وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: لَا تُنْكَحُ الْأَيِّمُ حَتَّىٰ تُسْتَأْمَرَ، وَلَا الْبِكْرُ حَتَّىٰ تُسْتَأْذَنَ. قَالُوا: يَا رَسُولَ اللَّهِ كَيْفَ إِذْنُهَا؟ قَالَ: أَنْ تَسْكُتَ. أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ.
Қазақша аудармасы
Әбу Һурайра (р.а.) былай жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Бұрын некеде болған әйелдің келісімін алмай, ал тұрмыс құрмаған қыздың рұқсатын сұрамай неке қиюға болмайды”, – деді. Сахабалар: “Уа, Алла елшісі, қыз рұқсатын қалай білдіреді?” – деп сұрады. Ол: “Үндемей қалуы – рұқсаты”, – деді».1
Бұл хадистің мағынасы алдыңғы риуаяттың түсіндірмесінде айтылды.
- 1Бұхари, «Неке», 41, «Хиял», 3. Мүслим, «Неке», 64 (1419). Тирмизи, «Неке», 17, 18 (1107, 1109). Әбу Дәуіт, «Неке», 24 (2092, 2093). Нәсәи, «Неке», 33 (6/85).