وَعَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «سَمِعْتُ النَّجَاشِيَّ صَاحِبَ الْحَبَشَةِ رَحِمَهُ اللَّهُ تَعَالَى يَقُولُ: أَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللَّهِ، وَأَنَّهُ الَّذِي بَشَّرَ بِهِ عِيسَى عَلَيْهِ السَّلَامُ، وَلَوْلَا مَا أَنَا فِيهِ مِنَ الْمُلْكِ وَمَا تَحَمَّلْتُ مِنْ أُمُورِ النَّاسِ لَأَتَيْتُهُ حَتَّى أَحْمِلَ نَعْلَيْهِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.
Әбу Мұса (р.а.) былай дейді: «Хабашстан патшасы Нәжәшидің былай дегенін естідім: “Мұхаммед – Алланың елшісі. Иса (а.с.) осы пайғамбардың келетінін сүйіншілеген. Бұған куәлік етемін. Патшалық міндетім мен халқыма деген жауапкершілігім болмағанда, қасына барып, аяқкиімін көтеріп жүрер едім”».1
Түсіндірме
Хадисте Хабашстан патшасы Нәжәшидің Исламды қабылдағаны анық айтылады. Ибн әл-Әсирдің айтуынша, Нәжәши Алла елшісінің көзі тірісінде мұсылман болған. Елінен көшіп келіп, пана сұраған мұсылмандарға жақсы қарап, қамқорлығына алған. Құрайыштар мұсылмандарды кері қайтару үшін елші жіберіп, сыйлық ұсынғанымен, Нәжәши олардың талабын қабылдамай, мұсылмандарды қорғаған. Нәжәши Мекке азат етілмей тұрып дүние салды. Алла елшісі оның жаназа намазын Мәдинада оқытты.
- 1Әбу Дәуіт, «Жанаиз», 62 (3205).