Хадис

Кутуб ситтә, № 5701

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
913. Некенің бұзылуына негіз болатын және болмайтын жағдайлар
Нөмірі
№ 5701 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 5
5701
Кутуб ситтә, № 5701 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: أَنَّ رَجُلًا جَاءَ مُسْلِمًا ثُمَّ جَاءَتِ امْرَأَتُهُ بَعْدَهُ مُسْلِمَةً. فَقَالَ زَوْجُهَا: يَا رَسُولَ اللَّهِ إِنَّهَا قَدْ كَانَتْ أَسْلَمَتْ مَعِي؛ فَرَدَّهَا عَلَيْهِ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Әуелі бір ер адам мұсылман болып келді, артынан әйелі де мұсылман болып келді. Күйеуі: “Уа, Алла елшісі! Әйелім менімен бірге мұсылман болған еді”, – деді. Алла елшісі (с.а.с.) әйелін өзіне қайтарды».1

  1. 1Әбу Дәуіт, Талақ 23 (2238); Тирмизи, Никах 43 (1144).