Хадис

Кутуб ситтә, № 756

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
86. «Фатыр» сүресі
Нөмірі
№ 756 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
756
Кутуб ситтә, № 756 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ فِي هَذِهِ الْآيَةِ: ثُمَّ أَوْرَثْنَا الْكِتَابَ الَّذِينَ اصْطَفَيْنَا مِنْ عِبَادِنَا فَمِنْهُمْ ظَالِمٌ لِنَفْسِهِ وَمِنْهُمْ مُقْتَصِدٌ وَمِنْهُمْ سَابِقٌ بِالْخَيْرَاتِ بِإِذْنِ اللَّهِ، قَالَ: هَؤُلَاءِ كُلُّهُمْ بِمَنْزِلَةٍ وَاحِدَةٍ، وَكُلُّهُمْ فِي الْجَنَّةِ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ﴿ثُمَّ أَوْرَثْنَا ٱلْكِتَٰبَ ٱلَّذِينَ ٱصْطَفَيْنَا مِنْ عِبَادِنَا فَمِنْهُمْ ظَالِمٌ لِّنَفْسِهِۦ وَمِنْهُم مُّقْتَصِدٌ وَمِنْهُمْ سَابِقٌۢ بِٱلْخَيْرَٰتِ بِإِذْنِ ٱللَّهِ ذَٰلِكَ هُوَ ٱلْفَضْلُ ٱلْكَبِيرُ﴾ “Содан кейін осынау Кітапты пенделеріміз арасынан Өзіміз таңдап алған құлдарымызға асыл мұра етіп қалдырдық. Алайда олардың арасында өз-өздеріне зұлымдық жасаушылар бар, олардың ішінде екі ортада жүргендер де бар, һәм олардың арасында Алланың қалауымен қайырлы істерде алдына жан салмайтын ізгі жандар да бар. Міне, ең үлкен шарапат осы!”1 аяты жайлы былай деді: “Олардың барлығы бірдей деңгейде, бәрі де жәннатта”».2

Түсіндірме

Бұл жерде айтылып тұрған кітап – Құран. Таңдалған адамдар – мұсылман үмбеті. Өз-өздеріне зұлымдық жасаушылар – мүміндердің Құранмен амал жасауда қателікке ұрынғандары. Екі ортада дел-сал болып жүргендер – Құранға көп уақыт бөліп онымен амал ететіндері.

Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осы топтың бәрі де өзінің үмбеті екенін, «Мұхаммед үмбеті» аталатынын айтады. Әрқайсысы әртүрлі мәртебеде болса да, негізінде, бәрі де жаннатта болады. Өз-өздеріне зұлымдық жасаушылар жаннаттан мәңгілікке мақұрым қалмайды. Зұлымдық жасаушылар рақымды Жаратушының кешіріміне ие болады, ал екі ортада дел-сал болып жүргендер есебін жеңіл береді, қайырлы істерде алдына жан салмайтын ізгі жандар болса, есеп-қисап берместен жаннатқа кіреді. Тәпсіршілер аятты осылайша түсіндіреді.

Дегенмен мынаны ескерген жөн: зұлымдық жасаушы залымдардың осы үмбетке жататыны, олардың құтылатыны айтылатын кезде, олардың «залим линәфсиһи», яғни «өз-өздеріне зұлымдық жасаушылар» екендігін ұмытпау керек. Аятта ْهُمْ ظَالِمٌ لِِنَفْسِهِِ «өз-өздеріне зұлымдық жасаушы» сөзі қолданылған. Сондықтан Алланың құлдарына, яғни өзінен басқаларға зұлымдық жасайтын залымдар бұларға жатпайды.

Тағы да ескеретін мәселе мынау: «залим линәфсиһи», яғни «өз-өздеріне зұлымдық жасаушылардың» осы үмбетке жататыны, олардың құтылатыны жайлы көпшілік ғалымдар айтқан. Бұл үкімді жарамды ететін дәлелдер – ардақты Пайғамбардың (с.а.с.) сүйіншілері. Солардың біреуі – аталмыш хадис. Тағы біреуі – Ахмад ибн Ханбалдың «Муснәдінде» берілген Әбуд-Дәрданың (р.а.) риуаяты. Расулалла осы риуаятта да аталмыш аятты оқып, мынадай түсініктеме береді: «Қайырлы істерде алдына жан салмайтын ізгі жандар жаннатқа есеп-қисап берместен кіреді. Екі ортада дел-сал болып жүргендер есебін жеңіл беріп жаннатқа кіреді. Ал өз-өздеріне зұлымдық жасаушылар махшарда қамалады. Кейін Алла олардың кемшіліктерін мейрімімен толықтырады. Олар, басқа аятта айтылғандай, былай дейтін адамдар: ﴿وَقَالُوا۟ ٱلْحَمْدُ لِلَّهِ ٱلَّذِىٓ أَذْهَبَ عَنَّا ٱلْحَزَنَ إِنَّ رَبَّنَا لَغَفُورٌ شَكُورٌ﴾ «Сонда олар былай деп айтады: “Бар мадақ пен шексіз шүкіршілік қайғы-мұңды бізден мәңгілікке кетірген Аллаға арналады! Раббымыз өте кешірімді, әрбір игі ниет пен істің қарымын еселеп, артығымен беруші!”»3.

Тағы да Әбуд-Дарда жеткізген басқа риуаятта «өз-өздеріне зұлымдық жасаушылар» махшарда болған кезде әбден қайғыға батады. Алла Тағала оларды кешіріп, сол жағдайдан құтқарады.

  1. 1«Фатыр» сүресі, 32-аят
  2. 2Тирмизи, «Тәпсір», «Фатыр» (№3225, Ибраһим Жанан нөмірлеуінде №3223).
  3. 3«Фатыр» сүресі, 34-аят