وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: شَفَاعَتِي لِأَهْلِ الْكَبَائِرِ مِنْ أُمَّتِي. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ. وَزَادَ التِّرْمِذِيُّ: قَالَ جَابِرٌ: مَنْ لَمْ يَكُنْ مِنْ أَهْلِ الْكَبَائِرِ فَمَا لَهُ وَلِلشَّفَاعَةِ.
Жабир (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.): «Шапағатым үмбетімнің үлкен күнә жасағандарына арналады», – деген1.
Тирмизи Жабирдің (р.а.) мына сөзін қосып жеткізген: «Үлкен күнә жасамаған кісі шапағатты не етсін?»
Түсіндірме
Хадисте үлкен күнә жасағаны үшін тозаққа түсуге лайық болған адамның шапағат арқылы тозақтан аман қалатыны, «Лә иләһа иллаллаһ, Мұхаммадун расулуллаһ» дегендердің күнәсі үшін отқа түскендері де шапағат арқылы одан шығарылатыны айтылады. Тиби «Апатқа ұшырағандарды құтқаратын шапағатым үлкен күнә жасағандарға арналған» деп түсіндірген. Шапағатқа қатысты кеңірек мәліметті жалпы түсіндірмеде келтірдік.
- 1Тирмизи, «Қиямет», № 2436, Жабирдің риуаяты. Әбу Дәуіт, «Сүннет», № 4739, және Ибн Мәжа, «Зүһд», № 4310, Әнәстің риуаяттары.