Хадис

Кутуб ситтә, № 5689

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
912. Сүт ему кезеңіне қатысты екі мәселе
Нөмірі
№ 5689 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 7
5689
Кутуб ситтә, № 5689 · тараудағы реті: 7

وَعَنْ الزُّبَيْرِ بْنِ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ الزُّبَيْرِ الْقُرَظِيِّ: أَنَّ رِفَاعَةَ بْنَ سِمْوَالٍ طَلَّقَ امْرَأَتَهُ ثَلَاثًا فِي عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ فَنَكَحَتْ بَعْدَهُ عَبْدَ الرَّحْمَٰنِ بْنَ الزُّبَيْرِ فَاعْتَرَضَ عَنْهَا فَلَمْ يَسْتَطِعْ أَنْ يَمَسَّهَا، فَفَارَقَهَا. فَأَرَادَ رَفَاعَةُ أَنْ يَنْكِحَهَا، وَهُوَ زَوْجُهَا الْأَوَّلُ فَذَكَرَ ذَلِكَ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَنَهَاهُ عَنْ تَزْوِيجِهَا، وَقَالَ: لَا تَحِلُّ لَكَ حَتَّىٰ تَذُوقَ الْعُسَيْلَةَ. أَخْرَجَهُ مَالِكٌ.

Қазақша аудармасы

Зубәйір ибн Абдуррахман ибн әз-Зубәйір әл-Қурази былай жеткізеді: «Алла елшісінің (с.а.с.) көзі тірісінде Рифаға ибн Симуал әйеліне үш талақ берді. Әйел Абдуррахман ибн әз-Зубәйірге тұрмысқа шықты. Абдуррахман онымен жақындаса алмай, одан теріс айналды да, ажырасты. Алғашқы күйеуі Рифаға оған қайта үйленгісі келіп, Алла елшісіне (с.а.с.) бұл жайды айтты. Алла елшісі (с.а.с.) оған үйленуге тыйым салып: “Әйел екінші некесінде жақындасу ләззатын татпайынша, саған адал болмайды”, – деді».1

  1. 1Мәлік, «Муатта», «Неке», 17 (2/531).