Хадис

Кутуб ситтә, № 4282

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
595. Меккенің алынуы
Нөмірі
№ 4282 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 7
4282
Кутуб ситтә, № 4282 · тараудағы реті: 7Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «دَخَلَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَوْمَ الْفَتْحِ وَحَوْلَ الْبَيْتِ سِتُّونَ وَثَلَاثُمِائَةِ نُصُبٍ فَجَعَلَ يَطْعُنُهَا بِعُودٍ فِي يَدِهِ، وَيَقُولُ: جَاءَ الْحَقُّ وَزَهَقَ الْبَاطِلُ. إِنَّ الْبَاطِلَ كَانَ زَهُوقًا. جَاءَ الْحَقُّ وَمَا يُبْدِئُ الْبَاطِلُ وَمَا يُعِيدُ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالتِّرْمِذِيُّ. «النُّصُبُ» بِضَمِّ الصَّادِ وَسُكُونِهَا: الصَّنَمُ، وَجَمْعُهُ أَنْصَابٌ.

Қазақша аудармасы

Ибн Мәсғуд (р.а.) былай дейді: «Расулалла (с.а.с.) Мекке алынған күні Харам мешітіне кірді. Бәйтулланың төңірегінде үш жүз алпыс пұт тұр еді. Ол қолындағы таяғымен пұттарды түртіп: ﴿جَاءَ الْحَقُّ وَزَهَقَ الْبَاطِلُ ۚ إِنَّ الْبَاطِلَ كَانَ زَهُوقًا﴾ “Ақиқат келді, жалған ізім-қайым жоғалды. Расында, жалған – баянсыз” (“Исра” сүресі, 81-аят), ﴿جَاءَ الْحَقُّ وَمَا يُبْدِئُ الْبَاطِلُ وَمَا يُعِيدُ﴾ “Ақиқат келді! Ал жалғанның дәурені тайды, енді жаңғыра да, қайта орала да алмайды!” (“Сәбә” сүресі, 49-аят), – деп оқып жатты».1

  1. 1Бұхари, «Мағази», № 4287, «Тәпсір», № 4720, сондай-ақ «Мазалим», 32. Мүслим, «Жиһад», № 1781. Тирмизи, «Тәпсір», № 3138.