Хадис

Кутуб ситтә, № 5559

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
885. Пайғамбарлық белгілері
Нөмірі
№ 5559 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 3
5559
Кутуб ситтә, № 5559 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Абдулла ибн Сәлам (р.а.)

وَعَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ سَلَامٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «مَكْتُوبٌ فِي التَّوْرَاةِ صِفَةُ مُحَمَّدٍ، وَعِيسَى ابْنُ مَرْيَمَ يُدْفَنُ مَعَهُ». قَالَ أَبُو مَوْدُودٍ الْمَدَنِيُّ: «قَدْ بَقِيَ فِي الْبَيْتِ مَوْضِعُ قَبْرٍ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Сәлам (р.а.) былай дейді: «Тәуратта Мұхаммедтің (с.а.с.) сипаты және Мәриям ұлы Исаның оның қасына жерленетіні жазылған».

Әбу Мәудуд әл-Мәдәни: «Үйде тағы бір қабірге орын қалған», – дейді.1

Түсіндірме

Хадисте Тәуратта ардақты Пайғамбарымыздың сипаты мен әзірет Исаның оның қасына жерленетіні жазылғаны айтылады. Осы жайында басқа риуаяттар да бар. Бір риуаятта Айша (р.а.) Алла елшісіне: «Дүние салған соң мені қасыңызға жерлесе екен», – деп өтініш айтқан. Алла елшісі оның мүмкін еместігін айтып: «Ол жерде менің, Әбу Бәкір мен Омардың және Мәриям ұлы Исаның қабірі болады», – деген. Абдулла ибн Амр жеткізген бір риуаятта Алла елшісі: «Мәриям ұлы Иса жерге түседі, үйленеді, балалы болады. Қырық бес жыл өмір сүріп, дүние салған соң менің қасыма жерленеді», – деген.

  1. 1Тирмизи, «Мәнәқиб», 3 (3617, кей басылымда 3621).