Хадис

Кутуб ситтә, № 5637

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
906. Неке әдебі
Нөмірі
№ 5637 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
5637
Кутуб ситтә, № 5637 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْهَا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: زَفَفْنَا امْرَأَةً إِلَى رَجُلٍ مِنَ الْأَنْصَارِ. فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: يَا عَائِشَةُ أَمَا كَانَ مَعَكُمْ لَهْوٌ فَإِنَّ الْأَنْصَارَ يُعْجِبُهُمُ اللَّهْوُ. أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) айтады: «Бір әйелді ансарлық бір ер адамға ұзаттық. Пайғамбар (с.а.с.): “Айша, ойын-сауықтарың болмады ма? Ансарлар ойын-сауықты жақсы көреді”, – деді».1

  1. 1Бұхари, «Неке», 63 (5162).