Хадис

Жерлеу тәртібі. Шейітті жерлеу

Кутуб ситтә, 12-том, 878-тарау · 4 хадис · № 5460–5463

ӨЛІМ БӨЛІМІ

Хадистер

5460
Кутуб ситтә, № 5460 · тараудағы реті: 1

عَنْ هِشَامِ بْنِ عَامِرٍ قَالَ: «جَاءَتِ الْأَنْصَارُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يَوْمَ أُحُدٍ، فَقَالُوا: أَصَابَنَا قَرْحٌ وَجَهْدٌ، فَكَيْفَ تَأْمُرُنَا؟ فَقَالَ: أَوْسِعُوا الْقَبْرَ وَأَعْمِقُوا، وَاجْعَلُوا الرَّجُلَيْنِ وَالثَّلَاثَةَ فِي الْقَبْرِ. قِيلَ: فَأَيُّهُمْ يُقَدَّمُ؟ قَالَ: أَكْثَرُهُمْ قُرْآنًا». أَخْرَجَهُ أَصْحَابُ السُّنَنِ. «الْقَرْحُ»: الْجُرْحُ. وَ«الْجَهْدُ»: الْمَشَقَّةُ.

Қазақша аудармасы

Хишам ибн Амир былай дейді: «Ұхұд күні ансарлар Алла елшісіне (с.а.с.) келіп: “Жарақат алдық, әбден қиналдық. Не бұйырасыз?” – деді. Ол: “Қабірді кең әрі терең қазыңдар. Бір қабірге екі не үш кісіні қойыңдар”, – деді. “Кімді алдына қоямыз?” – деп сұрағанда: “Құранды көбірек білгенін”, – деді».1

  1. 1Әбу Дәуіт, «Жанаиз» (3215). Тирмизи, «Жиһад» (1713).
5461
Кутуб ситтә, № 5461 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَجْمَعُ بَيْنَ الرَّجُلَيْنِ مِنْ قَتْلَى أُحُدٍ فِي ثَوْبٍ وَاحِدٍ، ثُمَّ يَقُولُ: أَيُّهُمْ أَكْثَرُ أَخْذًا لِلْقُرْآنِ؟ فَإِذَا أُشِيرَ إِلَى أَحَدِهِمَا قَدَّمَهُ فِي اللَّحْدِ، وَقَالَ: أَنَا شَهِيدٌ عَلَى هَؤُلَاءِ، وَأَمَرَ بِدَفْنِهِمْ بِدِمَائِهِمْ، وَلَمْ يُصَلِّ عَلَيْهِمْ وَلَمْ يُغَسِّلْهُمْ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا مُسْلِمًا. قُلْتُ: وَالْجَمْعُ بَيْنَ رَجُلَيْنِ فِي ثَوْبٍ وَاحِدٍ بِحَيْثُ تَلْتَقِي بَشَرَتُهُمَا لَا يَجُوزُ. فَيُحْمَلُ عَلَى أَنَّهُ كَانَ يَجْعَلُ بَيْنَهُمَا حَائِلًا ثُمَّ يَجْمَعُهُمَا فِيهِ، أَوْ عَلَى أَنَّهُ كَانَ يَشُقُّ الثَّوْبَ بَيْنَهُمَا، وَهُوَ الظَّاهِرُ لِقَوْلِهِ: فَإِذَا أُشِيرَ إِلَى أَحَدِهِمَا قَدَّمَهُ فِي اللَّحْدِ. وَالتَّقْدِيمُ لَا يُمْكِنُ إِلَّا إِذَا كَانَ كُلُّ وَاحِدٍ مِنْهُمَا مُفْرَدًا أَوْ بَيْنَهُمَا حَائِلٌ. وَاللَّهُ أَعْلَمُ.

Қазақша аудармасы

Жабир (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) Ұхұдта қаза тапқан екі кісіні бір матаға орап: “Қайсысы Құранды көбірек білген?” – деп сұрайтын. Екеуінің бірі көрсетілсе, соны лақаттың алдыңғы жағына қоятын. Содан соң: “Мен бұларға куәмін”, – дейтін. Оларды қанын жумай жерлеуді бұйырды. Жаназа намазын оқымады, өздерін жуындырмады».1

Ибн Дәйбағ хадистегі бір тұсты былай түсіндіреді: «Екі адамды терілері бір-біріне тиетіндей етіп бір матаға орауға рұқсат жоқ. Демек, екеуінің арасына бөгет салып барып, бір матаға ораған немесе матаны екіге бөліп қолданған. Хадистің сыртқы мағынасы да осыны аңғартады. Онда: “Екеуінің бірі көрсетілсе, соны лақаттың алдыңғы жағына қоятын”, – делінген. Оларды жеке орамай немесе араларына бөгет салмай, бірін алдыңғы жаққа қою мүмкін емес».2

  1. 1Бұхари, «Жанаиз», 73–76, 79, «Мағази», 26. Әбу Дәуіт, «Жанаиз», 31 (3138). Тирмизи, «Жанаиз», 46 (1036). Нәсәи, «Жанаиз», 61 (4/62).
  2. 2Шейіттер үстіндегі киімімен жерленетіндіктен, екеуін киімдерінің сыртынан құрмет үшін бір кебінге орағанда, денелері бір-біріне тимейді. Ибн Дәйбағ осы тұсты ескермеген болуы мүмкін. Құранды көбірек білгенін алдына қою мәйіттерді кебіндеуге дейін реттеуге қатысты. (Ибраһим Жанан, «Күтүб әс-ситта», 15/276.).
5462
Кутуб ситтә, № 5462 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «لَمَّا كَانَ يَوْمُ أُحُدٍ جَاءَتْ عَمَّتِي بِأَبِي لِتَدْفِنَهُ فِي مَقَابِرِنَا، فَنَادَى مُنَادِي رَسُولِ اللَّهِ ﷺ: رُدُّوا الْقَتْلَى إِلَى مَضَاجِعِهِمْ». أَخْرَجَهُ أَصْحَابُ السُّنَنِ، وَهَذَا اللَّفْظُ لِلتِّرْمِذِيِّ وَصَحَّحَهُ.

Қазақша аудармасы

Жабир (р.а.) былай дейді: «Ұхұд күні әкемнің әпкесі оны өз қорымымызға жерлемек болып, Ұхұдтан Мәдинаға алып келді. Сол кезде Алла елшісінің (с.а.с.) жаршысы: “Қаза тапқандарды өздері жатқан жерге қайтарыңдар!” – деп жар салды».1

  1. 1Әбу Дәуіт, «Жанаиз», 42 (3165). Тирмизи, «Жиһад», 37 (1717). Нәсәи, «Жанаиз», 83 (4/79).
5463
Кутуб ситтә, № 5463 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «أَمَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِقَتْلَى أُحُدٍ أَنْ يُنْزَعَ عَنْهُمُ الْحَدِيدُ وَالْجُلُودُ، وَأَنْ يُدْفَنُوا فِي ثِيَابِهِمْ وَدِمَائِهِمْ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) Ұхұдта шейіт болғандардың үстінен темір сауыт-сайманын, қан жұқпаған тері киімдерін шешіп, өздерін қан сіңген киімдерімен бірге жерлеуді бұйырды».1

Түсіндірме

1. Ұхұд шайқасы Бәдірден кейін болды. Бұл шайқаста жетпіс мұсылман шейіт болды.

Ұхұд шейіттерін жуындырмай, қан жұққан киімдерін шешпей, жаназа намазын да оқымай жерледі. Кей әлсіз риуаяттарда олардың жаназа намазы оқылғаны айтылады. Ахмад ибн Ханбал осы риуаяттарды да ескеріп, бір сөзінде: «Шейіттің жаназа намазын оқуға да, оқымауға да болады. Оқыған абзал, оқымаса да айыбы жоқ», – деп үкім берген. Алайда сенімдірек риуаяттар Алла елшісінің (с.а.с.) олардың жаназа намазын жерлеу үстінде емес, кейін оқығанын көрсетеді. Хамзаның (р.а.) жаназа намазын оқығаны айтылатын риуаяттағы «салат» сөзін тілдік мағынада түсіндіргендер: «Хамзаның Алла елшісі (с.а.с.) үшін орны ерекше болғандықтан, оған арнайы дұға еткен», – деген.

Барлық имам шейіттің жуылмай, үстіндегі киімімен жерленетініне келіскен. Шафиғи, Мәлики мен Ханбали мәзһабтарында шейітке жаназа намазы оқылмайды. Ханафи ғалымдары мен Исхақ ибн Рахуия жаназа намазы оқылады деп үкім берген.

2. Шейіттің үстінен темір мен теріні алу дегеніміз – кебін орнына жүрмейтін нәрселерді шешу. Тон, шапан, дулыға, сауыт, қару-жарақ пен аяқкиім алынады. Бұларды алған соң, қалған киімі кебінге қажет мөлшерден артық болса, артығын шешеді. Сүннеттегі өлшемге жетпесе, толықтырады. Тазалыққа кедергі болатын нәжіс жұқса, оны жуады. Жарақаттың қанын жумайды.

3. Хаттаби шейітті жуындырмау жөнінде мына түсіндірмені келтіреді: «Хадисте шейіт қиямет күні жарасынан қан аққан күйде тіріліп, оған сол күйінде тіл қатылатыны, жарасының түсі қандікіндей, иісі жұпардай болатыны айтылады. Жуындырмаудың мәні осыда. Тірі адамның жуынуы да, дәрет алуы да намазға байланысты. Тазалық бәріне намаз үшін міндеттеледі. Шейітті жуындыру міндеті түскенде, жаназа намазының міндеті де түседі».

Хаттаби Ұхұд шейіттерінің бірнешеуі бір қабірге қойылғаны туралы риуаяттардан мына үкімдер шыққанын жазады:

• Бір қабірге бірнеше адамды жерлеуге болады.

• Бірнешеуі бірге жерленсе, абзалы құбыла жағына қойылады.

• Кебін жетпесе, бірнеше адамды бір кебінге орауға болады.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Жанаиз», 31 (3134).