وَعَنْ إِيَاسِ بْنِ ثَعْلَبَةَ الْحَارِثِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَنِ اقْتَطَعَ حَقَّ امْرِئٍ مُسْلِمٍ بِيَمِينِهِ فَقَدْ أَوْجَبَ اللَّهُ لَهُ النَّارَ، وَحَرَّمَ اللَّهُ تَعَالَى عَلَيْهِ الْجَنَّةَ. قَالُوا: وَلَوْ شَيْئًا يَسِيرًا يَا رَسُولَ اللَّهِ؟ قَالَ: وَلَوْ كَانَ قَضِيبًا مِنْ أَرَاكٍ. أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَمَالِكٌ وَالنَّسَائِي.
Ияс ибн Сағлаба әл-Хариси (р.а.) айтады: «Алла елшісі (с.а.с.): “Кім анты арқылы мұсылманның хақын иеленсе, Алла оған тозақты міндеттеп, жәннатты харам етеді”, – деді. “Уа, Алла елшісі! Аз ғана нәрсе болса да ма?” – деп сұрағанда: “Арак ағашының бір шыбығы болса да”, – деп жауап берді».1
Түсіндірме
Ант арқылы мұсылман бауырының хақын иеленген адамның тозаққа баруын ғалымдар екі түрлі түсіндірген.
• Адам харам істі халал санаса, күпірге түсіп, тозақта мәңгі қалады.
• Харам екенін мойындай тұра істесе, күнәсінің жазасын өтеу үшін тозаққа уақытша түседі. Сөйтіп, жәннатқа алғаш кіретіндердің қатарында болмайды.
- 1Мүслим, Иман, 218 (137); Муатта, Ақдия 11, (2, 727); Нәсәи, Қада 29, (8, 246).