Хадис

Кутуб ситтә, № 757

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
86. «Фатыр» сүресі
Нөмірі
№ 757 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
757
Кутуб ситтә, № 757 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: «وَجَاءَكُمُ النَّذِيرُ. قَالَ: هُوَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِالْقُرْآنِ». أَخْرَجَهُ رَزِينٌ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): ﴿وَهُمْ يَصْطَرِخُونَ فِيهَا رَبَّنَآ أَخْرِجْنَا نَعْمَلْ صَٰلِحًا غَيْرَ ٱلَّذِى كُنَّا نَعْمَلُ أَوَلَمْ نُعَمِّرْكُم مَّا يَتَذَكَّرُ فِيهِ مَن تَذَكَّرَ وَجَآءَكُمُ ٱلنَّذِيرُ فَذُوقُوا۟ فَمَا لِلظَّٰلِمِينَ مِن نَّصِيرٍ﴾ «Тозақта олардың жан дауысы шығып: “Уа, Раббымыз! Бізді мына тозақтан шығара көр! Бұрын-соңды істеген теріс істерімізден бөлек игі істер атқарайық!” – дейді. Сонда оларға: “Сендерге ақылға салып, ойланатын адам емін-еркін ойланып, ғибрат алатындай жеткілікті ғұмыр бермедік пе?! Онымен қоймай, сендерге ескертуші пайғамбар да келген еді. Енді азаптың дәмін татыңдар! Залымдардың бірде-бір медеткері болмайды”, – делінеді»1 аятында жазылған «ескертуші ретінде пайғамбар да келген еді» сөйлеміндегі пайғамбардың Құранмен келген әзірет Мұхаммед (с.а.с.) екенін айтты.

  1. 1«Фатыр» сүресі, 37-аят