وَعَنْ بُرَيْدَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: أَتَى رَجُلٌ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: إِنَّ عِنْدِي مِيرَاثَ رَجُلٍ مِنَ الْأَزْدِ، وَلَسْتُ أَجِدُ أَزْدِيًّا أَدْفَعُهُ إِلَيْهِ. قَالَ: فَاذْهَبْ فَالْتَمِسْ أَزْدِيًّا حَوْلًا. قَالَ: فَأَتَاهُ بَعْدَ الْحَوْلِ فَقَالَ: لَمْ أَجِدْ أَزْدِيًّا أَدْفَعُهُ إِلَيْهِ. قَالَ: فاَنْطَلِقْ فَانْظُرْ أَوَّلَ خُزَاعِيٍّ تَلْقَاهُ فَادْفَعْهُ إِلَيْهِ. فَلَمَّا وَلَّى قَالَ: عَلَيَّ بِالرَّجُلِ. فَلَمَّا جَاءَهُ قَالَ: اُنْظُرْ كُبْرَ خُزَاعَةَ فَادْفَعْهُ إِلَيْهِ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.
Бурайда (р.а.) айтады: «Бір адам Алла елшісіне (с.а.с.) келіп: “Менде Әзд тайпасынан бір кісінің мирасы бар. Оны тапсыратын әздтік адам таппадым”, – деді. Алла елшісі (с.а.с.): “Барып, бір жыл бойы әздтік адам ізде”, – деді. Әлгі кісі бір жылдан соң келіп: “Мирасты беретін әздтік адам таба алмадым”, – деді. Сонда ол: “Барып, алдыңнан шыққан алғашқы хузағалыққа мүлікті бер”, – деді. Әлгі кісі бұрылып кеткенде: “Оны бері шақырыңдар”, – деді. Ол қайта келгенде: “Хузаға тайпасының үлкенін тауып, мүлікті соған бер”, – деді».1
Түсіндірме
Әзд – Йемендегі тайпаның аты. Ол арғы атасы Әзд ибн Ғаустың есімімен аталған. Ансарлардың да түп атасы – осы тайпа.
Хузаға Әзд тайпасының бір тармағы болғандықтан, әздтік адам табылмағанда мирас хузағалық кісіге берілсін деген.
«Ән-Ниһаяда» түсіндірілгендей, хадистегі «қауымның үлкені» деген сөз тайпаның түп атасына өзгелерден жақынырақ адамды білдіреді.
Кей ғалымдар осы хадистен кісінің Исламды қабылдауына себеп болған адам оған мұрагер бола алады деген үкім шығарған. Алайда ғалымдардың көпшілігі хадисті әлсіз деп санап, бұл тұжырымды қабылдамаған.
- 1Әбу Дәуіт, Фараиз 8, (2903, 2904).