وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «أَقْبَلَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَوْمَ الْفَتْحِ مِنْ أَعْلَى مَكَّةَ عَلَى رَاحِلَتِهِ، مُرْدِفًا أُسَامَةَ بْنِ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا. وَمَعَهُ بِلَالٌ وَعُثْمَانُ بْنُ طَلْحَةَ مِنَ الحَجَبَةِ حَتَّى أَنَاخَ بِالْمَسْجِدِ فَأَمَرَهُ أَنْ يَأْتِيَ بِمِفْتَاحِ الْبَيْتِ. فَذَهَبَ عُثْمَانُ إِلَى أُمِّهِ فَأَبَتْ أَنْ تُعْطِيَهُ الْمِفْتَاحَ. فَقَالَ: وَاللَّهِ لَتُعْطِيَنَّهُ أَوْ لَيَخْرُجَنَّ هَذَا السَّيْفُ مِنْ صُلْبِي. فَأَعْطَتْهُ إِيَّاهُ. فَجَاءَ بِهِ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، فَدَخَلَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَمَعَهُ أُسَامَةُ وَبِلَالٌ وَعُثْمَانُ، فَمَكَثَ فِيهِ نَهَارًا طَوِيلًا ثُمَّ خَرَجَ فَاسْتَبَقَ النَّاسُ، فَكَانَ عَبْدُ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ أَوَّلَ مَنْ دَخَلَ، فَوَجَدَ بِلَالًا وَرَاءَ الْبَابِ قَائِمًا. فَسَأَلَهُ: أَيْنَ صَلَّى النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ؟ فَأَشَارَ إِلَى الْمَكَانِ الَّذِي صَلَّى فِيهِ. قَالَ عَبْدُ اللَّهِ: فَنَسِيتُ أَنْ أَسْأَلَهُ، كَمْ صَلَّى مِنْ سَجْدَةٍ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ. «الْحَجَبَةُ» جَمْعُ حَاجِبٍ، وَهُوَ سَادِنُ الْبَيْتِ.
Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Мекке алынған күні Расулалла (с.а.с.) түйемен қаланың жоғарғы жағынан кірді. Артына Усама ибн Зәйдті (р.а.) мінгестірген еді. Біләл (р.а.) мен Қағбаның кілтін ұстаушы Осман ибн Талха да қасында болды. Харам мешітіне жетіп, түйесін шөктірді. Османға Қағбаның кілтін әкелуді тапсырды. Осман анасына барды. Анасы кілтті бергісі келмеді. Осман: “Алламен ант етейін, не кілтті бересіз, не мына қылыш қынынан суырылады”, – деді. Анасы кілтті берді. Осман әкелген соң, Расулалла (с.а.с.) есікті ашып, Бәйтуллаға кірді. Усама, Біләл мен Осман да кірді. Күндіз ішінде біраз болып, содан соң сыртқа шықты. Жұрт ішке кіруге ұмтылды. Бірінші болып Абдулла ибн Омар кірді. Біләл (р.а.) есіктің артында тұр екен. Абдулла: “Расулалла (с.а.с.) қай тұста намаз оқыды?” – деп сұрады. Біләл оның намаз оқыған орнын нұсқады». Абдулла: «Қанша рәкат оқығанын сұрауды ұмытыппын»1, – дейді.
- 1Бұхари, «Мағази», № 4289, «Жиһад», № 2988, сондай-ақ «Салат», 30, 81, 96, «Тәһәжжуд», 25, «Хаж», 51, 52. Мүслим, «Хаж», № 1329.