Хадис

Кутуб ситтә, № 4507

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
675. Ислам үмбетінің артықшылығы
Нөмірі
№ 4507 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
4507
Кутуб ситтә, № 4507 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِنَّمَا بَقَاؤُكُمْ فِيمَا سَلَفَ قَبْلَكُمْ مِنَ الْأُمَمِ كَمَا بَيْنَ صَلَاةِ الْعَصْرِ وَغُرُوبِ الشَّمْسِ، أُوتِيَ أَهْلُ التَّوْرَاةِ التَّوْرَاةَ فَعَمِلُوا بِهَا حَتَّى انْتَصَفَ النَّهَارُ. فَعَجِزُوا فَأُعْطُوا قِيرَاطًا قِيرَاطًا، ثُمَّ أُوتِيَ أَهْلُ الْإِنْجِيلِ الْإِنْجِيلَ فَعَمِلُوا إِلَى صَلَاةِ الْعَصْرِ فَعَجَزُوا فَأُعْطُوا قِيراطًا قِيراطًا، ثُمَّ أُوتِينَا الْقُرْآنَ فَعَمِلْنَا إِلَى غُرُوبِ الشَّمْسِ فَأُعْطَيْنَا قِيرَاطَيْنِ قِيرَاطَيْنِ. فَقَالَ أَهْلُ الْكِتَابَيْنِ: أَيْ رَبِّ، أَعْطَيْتَ هَؤُلَاءِ قِيرَاطَيْنِ قِيرَاطَيْنِ، وَأَعْطَيْتَنَا قِيرَاطًا قِيراطًا، وَنَحْنُ كُنَّا أَكْثَرَ عَمَلًا مِنْهُمْ؟ قَالَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: هَلْ ظَلَمْتُكُمْ مِنْ أَجْرِكُمْ شَيْئًا؟ قَالُوا: لَا. قَالَ: فَهُوَ فَضْلٌ أُوتِيهِ مَنْ أَشَاءُ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Өздеріңнен бұрынғы үмбеттермен салыстырғанда, сендердің дүниеде болар мерзімдерің екінті намазынан күн батқанға дейінгі уақыттай. Тәурат иелеріне Тәурат берілді. Олар түске дейін сонымен амал етіп, одан әрі жалғастыра алмады. Оларға бір қираттан ақы берілді. Інжіл иелеріне Інжіл берілді. Олар екінтіге дейін амал етіп, одан әрі шамалары жетпеді. Оларға да бір қираттан берілді. Содан кейін бізге Құран берілді. Біз күн батқанға дейін амал етеміз. Бізге екі қираттан берілді. Екі кітаптың иелері: “Уа, Раббымыз! Біз бұлардан көбірек еңбек еттік. Бізге бір қираттан, ал оларға екі қираттан бердің”, – деді. Алла: “Сендердің ақыларыңнан кеміттім бе?” – деп сұрады. Олар: “Жоқ”, – деді. Алла: “Олай болса, бұл – Менің кеңшілігім, оны қалағаныма беремін”, – деді»1.

  1. 1Бұхари, «Ижара», 8–9-тараулар, «Намаз уақыттары», 17-тарау, «Фазаил әл-Құран», №5021, «Тәухид», 31, 47-тараулар.