وَعَنْ الْحَسَنِ قَالَ: تَزَوَّجَ عَقِيلُ بْنُ أَبِي طَالِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ امْرَأَةً مِنْ بَنِي جُشَمٍ فَقَالُوا: بِالرَّفَاءِ وَالْبَنِينَ. فَقَالَ: قُولُوا كَمَا قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: بَارَكَ اللَّهُ فِيكُمْ وَبَارَكَ لَكُمْ. أَخْرَجَهُ النَّسَائِيُّ.
Қазақша аудармасы
Хасан Басри айтады: «Ақил ибн Әбу Талиб (р.а.) Бәни Жушәм тайпасынан бір әйелге үйленді. Жұрт оны: “Тату болыңдар, ұлды болыңдар”, – деп құттықтады. Сонда ол: “Алла елшісі (с.а.с.) айтқандай: ‘Алла өздеріңе береке дарытсын әрі некелеріңді құтты етсін’, – деңдер”, – деді».1
- 1Нәсәи, «Неке», 73 (6/128).