Хадис

Кутуб ситтә, № 5357

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
863. ЛАҒЫНЕТ АЙТУ ЖӘНЕ СӨГУ
Нөмірі
№ 5357 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 14
5357
Кутуб ситтә, № 5357 · тараудағы реті: 14Риуаят етуші: Зәйд ибн Халид (р.а.)

وَعَنْ زَيْدِ بْنِ خَالِدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: لَا تَسُبُّوا الدِّيكَ فَإِنَّهُ يُوقِظُ لِلصَّلَاةِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Зәйд ибн Халидтің (р.а.) жеткізуінше, Алла елшісі (с.а.с.): «Әтешті сөкпеңдер. Ол намазға оятады», – деген1.

Түсіндірме

Әтеш намазға оятатындықтан, хадисте оны сөкпеу айтылған. Ол өз мезгілінде шақырып, намаз уақытының кіргенін білдіреді. Алла Елшісі (с.а.с.) басқа бір хадисте: «Әтештің шақырғанын естісеңдер, Алладан кеңшілігін сұраңдар. Өйткені әтеш періште көргенде шақырады», – деген.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Әдеп», 115-тарау, № 5101.