وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَجْمَعُ بَيْنَ الرَّجُلَيْنِ مِنْ قَتْلَى أُحُدٍ فِي ثَوْبٍ وَاحِدٍ، ثُمَّ يَقُولُ: أَيُّهُمْ أَكْثَرُ أَخْذًا لِلْقُرْآنِ؟ فَإِذَا أُشِيرَ إِلَى أَحَدِهِمَا قَدَّمَهُ فِي اللَّحْدِ، وَقَالَ: أَنَا شَهِيدٌ عَلَى هَؤُلَاءِ، وَأَمَرَ بِدَفْنِهِمْ بِدِمَائِهِمْ، وَلَمْ يُصَلِّ عَلَيْهِمْ وَلَمْ يُغَسِّلْهُمْ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا مُسْلِمًا. قُلْتُ: وَالْجَمْعُ بَيْنَ رَجُلَيْنِ فِي ثَوْبٍ وَاحِدٍ بِحَيْثُ تَلْتَقِي بَشَرَتُهُمَا لَا يَجُوزُ. فَيُحْمَلُ عَلَى أَنَّهُ كَانَ يَجْعَلُ بَيْنَهُمَا حَائِلًا ثُمَّ يَجْمَعُهُمَا فِيهِ، أَوْ عَلَى أَنَّهُ كَانَ يَشُقُّ الثَّوْبَ بَيْنَهُمَا، وَهُوَ الظَّاهِرُ لِقَوْلِهِ: فَإِذَا أُشِيرَ إِلَى أَحَدِهِمَا قَدَّمَهُ فِي اللَّحْدِ. وَالتَّقْدِيمُ لَا يُمْكِنُ إِلَّا إِذَا كَانَ كُلُّ وَاحِدٍ مِنْهُمَا مُفْرَدًا أَوْ بَيْنَهُمَا حَائِلٌ. وَاللَّهُ أَعْلَمُ.
Жабир (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) Ұхұдта қаза тапқан екі кісіні бір матаға орап: “Қайсысы Құранды көбірек білген?” – деп сұрайтын. Екеуінің бірі көрсетілсе, соны лақаттың алдыңғы жағына қоятын. Содан соң: “Мен бұларға куәмін”, – дейтін. Оларды қанын жумай жерлеуді бұйырды. Жаназа намазын оқымады, өздерін жуындырмады».1
Ибн Дәйбағ хадистегі бір тұсты былай түсіндіреді: «Екі адамды терілері бір-біріне тиетіндей етіп бір матаға орауға рұқсат жоқ. Демек, екеуінің арасына бөгет салып барып, бір матаға ораған немесе матаны екіге бөліп қолданған. Хадистің сыртқы мағынасы да осыны аңғартады. Онда: “Екеуінің бірі көрсетілсе, соны лақаттың алдыңғы жағына қоятын”, – делінген. Оларды жеке орамай немесе араларына бөгет салмай, бірін алдыңғы жаққа қою мүмкін емес».2
- 1Бұхари, «Жанаиз», 73–76, 79, «Мағази», 26. Әбу Дәуіт, «Жанаиз», 31 (3138). Тирмизи, «Жанаиз», 46 (1036). Нәсәи, «Жанаиз», 61 (4/62).
- 2Шейіттер үстіндегі киімімен жерленетіндіктен, екеуін киімдерінің сыртынан құрмет үшін бір кебінге орағанда, денелері бір-біріне тимейді. Ибн Дәйбағ осы тұсты ескермеген болуы мүмкін. Құранды көбірек білгенін алдына қою мәйіттерді кебіндеуге дейін реттеуге қатысты. (Ибраһим Жанан, «Күтүб әс-ситта», 15/276.).