Хадис

Кутуб ситтә, № 4595

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
692. Меккенің артықшылығы
Нөмірі
№ 4595 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 20
4595
Кутуб ситтә, № 4595 · тараудағы реті: 20Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.)

وَعَنْ اِبْنِ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: اتْرُكُوا الْحَبَشَةَ مَا تَرَكُوكُمْ فَإِنَّهُ لَا يَسْتَخْرِجُ كَنْزَ الْكَعْبَةِ إِلَّا ذُو السُّوَيْقَتَيْنِ مِنَ الْحَبَشَةِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Хабаштықтар сендерге тиіспесе, сендер де оларға тиіспеңдер. Қағбаның қазынасын балтыры жіңішке хабаштық ғана қазып шығарады”, – деді».1

Түсіндірме

اَلْكَنْزُ» اَلْمَالُ الْمَخْبُوءُ، وَالْمُرَادُ بِهِ مَالُ الْكَعْبَةِ الَّذِي كَانَ مُعِدًّا لَهَا مِنَ النُّذُورِ الْقَدِيمَةِ وَغَيْرِهَا.

Хадисте хабаштықтар мұсылмандарға тиіспейінше, мұсылмандарға да оларға тиіспеу бұйырылған.

Суюти былай дейді: «Халими мен кейбір ғалымдардың айтуынша, Суайқатайн Иса пайғамбар (а.с.) жерге түсіп, Яжуж бен Мәжуж жойылғаннан кейін пайда болады. Иса пайғамбар (а.с.) оған қарсы жеті жүз не сегіз жүз адамнан тұратын жасақ жібереді. Жасақ оған таяғанда, Алла Тағала Йемен жақтан хош иісті жел жібереді. Сол жел барша мүміннің жанын алады».

  1. 1Әбу Дәуіт, Мәлаһим, 11 (4309).