Хадис

Кутуб ситтә, № 4554

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
682. Зәйд ибн Амр ибн Нуфәйл
Нөмірі
№ 4554 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
4554
Кутуб ситтә, № 4554 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: «أَنَّهُ كَانَ يُحَدِّثُ عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ: أَنَّهُ لَقِيَ زَيْدَ بْنَ عَمْرِو بْنِ نُفَيْلٍ بِأَسْفَلِ بَلْدَحَ، وَذَلِكَ قَبْلَ أَنْ يَنْزِلَ الْوَحْيُ عَلَى النَّبِيِّ ﷺ. فَقُدِّمَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ سُفْرَةٌ فِيهَا لَحْمٌ فَأَبَى أَنْ يَأْكُلَ مِنْهَا فَقَدَّمَهَا إِلَى زَيْدٍ فَأَبَى. ثُمَّ قَالَ زَيْدٌ: إِنِّي لَا آكُلُ مِمَّا تَذْبَحُونَ عَلَى أَنْصَابِكُمْ. وَلَا آكُلُ إِلَّا مِمَّا ذُكِرَ اسْمُ اللَّهِ عَلَيْهِ، وَكَانَ يَعِيبُ عَلَى قُرَيْشٍ ذَبَائِحَهُمْ وَيَقُولُ: الشَّاةُ خَلَقَهَا اللَّهُ، وَأَنْزَلَ لَهَا مِنَ السَّمَاءِ الْمَاءَ، وَأَنْبَتَ لَهَا مِنَ الْأَرْضِ، وَأَنْتُمْ تَذْبَحُونَهَا عَلَى غَيْرِ اسْمِ اللَّهِ. إِنْكَارًا لِذَلِكَ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) жеткізеді: «Уахи түспей тұрған кезде Расулалла (с.а.с.) Бәлдахтың төменгі жағында Зәйд ибн Амр ибн Нуфәйлге жолықты. Расулаллаға ет салынған дастарқан ұсынылды. Ол еттен жемей, Зәйдке ұсынды. Зәйд те жеуден бас тартып: “Пұттарыңа арнап сойған малдың етін жемеймін. Алланың аты аталып сойылған малдың етін ғана жеймін”, – деді. Зәйд Құрайыштың мал сою салтын айыптап: “Қойды Алла жаратты. Оған көктен су түсіріп, жерден өсімдік өсірді. Ал сендер оны Алладан өзгенің атын атап соясыңдар”, – дейтін».1

  1. 1Бұхари, «Манақиб әл-ансар», №3826.