Хадис

Кутуб ситтә, № 4824

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
738. Хажжаж
Нөмірі
№ 4824 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 3
4824
Кутуб ситтә, № 4824 · тараудағы реті: 3

وَعَنْ هِشَامِ بْنِ حَسَّانَ قَالَ: أَحْصَوْا مَا قَتَلَ الْحَجَّاجُ صَبْرًا فَبَلَغَ مِائَةَ أَلْفٍ وَعِشْرِينَ أَلْفَ قَتِيلٍ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Хишам ибн Хассан былай жеткізген: «Хажжаждың тұтқында ұстап өлтірткен адамдарының саны жүз жиырма мыңға жеткен»1.

Түсіндірме

«Сабран өлтіру» – ұрыс, төбелес үстінде немесе абайсызда болған өлімнен бөлек, қолға түскен кісіні әдейі өлтіру. Соғыс тұтқындары мен қылмыскерлерге қолданылған өлім жазасы да осыған жатады. Бұл риуаят Хажжаждың зұлымдығының қаншалық болғанын аңғартады.

  1. 1Тирмизи, «Фитән», 44 (2220, негізгі хадистен кейін келтірілген Хишам ибн Хассанның сөзі).