وَعَنْ ابْنِ الزُّبَيْرِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَضَى رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَنَّ الْخَصْمَيْنِ يَقْعُدَانِ بَيْنَ يَدَيِ الْحَكَمِ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.
Қазақша аудармасы
Ибн әз-Зубәйір (р.а.) айтады: «Алла елшісі (с.а.с.) даудың екі тарапы да қазының алдына отыруы керек деп үкім етті».1
Түсіндірме
Хадис бойынша, екі тарап та мұсылман болса, талапкер де, жауапкер де қазының алдында бір деңгейде отырады. Бірі мұсылман, екіншісі мұсылман болмаса, түсіндірмеде мұсылманның жоғарырақ отырғызылатыны айтылған.
- 1Әбу Дәуіт, «Ақдия», 8 (№ 3588).