عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «حَرَّمَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ الْمَدِينَةَ مَا بَيْنَ كَذَا إِلَى كَذَا. فَمَنْ أَحْدَثَ فِيهَا حَدَثًا فَعَلَيْهِ لَعْنَةُ اللَّهِ وَالْمَلَائِكَةِ وَالنَّاسِ أَجْمَعِينَ. لَا يَقْبَلُ اللَّهُ مِنْهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ صَرْفًا وَلَا عَدْلًا». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ.
Қазақша аудармасы
Әзірет Әнәс (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) Мәдинаны мына жерден ана жерге дейін харам аймақ деп жариялады. Кімде-кім сол жерде теріс іс жасаса, оған Алланың, періштелердің және барша адамның лағынеті болады. Алла қиямет күні одан парыз да, нәпіл де қабылдамайды».1
- 1Бұхари, Фазаилул-Мәдина 1, Итисам 6; Мүслим, Хажж 462, 463, 464, (1365, 1366, 1367).