Хадис

Жуайрия (р.а.)

Кутуб ситтә, 12-том, 901-тарау · 1 хадис · № 5618

НЕКЕ БӨЛІМІ

Хадистер

5618
Кутуб ситтә, № 5618 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: وَقَعَتْ جُوَيْرِيَةُ بِنْتُ الْحَارِثِ مِنْ بَنِي الْمُصْطَلِقِ فِي سَهْمِ ثَابِتِ بْنِ قَيْسِ بْنِ شَمَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، وَكَانَتِ امْرَأَةً مَلَّاحَةً لَهَا فِي الْعَيْنِ حَظٌّ، فَجَاءَتْ تَسْأَلُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فِي كِتَابَتِهَا. قَالَتْ عَائِشَةُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا: فَلَمَّا قَامَتْ عَلَى الْبَابِ، وَرَأَيْتُهَا كَرِهْتُ مَكَانَهَا، وَعَرَفْتُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ سَيَرَى مِنْهَا مِثْلَ الَّذِي رَأَيْتُ. فَقَالَتْ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَنَا جُوَيْرِيَةُ بِنْتُ الْحَارِثِ، وَإِنَّهُ كَانَ مِنْ أَمْرِي مَا لَا يَخْفَى عَلَيْكَ، وَإِنِّي وَقَعْتُ فِي سَهْمِ ثَابِتِ بْنِ قَيْسٍ، وَإِنِّي كَاتَبْتُ عَلَى نَفْسِي، وَجِئْتُكَ تُعِينُنِي. فَقَالَ لَهَا: فَهَلْ لَكِ فِيمَا هُوَ خَيْرٌ لَكِ؟ قَالَتْ: وَمَا هُوَ؟ قَالَ: أُؤَدِّي عَنْكِ كِتَابَتَكِ وَأَتَزَوَّجُكِ؟ قَالَتْ: قَدْ فَعَلْتُ. فَلَمَّا تَسَامَعَ النَّاسُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَدْ تَزَوَّجَ جُوَيْرِيَةَ أَرْسَلُوا مَا بِأَيْدِيهِمْ مِنَ السَّبْيِ وَأَعْتَقُوهُمْ وَقَالُوا: أَصْهَارُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ. قَالَتْ: فَمَا رَأَيْنَا امْرَأَةً كَانَتْ أَعْظَمَ بَرَكَةً عَلَى قَوْمِهَا مِنْهَا؛ أُعْتِقَ بِسَبَبِهَا أَكْثَرُ مِنْ مِائَةِ أَهْلِ بَيْتٍ مِنْ بَنِي الْمُصْطَلِقِ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай дейді: «Бәни Мұсталиқтан шыққан Жуайрия бинт әл-Харис Сәбит ибн Қайс ибн Шәммастың (р.а.) үлесіне түсті. Ол азаттық алу үшін Сәбитпен келісім жасасты. Көз тартар сұлу әйел еді. Келісімде белгіленген құнын төлеуге жәрдем сұрап, Алла елшісіне (с.а.с.) келді.

Жуайрия есік алдында тұрған кезде оны көріп, келгенін жақтырмадым. Алла елшісі (с.а.с.) де оның бойындағы мен байқаған көрікті көретінін бірден түсіндім.

Жуайрия: “Уа, Алланың елшісі! Мен – Харистің қызы Жуайриямын. Жағдайым өзіңізге мәлім. Сәбит ибн Қайстың үлесіне түсіп, азаттығымды алу үшін келісім жасастым. Соған жәрдем сұрай келдім”, – деді. Алла елшісі: “Саған бұдан қайырлысын ұсынсам, қалай қарайсың?” – деп сұрады. “Ол не?” – деді Жуайрия. “Азаттығыңның құнын төлеп, өзіме жар етейін”. Жуайрия: “Келісемін”, – деді. Жұрт Алла елшісінің (с.а.с.) Жуайрияға үйленгенін естігенде: “Бұлар енді Алла елшісінің құдалары”, – деп, қолдарындағы тұтқындарды босатты. Өз қауымына Жуайриядан мол береке әкелген әйел көрмедік. Оның арқасында Бәни Мұсталиқтан жүзден астам шаңырақ азат етілді».1

Түсіндірме

1. Алла елшісі (с.а.с.) Бәни Мұсталиқтың мұсылмандарға қарсы жорыққа әзірленіп жатқанын естігенде, тосын шабуыл жасап, олардың жоспарына жол бермеді. Қапыда қалған Бәни Мұсталиқ жеңіліп, жеті жүзге жуық адамы тұтқынға түсті. Айшаның айтуынша, Жуайрияның арқасында жүз отбасы азат болған. Сонда бір отбасында шамамен жеті адамнан болғаны. Кей риуаятта Жуайрияның бұрынғы есімі Бәрра болғаны, Алла елшісі оны Жуайрия деп өзгерткені айтылады.

2. Ғалымдар хадистен қамқоршының қарауындағы әйелді басқаға некелеуіне де, қаласа, онымен өзі некелесуіне де болады деген үкім шығарған. «Билеуші – қамқоршысы жоқ кісінің қамқоршысы» деген қағида бойынша, тұтқын Жуайрияның қамқоршысы Алла елшісі еді. Оны азат еткен кісі ретінде де қамқоршысы саналды. Өйткені азат етуші азат еткен адамының асабасы саналады. Демек, Алла елшісі бұл некені Жуайрияның қамқоршысы ретінде қиған.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Итқ», 2 (3931).