Хадис

Кутуб ситтә, № 4635

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
703. Ашшар мешіті
Нөмірі
№ 4635 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
4635
Кутуб ситтә, № 4635 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى يَبْعَثُ مِنْ مَسْجِدِ الْعَشَّارِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ شُهَدَاءَ لَا يَقُومُ مَعَ شُهَدَاءِ بَدْرٍ غَيْرُهُمْ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ. وَقَالَ: «الْمَسْجِدُ بِأُبُلَّةٍ مِمَّا يَلِي النَّهْرَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.): “Алла Тағала қиямет күні Ашшар мешітінен бір топ шейітті қайта тірілтеді. Бәдір шейіттерімен бірге солар ғана көтеріледі”, – дегенін естідім».1

Әбу Дәуіт: «Ашшар – Үбулләдағы өзеннің дәл жанындағы мешіт», – дейді.

Түсіндірме

1. Риуаяттың Әбу Дәуіт жинағындағы нұсқасы сәл ұзағырақ. Ибраһим ибн Салих ибн Дирһам әкесінен мына сөзді жеткізеді: «Қажылыққа ниет етіп келген едік. Бір кісіге жолықтық. Танысып, қай жерден келгенімізді білген соң, ол: “Сендерге жақын жерде Үбуллә деген елді мекен бар ғой?” – деп сұрады. Біз: “Иә”, – дедік. Ол: “Араларыңнан кім сол жердегі Ашшар мешітінде менің атымнан екі не төрт рәкат намаз оқып, ‘Бұл – Әбу Һурайра үшін’, – деуге уәде береді?” – деді де, сөзін былай жалғады: “Сүйіктім Әбул Қасымның (с.а.с.): ‘Алла қиямет күні Ашшар мешітінен бір топ шейітті тірілтеді. Бәдір шейіттерімен бірге солар ғана көтеріледі’, – дегенін естідім”».

2. Үбуллә – Басраға жақын, теңіз жақтағы елді мекен. Риуаяттан көрінгендей, Ашшар – жұрт береке тілеп баратын әйгілі мешіт.

  1. 1Әбу Дәуіт, Мелахим 10 (4308).