Хадис

Кутуб ситтә, № 4747

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
724. Асабаның мирас алуы
Нөмірі
№ 4747 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 7
4747
Кутуб ситтә, № 4747 · тараудағы реті: 7Риуаят етуші: Омар (р.а.)

وَعَنْ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: اَللَّقِيطُ حُرٌّ، وَمَالُهُ لِبَيْتِ الْمَالِ، وَكَذَا السَّائِبَةُ. أَخْرَجَهُ رَزِينُ.

Қазақша аудармасы

Омар (р.а.) айтады: «Лақит – азат адам, оның мүлкі мемлекет қазынасына өтеді. Саибәнің үкімі де сондай».1

Түсіндірме

Лақит – ата-анасының кім екені белгісіз табылған бала. Мешіт, бақша, шіркеу секілді қоғамдық орындардан табылған тастанды сәбилер осыған жатады. Мұндай баланы мемлекет қамқорлығына алуға тиіс. Құқық тұрғысынан ол азат адам саналады.

Жаһилият дәуірінде арабтар кейде құл азат еткенде: «Сені саибә ретінде босаттым», – дейтін. Осылай босатылған адамға ешкімнің уәлә құқығы жүрмейтін. Сөздің тілдік мағынасы жануарды еркіне жіберуге байланысты. Исламда құлды осы шартпен азат ету мәкруһ саналған.

  1. 1Рәзин хадисі. Бұл риуаят Бұхариде муаллақ түрде келген («Фараиз», 19-тарау).