وَفِي رِوَايَةٍ: «أَنَّ زَيْدَ بْنَ عَمْرِو بْنِ نُفَيْلٍ خَرَجَ إِلَى الشَّامِ يَسْأَلُ عَنِ الدِّينِ وَيَتْبَعُهُ. فَلَقِيَ عَالِمًا مِنَ الْيَهُودِ فَسَأَلَهُ عَنْ دِينِهِمْ؛ وَقَالَ: إِنِّي لَعَلِّي أَنْ أَدِينَ دِينَكُمْ، فَأَخْبِرْنِي. فَقَالَ: لَا تَكُونُ عَلَى دِينِنَا حَتَّى تَأْخُذَ بِنَصِيبِكَ مِنْ غَضَبِ اللَّهِ. قَالَ زَيْدٌ: مَا أَفِرُّ إِلَّا مِنْ غَضَبِ اللَّهِ، وَلَا أَحْمِلُ مِنْ غَضَبِ اللَّهِ شَيْئًا أَبَدًا، وَأَنَّى أَسْتَطِيعُهُ، فَهَلْ تَدُلُّنِي عَلَى غَيْرِهِ؟ فَقَالَ: مَا أَعْلَمُهُ إِلَّا أَنْ يَكُونَ حَنِيفًا. قَالَ زَيْدٌ: وَمَا الْحَنِيفُ؟ قَالَ دِينُ إِبْرَاهِيمَ عَلَيْهِ السَّلَامُ، لَمْ يَكُنْ يَهُودِيًّا وَلَا نَصْرَانِيًّا وَلَا يَعْبُدُ إِلَّا اللَّهَ. فَخَرَجَ زَيْدٌ فَلَقِيَ عَالِمًا مِنْ عُلَمَاءِ النَّصَارَى، فَذَكَرَ لَهُ مِثْلَ ذَلِكَ. فَقَالَ: لَنْ تَكُونَ عَلَى دِينِنَا حَتَّى تَأْخُذَ بِنَصِيبِكَ مِنْ لَعْنَةِ اللَّهِ. قَالَ: مَا أَفِرُّ إِلَّا مِنْ لَعْنَةِ اللَّهِ، وَلَا أَحْمِلُ مِنْ لَعْنَةِ اللَّهِ شَيْئًا أَبَدًا وَأَنَّى أَسْتَطِيعُ فَهَلْ تَدُلُّنِي عَلَى غَيْرِهِ؟ فَقَالَ: مَا أَعْلَمُهُ إِلَّا أَنْ يَكُونَ حَنِيفًا. قَالَ: وَمَا الْحَنِيفُ؟ قَالَ: دِينُ إِبْرَاهِيمَ، لَمْ يَكُنْ يَهُودِيًّا وَلَا نَصْرَانِيًّا وَلَا يَعْبُدُ إِلَّا اللَّهَ. فَلَمَّا رَأَى زَيْدٌ قَوْلَهُمْ فِي إِبْرَاهِيمَ خَرَجَ. فَلَمَّا بَرَزَ رَفَعَ يَدَيْهِ. فَقَالَ: اللَّهُمَّ إِنِّي أُشْهِدُكَ أَنِّي عَلَى دِينِ إِبْرَاهِيمَ عَلَيْهِ السَّلَامُ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.
Басқа риуаятта былай делінген: «Зәйд ибн Амр ибн Нуфәйл дінді іздеп, соны ұстану үшін Шамға барды. Ол бір яһуди ғалымына жолығып, діні жайында сұрады:
– Бәлкім, дініңізді ұстанармын. Ол жайында айтып беріңізші, – деді. Яһуди ғалым:
– Алланың қаһарынан үлес алмайынша, біздің дінімізге кіре алмайсың, – деді. Зәйд:
– Мен Алланың қаһарынан қашып жүрмін. Оның қаһарынан еш үлес алмаймын. Оған қалай шыдайын?. Маған басқа дінді көрсете аласыз ба? – деп сұрады. Яһуди ғалым:
– Ханиф дінінен басқасын білмеймін, – деп жауап берді. Сонда Зәйд:
– Ханиф деген не? – деп сұрады. Яһуди ғалым былай деді:
– Ол – Ибраһимнің (а.с.) діні. Ибраһим яһуди де, христиан да болмаған. Ол тек Аллаға құлшылық еткен. Зәйд одан кетіп, бір христиан ғалымын кездестірді. Оған да осы сұрақтарды қойды. Ол:
– Алланың лағынетінен үлес алмайынша, біздің дінімізге кіре алмайсың, – деп жауап берді. Зәйд:
– Мен Алланың лағынетінен қашып жүрмін. Оның лағынетінен еш үлес алмаймын. Оған қалай шыдайын?. Маған басқа дінді көрсете аласыз ба?
– Ханиф дінінен басқасын білмеймін.
– Ханиф деген не?
– Ол – Ибраһимнің (а.с.) діні. Ибраһим яһуди де, христиан да болмаған. Ол тек Аллаға құлшылық еткен.
Зәйд екеуінің Ибраһим жайындағы сөздерін естіген соң кетіп қалды. Ашық жерге шыққанда, қолын жайып:
– Уа, Алла, Ибраһимнің (а.с.) дінінде екеніме Өзіңді куә етемін, – деді».1
«الْحَنِيفُ» الْمَائِلُ، وَهُوَ فِي الْوَضْعِ الشَّرْعِيِّ: الْمَائِلُ عَنِ الْأَدْيَانِ كُلَّهَا إِلَى دِينِ الْإِسْلَامِ.
- 1Бұхари, Манақибул-Ансар 24, Зәбаих 16.