وَعَنْ أَبِي الْأَسْوَدِ الدُّؤَلِيِّ قَالَ: أُتِيَ مُعَاذٌ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ بِمِيرَاثِ يَهُودِيٍّ فَوَرَّثَهُ ابْنًا لَهُ مُسْلِمًا وَقَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: الإِسْلَامُ يَزِيدُ وَلَا يَنْقُصُ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.
Әбу әл-Әсуәд әд-Дуәли былай деген: «Мұғазға (р.а.) бір яһудидің мұрасы жөнінде жүгінді. Ол марқұмның мұсылман ұлын мұрагер етіп: “Алла елшісі (с.а.с.): ‘Ислам артады, кемімейді’, – деген”, – деді».1
Түсіндірме
1. №4706 хадистің түсіндірмесінде Мұғаздың мұсылман адамға мұсылман емес кісіден мұра алу құқығын бергені айтылған. Ол бірі мұсылман, екіншісі яһуди екі бауырдың мұра дауында мұсылман бауырды да мұрагер деп таныған. Дәлелі – Алла елшісінің (с.а.с.) «الْإِسْلَامُ يَزِيدُ وَلَا يَنْقُصُ» деген сөзі. Бұл сөзге әртүрлі түсінік берілген.
• Ислам оны қабылдаған адамдармен көбейеді, одан шыққан адамдармен кемімейді.
• Ислам жаңа елдердің ашылуымен кеңейеді, мұсылман еместердің көбеюінен тарылмайды.
• Исламның үкімі жер жүзіне таралады. Соның бірі – мұсылманға Ислам үкімінің қолданылуы. Мұғаз осы сөзге сүйеніп, мұсылман кісі мұсылман емеске мұрагер бола алады, ал мұсылман емес кісі мұсылманға мұрагер бола алмайды деп үкім берген.
2. Кей нұсқада «Ислам үстем болады, одан ештеңе үстем болмайды» делінген. Бұл сөздер «Тәйсир» мәтінінде кездеспейтіндіктен, қосымша түсінік ретінде берілген.
- 1Әбу Дәуіт, Фараиз 10, (2912, 2913).