Хадис

Кутуб ситтә, № 5332

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
861. ОЙЫН-САУЫҚ ТУРАЛЫ БӨЛІМ
Нөмірі
№ 5332 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
5332
Кутуб ситтә, № 5332 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «نَهَى رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ عَنِ التَّحْرِيشِ بَيْنَ الْبَهَائِمِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ. «التَّحْرِيشُ بَيْنَ الْبَهَائِمِ» إِغْرَاءُ بَعْضِهَا بِبَعْضٍ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) жануарларды төбелестіру үшін бір-біріне айдап салуға тыйым салды»1.

Түсіндірме

Арабтар түйе, ешкі, қораз секілді жануарларды бір-біріне айдап салып, төбелестіретін. Алла Елшісі (с.а.с.) жануарға азап шектіретін, ал адамды бос ермекке салатын бұл іске тыйым салған. Адам баласының жер бетіне келуінің мақсаты бар. Ол өмірінің әр сәті үшін жауап береді.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Жиһад», № 2562. Тирмизи, «Жиһад», 30-тарау (Жанан басылымында № 1708–1709).