Хадис

Кутуб ситтә, № 5772

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
929. ЖҰЛДЫЗДАР БӨЛІМІ
Нөмірі
№ 5772 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 4
5772
Кутуб ситтә, № 5772 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

وَعَنْ أَبِي سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: لَوْ أَمْسَكَ اللَّهُ الْقَطْرَ عَنْ عِبَادِهِ خَمْسَ سِنِينَ ثُمَّ أَرْسَلَهُ لَأَصْبَحَتْ طَائِفَةٌ مِنَ النَّاسِ كَافِرِينَ، يَقُولُونَ: سُقِينَا بِنَوْءِ الْمِجْدَحِ. أَخْرَجَهُ النَّسَائِي.

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізген: «Алла құлдарына бес жыл бойы жаңбыр жаудырмай, содан кейін жаңбыр жіберсе де, адамдардың бір тобы: “Миждах жұлдызының әсерінен жаңбыр жауды”, – деп күпірлік етер еді».1

Түсіндірме

Ертедегі арабтар Миждахты жаңбыр жаудыратын жұлдыз деп білген. Оның тағы бір атауы – Дәбаран.

  1. 1Нәсәи, Истисқа 16, (3, 165).