Хадис

Кутуб ситтә, № 4746

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
724. Асабаның мирас алуы
Нөмірі
№ 4746 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 6
4746
Кутуб ситтә, № 4746 · тараудағы реті: 6Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: مَاتَ رَجُلٌ وَلَمْ يَدَعْ إِلَّا غُلَامًا لَهُ كَانَ أَعْتَقَهُ. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: هَلْ لَهُ أَحَدٌ؟ قَالُوا: لَا، إِلَّا غُلَامًا كَانَ أَعْتَقَهُ. فَجَعَلَ ﷺ مِيرَاثَهُ لَهُ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) айтады: «Бір кісі дүние салып, артында өзі азат еткен бір адам ғана қалды. Алла елшісі (с.а.с.): “Оның артында ешкімі бар ма?” – деп сұрады. Жұрт: “Жоқ, өзі азат еткен бір адам ғана бар”, – деді. Сонда Алла елшісі (с.а.с.) марқұмның мирасын сол адамға берді».1

Түсіндірме

Бұл хадис №4743 хадиспен мазмұндас. Мұрагері жоқ адамның мирасы оған ең жақын деп танылған адамға берілген. Шурайх пен Тауыс: «Азаттық берген адам өзге туысы жоқ азат етілген адамның мұрагері болғанындай, азаттық алған адам да өзге мұрагері жоқ азат етушінің мұрасын ала алады», – деген.

  1. 1Әбу Дәуіт, Фараиз 8 (2905); Тирмизи, Фараиз 14 (2107).