُ عُبَادَةَ، وَلَكِنْ هَذَا يَوْمٌ يُعَظِّمُ اللَّهُ فِيهِ الْكَعْبَةَ وَيَوْمٌ تُكْسَى فِيهِ الْكَعْبَةُ، وَأَمَرَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَنْ تُرْكَزَ رَايَتُهُ بِالْحَجُونِ، وَأَمَرَ خَالِدَ بْنَ الْوَلِيدِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنْ يَدْخُلَ مِنْ أَعْلَى مَكَّةَ مِنْ كَدَاءٍ، وَدَخَلَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ مِنْ كُدًا. فَقُتِلَ مِنْ خَيْلِ خَالِدٍ يَوْمَئِذٍ رَجُلَانِ: حُبَيْشُ بْنُ الْأَشْعَرِ، وَكُرْزُ بْنُ جَابِرٍ الْفِهْرِيُّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيّ. «خَطْمُ الْجَبَلِ» بِالْخَاءِ الْمُعْجَمَةِ: أَنْفُهُ النَّادِرُ مِنْهُ، وَحَطْمُ الْخَيْلُ بِالْحَاءِ الْمُهْمَلَةِ وَالْخَيْلِ بِمُعْجَمَةِ ثُمَّ مُثَنَّاةٌ تَحْتَانِيَّةٌ هُوَ الْمَوْضِعُ الْمُتَضَايِّقُ الَّذِي تَنْحَطِمُ فِيهِ الْخَيْلُ وَيَحْطُمُ بَعْضُهَا بَعْضًا. وَذَلِكَ لِيُرَاهَا جَمِيعَهَا وَتَكْبُرُ فِي عَيْنِهِ». وَالذِّمَارُ» بِكَسْرِ الذَّالِ الْمُعْجَمَةِ: مَا يَلْزِمُكَ حِفْظُهُ مِمَّا يَتَعَلَّقُ بِكَ، وَالْمُرَادُ هُنَا بِهِ الْحَرْبُ لِأَنَّ الْإِنْسَانَ يُقَاتِلُ عَلَى مَا يَلْزَمُهُ حِفْظُهُ». وَالْكَتِيبَةُ» وَاحِدَةُ الْكَتَائِبِ وَهِيَ الْعَسَاكِرُ الْمُرَتَّبَةُ. وَ«الْمُلْحَمَةُ» الْحَرْبُ وَالْقِتَالُ الَّذِي يَخْلُصُ مِنْهُ». والْحَجُونُ» أَحَدُ جَبْلَيْ مَكَّةَ مِنْ جِهَةِ الْغَرْبِ وَالشِّمَالِ.

Қазақша аудармасы

Ұруа ибн Зубәйір (рахимаһуллаһ) былай дейді: «Меккені алу жылы Расулалла (с.а.с.) жолға шыққанда, хабар Құрайышқа жетті. Әбу Суфиян ибн Харб, Хаким ибн Хизам және Будайл ибн Уарқа хабар білуге қаладан шықты. Марр әз-Заһранға дейін барды. Қараса, айнала толған от, Арафатта қажылар жаққан от секілді. Әбу Суфиян: “Мынау не? Арафаттың оттарынан аумайды ғой!” – деді. Будайл: “Бәни Амрдың оты шығар?” – деді. Әбу Суфиян: “Бәни Амрдың оттары бұдан аз болар еді”, – деді. Расулалланың (с.а.с.) сақшылары оларды көріп, ұстап алып, Расулаллаға (с.а.с.) әкелді. Әбу Суфиян Исламды қабылдады.

Әскер жүрерде Расулалла (с.а.с.) Аббасқа (р.а.): “Әбу Суфиянды таудың биік тұсына шығарып, мұсылмандарды көрсет”, – деді. Аббас Әбу Суфиянды сол жерде кідіртті. Тайпалар Расулалламен (с.а.с.) бірге топ-тобымен алдынан өтіп жатты. Бір топ өткенде Әбу Суфиян: “Уа, Аббас! Бұлар кім?” – деп сұрады. “Бәни Ғыфар”, – деді Аббас. “Ғыфармен не шаруам бар?” – деді ол. Жуһайна, Сағд ибн Һузайм және Сүләйм тайпалары өткенде де солай сұрап, солай жауап берді. Содан соң өзгелерге ұқсамайтын бір топ өтті. “Уа, Аббас! Мыналар кім?” – деді ол. “Бұлар – ансарлар. Туды олардың қолбасшысы Сағд ибн Убада ұстап тұр”, – деді Аббас. Сағд: “Уа, Әбу Суфиян, бүгін – шайқас күні! Бүгін Қағбаның тыйымы алынатын күн!”1 – деді. Әбу Суфиян Аббасқа: “Уа, Аббас, Меккені қорғайтын күнің осы. Қаланы қорға”, – деді. Одан кейін адам саны ең аз топ өтті. Араларында Расулалла (с.а.с.) мен жақын сахабалары бар еді. Туын Зубәйір ибн әл-Аууам (р.а.) ұстаған. Расулалла (с.а.с.) өтіп бара жатқанда, Әбу Суфиян: “Сағд ибн Убаданың не айтқанын білесіз бе?” – деп сұрады. “Не айтты?” – деді Расулалла (с.а.с.). Әбу Суфиян оның сөзін жеткізді. Расулалла (с.а.с.): “Сағд қателесіпті. Бүгін – Алла Қағбаның абыройын асырған күн, Қағбаға жамылғы жабылатын күн”, – деді. Туды Меккенің солтүстік-батысындағы әл-Хажунға тігуді, ал Халид ибн Уәлидке қаланың жоғарғы жағындағы Кәдадан кіруді бұйырды. Расулалланың (с.а.с.) өзі Кудадан кірді.

Сол күні Халид ибн Уәлидтің атты әскерінен Хубайш ибн әл-Әшғар және Курз ибн Жәбир әл-Фиһри (р.а.) қаза тапты».2

  1. 1Бұхари, «Жорықтар», № 4280. Уруа жеткізген риуаятта бұл сөзді Сағд ибн Убада айтқан.
  2. 2Бұхари, «Мағази», № 4280. Ибн Хажар көрсеткен өзге сахих риуаяттарда Халидтің Меккенің төменгі жағынан, ал Расулалланың (с.а.с.) жоғары жағынан кіргені айтылады. Қараңыз: Ибраһим Жанан, 12-том, 249-сноска.
4279
Кутуб ситтә, № 4279 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «جَاءَ الْعَبَّاسُ بِأَبِي سُفْيَانَ بْنِ حَرْبٍ فَأَسْلَمَ بِمَرِّ الظَّهْرَانِ. فَقَالَ الْعَبَّاسُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ! إِنَّ أَبَا سُفْيَانَ رَجُلٌ يُحِبُّ الْفَخْرَ فَلَوْ جَعَلْتَ لَهُ شَيْئًا. قَالَ: نَعَمْ. مَنْ دَخَلَ دَارَ أَبِي سُفْيَانَ فَهُوَ آمِنٌ، وَمَنْ أَغْلَقَ بَابَهُ فَهُوَ آمِنٌ، وَمَنْ أَلْقَى سِلَاحَهُ فَهُوَ آمِنٌ، وَمَنْ دَخَلَ الْمَسْجِدَ فَهُوَ آمِنٌ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Аббас (р.а.) Әбу Суфиян ибн Харбты алып келді. Ол Марр әз-Заһранда Исламды қабылдады. Аббас (р.а.): “Уа, Алланың елшісі! Әбу Суфиян абыройын асырғанды ұнатады. Оған бір мәртебе берсеңіз”, – деді. Расулалла (с.а.с.): “Кім Әбу Суфиянның үйіне кірсе, аман. Кім өз есігін жауып алса, аман. Кім қаруын тастаса, аман. Кім мешітке кірсе, аман”, – деді».1

  1. 1Әбу Дәуіт, «Хараж», № 3021–3022.
4280
Кутуб ситтә, № 4280 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «دَخَلَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ مَكَّةَ يَوْمَ الْفَتْحِ عَلَى رَأْسِهِ الْمِغْفَرُ فَلَمَّا نَزَعَهُ جَاءَ رَجُلٌ. فَقَالَ: ابْنُ خَطَلٍ مُتَعَلِّقٌ بِأَسْتَارِ الْكَعْبَةِ. فَقَالَ: اقْتُلُوهُ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай дейді: «Расулалла (с.а.с.) Мекке алынған күні қалаға басына дулыға киіп кірді. Дулығасын шешкенде бір кісі келіп: “Ибн Хатал Қағбаның жамылғысына жармасып тұр”, – деді. Расулалла (с.а.с.): “Оны өлтіріңдер”, – деп бұйырды».1

  1. 1Бұхари, «Мағази», № 4286, сондай-ақ «Жаза әс-сайд», 18, «Жиһад», 169, «Либас», 17. Мүслим, «Хаж», № 1357. Мәлик, «Муатта», «Хаж», 247 (1/423). Әбу Дәуіт, «Жиһад», № 2685. Тирмизи, «Жиһад», № 1693. Нәсәи, «Хаж», 107 (5/201).
4281
Кутуб ситтә, № 4281 · тараудағы реті: 6

وَعَنْ سَعْدِ بْنِ أَبِي وَقَّاصٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «لَمَّا كَانَ يَوْمُ الْفَتْحِ أَمَّنَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ النَّاسَ إِلَّا أَرْبَعَةَ نَفَرٍ وَامْرَأَتَيْنِ. فِيهِمُ ابْنُ أَبِي السَّرْحِ فَاخْتَبَأَ عِنْدَ عُثْمَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ. فَلَمَّا دَعَا رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ النَّاسَ إِلَى الْبَيْعَةِ جَاءَ بِهِ عُثْمَانُ حَتَّى وَقَّفَهُ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ. قَالَ: يَا نَبِيَّ اللَّهِ بَايِعْ عَبْدَ اللَّهِ؛ فَرَفَعَ رَأْسَهُ فَنَظَرَ إِلَيْهِ ثَلَاثًا، كُلُّ ذَلِكَ يَأْبَى أَنْ يُبَايِعَهُ ثُمَّ بَايَعَهُ بَعْدَ الثَّالِثَةِ. ثُمَّ أَقْبَلَ عَلَى أَصْحَابِهِ فَقَالَ: أَمَا كَانَ فِيكُمْ رَجُلٌ رَشِيدٌ يَقُومُ إِلَى هَذَا حِينَ رَآنِي كَفَفْتُ يَدِي عَنْ بَيْعَتِهِ فَيَقْتُلُهُ. فَقَالُوا: مَا نَدْرِي مَا فِي نَفْسِكَ، أَلَا أَوْمَأْتَ إِلَيْنَا بِعَيْنِكَ فَقَالَ: إِنَّهُ لَا يَنْبَغِي لِنَبِيٍّ أَنْ تَكُونَ لَهُ خَائِنَةُ الْأَعْيُنِ. قَالَ أَبُو دَاوُدَ: وَكَانَ عَبْدُ اللَّهِ أَخَا عُثْمَانَ مِنَ الرَّضَاعَةِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ. «الرَّشِيدُ» اللَّبِيبُ العَاقِلُ الْفَطَنُ. وَ«خَائِنَةُ الْأَعْيُنِ» كِنَايَةٌ عَنْ الرَّمْزِ وَالإِشَارَةِ.

Қазақша аудармасы

Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.) былай дейді: «Мекке алынған күні Расулалла (с.а.с.) төрт еркек пен екі әйелден өзге жұртқа амандық берді. Төрт еркектің бірі Ибн Әбу Сарх еді. Ол Османды (р.а.) паналады. Расулалла (с.а.с.) жұртты серт беруге шақырғанда, Осман (р.а.) оны ертіп келіп: “Уа, Алланың елшісі, Абдулладан да серт алыңыз”, – деді. Расулалла (с.а.с.) басын үш рет көтеріп, оған қарады. Үшеуінде де серт алуға қолын бермеді.

Үш реттен кейін оның сертін қабылдады. Содан соң сахабаларына бұрылып: “Серт алуға қолымды бермей тұрғанымды көргенде, араларыңнан орнынан тұрып, оны өлтірер ақыл-есті бір кісі шықпады ма?” – деді. Сахабалар: “Ішіңіздегі ойды қайдан білейік? Көзіңізбен ишара берсеңізші”, – деді. Расулалла (с.а.с.): “Пайғамбарға көзбен жасырын қиянат білдіру жараспайды”, – деді». Әбу Дәуіт: «Абдулла Османның (р.а.) емшектес бауыры еді»1, – дейді.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Жиһад», № 2683. Нәсәи, «Тахрим әд-дам», № 4067 (7/105–106).
4282
Кутуб ситтә, № 4282 · тараудағы реті: 7Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «دَخَلَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَوْمَ الْفَتْحِ وَحَوْلَ الْبَيْتِ سِتُّونَ وَثَلَاثُمِائَةِ نُصُبٍ فَجَعَلَ يَطْعُنُهَا بِعُودٍ فِي يَدِهِ، وَيَقُولُ: جَاءَ الْحَقُّ وَزَهَقَ الْبَاطِلُ. إِنَّ الْبَاطِلَ كَانَ زَهُوقًا. جَاءَ الْحَقُّ وَمَا يُبْدِئُ الْبَاطِلُ وَمَا يُعِيدُ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالتِّرْمِذِيُّ. «النُّصُبُ» بِضَمِّ الصَّادِ وَسُكُونِهَا: الصَّنَمُ، وَجَمْعُهُ أَنْصَابٌ.

Қазақша аудармасы

Ибн Мәсғуд (р.а.) былай дейді: «Расулалла (с.а.с.) Мекке алынған күні Харам мешітіне кірді. Бәйтулланың төңірегінде үш жүз алпыс пұт тұр еді. Ол қолындағы таяғымен пұттарды түртіп: ﴿جَاءَ الْحَقُّ وَزَهَقَ الْبَاطِلُ ۚ إِنَّ الْبَاطِلَ كَانَ زَهُوقًا﴾ “Ақиқат келді, жалған ізім-қайым жоғалды. Расында, жалған – баянсыз” (“Исра” сүресі, 81-аят), ﴿جَاءَ الْحَقُّ وَمَا يُبْدِئُ الْبَاطِلُ وَمَا يُعِيدُ﴾ “Ақиқат келді! Ал жалғанның дәурені тайды, енді жаңғыра да, қайта орала да алмайды!” (“Сәбә” сүресі, 49-аят), – деп оқып жатты».1

  1. 1Бұхари, «Мағази», № 4287, «Тәпсір», № 4720, сондай-ақ «Мазалим», 32. Мүслим, «Жиһад», № 1781. Тирмизи, «Тәпсір», № 3138.
4283
Кутуб ситтә, № 4283 · тараудағы реті: 8Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَمَرَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ عُمَرَ بْنَ الْخَطَّابِ زَمَنَ الْفَتْحِ وَهُوَ بِالْبَطْحَاءِ أَنْ يَأْتِيَ الْكَعْبَةَ فَيَمْحُوَ كُلَّ صُورَةٍ فِيهَا. وَلَمْ يَدْخُلْهَا النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ حَتَّى مُحِيَتْ كُلُّ صُورَةٍ فِيهَا». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай дейді: «Мекке алынған күні Расулалла (с.а.с.) Батхада тұрған кезде Омар ибн әл-Хаттабқа (р.а.) Қағбаға барып, ішіндегі суреттерді өшіруді тапсырды. Суреттер түгел өшірілмейінше, өзі Қағбаға кірмеді».1

  1. 1Әбу Дәуіт, «Либас», № 4156.
4284
Кутуб ситтә, № 4284 · тараудағы реті: 9Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «أَقْبَلَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَوْمَ الْفَتْحِ مِنْ أَعْلَى مَكَّةَ عَلَى رَاحِلَتِهِ، مُرْدِفًا أُسَامَةَ بْنِ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا. وَمَعَهُ بِلَالٌ وَعُثْمَانُ بْنُ طَلْحَةَ مِنَ الحَجَبَةِ حَتَّى أَنَاخَ بِالْمَسْجِدِ فَأَمَرَهُ أَنْ يَأْتِيَ بِمِفْتَاحِ الْبَيْتِ. فَذَهَبَ عُثْمَانُ إِلَى أُمِّهِ فَأَبَتْ أَنْ تُعْطِيَهُ الْمِفْتَاحَ. فَقَالَ: وَاللَّهِ لَتُعْطِيَنَّهُ أَوْ لَيَخْرُجَنَّ هَذَا السَّيْفُ مِنْ صُلْبِي. فَأَعْطَتْهُ إِيَّاهُ. فَجَاءَ بِهِ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، فَدَخَلَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَمَعَهُ أُسَامَةُ وَبِلَالٌ وَعُثْمَانُ، فَمَكَثَ فِيهِ نَهَارًا طَوِيلًا ثُمَّ خَرَجَ فَاسْتَبَقَ النَّاسُ، فَكَانَ عَبْدُ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ أَوَّلَ مَنْ دَخَلَ، فَوَجَدَ بِلَالًا وَرَاءَ الْبَابِ قَائِمًا. فَسَأَلَهُ: أَيْنَ صَلَّى النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ؟ فَأَشَارَ إِلَى الْمَكَانِ الَّذِي صَلَّى فِيهِ. قَالَ عَبْدُ اللَّهِ: فَنَسِيتُ أَنْ أَسْأَلَهُ، كَمْ صَلَّى مِنْ سَجْدَةٍ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ. «الْحَجَبَةُ» جَمْعُ حَاجِبٍ، وَهُوَ سَادِنُ الْبَيْتِ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Мекке алынған күні Расулалла (с.а.с.) түйемен қаланың жоғарғы жағынан кірді. Артына Усама ибн Зәйдті (р.а.) мінгестірген еді. Біләл (р.а.) мен Қағбаның кілтін ұстаушы Осман ибн Талха да қасында болды. Харам мешітіне жетіп, түйесін шөктірді. Османға Қағбаның кілтін әкелуді тапсырды. Осман анасына барды. Анасы кілтті бергісі келмеді. Осман: “Алламен ант етейін, не кілтті бересіз, не мына қылыш қынынан суырылады”, – деді. Анасы кілтті берді. Осман әкелген соң, Расулалла (с.а.с.) есікті ашып, Бәйтуллаға кірді. Усама, Біләл мен Осман да кірді. Күндіз ішінде біраз болып, содан соң сыртқа шықты. Жұрт ішке кіруге ұмтылды. Бірінші болып Абдулла ибн Омар кірді. Біләл (р.а.) есіктің артында тұр екен. Абдулла: “Расулалла (с.а.с.) қай тұста намаз оқыды?” – деп сұрады. Біләл оның намаз оқыған орнын нұсқады». Абдулла: «Қанша рәкат оқығанын сұрауды ұмытыппын»1, – дейді.

  1. 1Бұхари, «Мағази», № 4289, «Жиһад», № 2988, сондай-ақ «Салат», 30, 81, 96, «Тәһәжжуд», 25, «Хаж», 51, 52. Мүслим, «Хаж», № 1329.
4285
Кутуб ситтә, № 4285 · тараудағы реті: 10Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «لَمَّا فَتَحَ اللَّهُ عَلَى رَسُولِهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ مَكَّةَ، قَامَ فِي النَّاسِ فَحَمِدَ اللَّهَ وَأَثْنَى عَلَيْهِ، وَقَالَ: إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى حَبَسَ عَنْ مَكَّةَ الْفِيلَ، وَسَلَّطَ عَلَيْهَا رَسُولَهُ وَالْمُؤْمِنِينَ، وَإِنَّهَا لَمْ تَحِلَّ لِأَحَدٍ قَبْلِي، وَإِنَّهَا إِنَّمَا حَلَّتْ لِي سَاعَةً مِنْ نَهَارٍ، وَإِنَّهَا لَنْ تَحِلَّ لِأَحَدٍ بَعْدِي. فَلَا يُنَفَّرُ صَيْدُهَا، وَلَا يُخْتَلَى شَوْكُهَا، وَلَا يُقْطَعُ شَجَرُهَا، وَلَا تَحِلُّ لُقَطَتُهَا إِلَّا لِمُنْشِدٍ، وَمَنْ قُتِلَ لَهُ قَتِيلٌ فَهُوَ بِخَيْرِ النَّظَرَيْنِ إِمَّا أَنْ يُفْدَى، وَإِمَّا أَنْ يُقَادَ. فَقَالَ الْعَبَّاسُ: إِلَّا الْإِذْخِرَ يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَإِنَّا نَجْعَلُهُ فِي قُبُورِنَا وَبُيُوتِنَا. فَقَالَ: إِلَّا الْإِذْخِرَ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَأَبُو دَاوُدَ. «شَوْكُهَا» الْعُشْبُ. وَ«اخْتِلَاؤُهُ» قَطْعُهُ. وَقَوْلُهُ: «لَا تَحِلُّ لُقَطَتُهَا إِلَّا لِمُنْشِدٍ» أَيْ لِمُعَرِّفٍ لَهَا عَلَى الدَّوَامِ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Алла Тағала елшісіне (с.а.с.) Меккені алуды нәсіп еткенде, ол халықтың алдына шығып, Аллаға мадақ айтып, былай деді: “Алла Меккеге пілді кіргізбей, оны қорғады. Кейін Өз елшісі мен мүміндеріне меккеліктерден үстемдік берді. Меккеде соғысу менен бұрын ешкімге рұқсат етілмеген. Маған да бір күннің бір мезгілінде ғана рұқсат етілді. Менен кейін ешкімге рұқсат етілмейді. Мұнда аң үркітілмесін, шөп жұлынбасын, ағаш кесілмесін. Табылған затты иесін іздеу үшін ғана алуға болады. Жақыны өлтірілген адам екі істің бірін таңдай алады: не құн алады, не қысас талап етеді”. Аббас (р.а.): “Уа, Алланың елшісі! Изхир шөбін бұл тыйымнан тыс қалдырыңыз. Оны қабірімізге де, үйімізге де пайдаланамыз”, – деді. Расулалла (с.а.с.): “Изхирге бұл тыйым жүрмейді”, – деді».1

  1. 1Бұхари, «Луқата», № 2434, сондай-ақ «Илім», 39, «Дият», 8. Мүслим, «Хаж», № 1355. Әбу Дәуіт, «Мәнәсик», № 2017.
4286
Кутуб ситтә, № 4286 · тараудағы реті: 11

وَعَن وَهْبٍ قَالَ: «سَأَلْتُ جَابِرًا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: هَلْ غَنِمُوا يَوْمَ الْفَتْحِ شَيْئًا؟ قَالَ: لَا». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Уаһб (рахимаһуллаһ) былай дейді: «Жәбирден (р.а.): “Мекке алынған күні олжа таратылды ма?” – деп сұрадым. “Жоқ”, – деді».1

  1. 1Әбу Дәуіт, «Хараж», № 3023.
4287
Кутуб ситтә, № 4287 · тараудағы реті: 12Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «دَخَلَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ مَكَّةَ وَلِوَاؤُهُ أَبْيَضُ وَعَلَيْهِ عِمَامَةٌ سَوْدَاءُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай дейді: «Расулалла (с.а.с.) Меккеге кіргенде, туы ақ, басындағы сәлдесі қара еді».1

Түсіндірме

Бұл кітапта Меккенің алынуына қатысты он екі риуаят келтірілген. Олардағы түсіндіруді қажет ететін тұстарға ретімен тоқталамыз. Әуелі Меккенің алыну барысын тарихи оқиға ретінде қысқаша баяндаймыз.

  1. 1Ақ ту туралы: Әбу Дәуіт, «Жиһад», № 2592, Тирмизи, «Жиһад», № 1679. Қара сәлде туралы: Тирмизи, «Либас», № 1735.