Хадис

Кутуб ситтә, № 5331

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
861. ОЙЫН-САУЫҚ ТУРАЛЫ БӨЛІМ
Нөмірі
№ 5331 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
5331
Кутуб ситтә, № 5331 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «رَأَى رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ رَجُلًا يَتْبَعُ حَمَامَةً يَلْعَبُ بِهَا، فَقَالَ: شَيْطَانٌ يَتْبَعُ شَيْطَانَةً». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) көгершіннің соңынан қуып ермек еткен кісіні көріп: “Бір шайтан екінші шайтанның соңынан еріп жүр!” – деді»1.

Түсіндірме

Алла Елшісі (с.а.с.) көгершінді қуып, уақытын бос өткізген кісіні шайтанға теңеген. Көгершінді де солай атағаны – құстың әлгі кісіні Алланы зікір етуден, пайдалы ой мен істен алаңдатқанын білдіреді.

Нәуәуи былай дейді: «Көгершінді көбейту, жұмыртқасын алу, жалғыздықта серік ету немесе хат тасу үшін бағуға болады. Мұның әбестігі жоқ. Оны ырымға пайдалану дұрыс пікір бойынша мәкрүһ. Бұған құмар ойын секілді харам іс араласса, әлгі кісінің куәлігі қабылданбайды».

Ибн Хажар сияқты ғалымдар Әнәстің кішкентай інісі Әбу Умәйрдің құспен ойнағаны туралы риуаятқа сүйеніп, балаларға құспен ойнауға рұқсат берген. Құсты қинауға және оны ататын нысана етуге болмайды.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Әдеп», № 4940. Ибн Мәжа, «Әдеп», № 3765.