وَعَنْ عِمْرَانَ بْنِ حُصَيْنٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «بَيْنَمَا رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فِي بَعْضِ أَسْفَارِهِ وَامْرَأَةٌ مِنَ الْأَنْصَارِ عَلَى نَاقَةٍ لَهَا، فَضَجِرَتْ فَلَعَنَتْهَا، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: خُذُوا مَا عَلَيْهَا وَدَعُوهَا فَإِنَّهَا مَلْعُونَةٌ. قَالَ عِمْرَانُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: فَكَأَنِّي أَرَاهَا تَمْشِي فِي النَّاسِ مَا يَعْرِضُ لَهَا أَحَدٌ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَأَبُو دَاوُدَ.
Имран ибн Хұсайн (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) сапарда еді. Ансарлық бір әйел ашуланып, мініп келе жатқан түйесіне лағынет айтты. Мұны естіген Алла елшісі (с.а.с.): “Үстіндегі жүгін түсіріп, түйені қоя беріңдер. Оған лағынет айтылды”, – деді».
Имран (р.а.) былай дейді: «Ол түйенің жұрт арасында бос жүргені әлі көз алдымда. Оған ешкім тиіспейтін»1.
Түсіндірме
Ғалымдар түйені босатып жіберу туралы бұйрықты әртүрлі түсіндірген. Соның ішінде екі пікір жиі айтылады.
• Бір топ ғалымның пікірінше, әлгі әйелдің лағынеті қабыл болған. Олар түйені босатуды осыған байланысты түсіндіреді.
• Екінші топтың пікірінше, Алла Елшісі (с.а.с.) ешбір жаратылысқа лағынет айтуға болмайтынын үйрету үшін, әйелге жаза ретінде түйесін босатуды бұйырған.
- 1Мүслим, «Бирр», № 2595. Әбу Дәуіт, «Жиһад», № 2561.