Хадис

Жалған ант

Кутуб ситтә, 12-том, 943-тарау · 3 хадис · № 5820–5822

АНТ БӨЛІМІ

Хадистер

5820
Кутуб ситтә, № 5820 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Имран ибн Хусайн (р.а.)

عَنْ عِمْرَانَ بْنِ حُصَيْنٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَنْ حَلَفَ عَلَى يَمِينٍ مَصْبُورَةٍ كَاذِبًا فَلْيَتَبَوَّأْ بِوَجْهِهِ مَقْعَدَهُ مِنَ النَّارِ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Имран ибн Хусайн (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Кім [ант беруге міндеттелгенде] жалған ант етсе, сол антының кесірінен тозақтағы орнын әзірлегені”, – деді».1

Түсіндірме

Алла елшісі (с.а.с.) бұл жерде соттағы немесе даулы істегі ант жайында айтқан. Мұндай ант бидің төрелігіне ықпал ететіндіктен, оны айтқан адам үлкен жауапкершілік арқалайды. Жалған ант еткен кісі тозақтағы орнын әзірлеген болады. Хадисте «соның себебінен» деп аударылған بِوَجْهِهِ сөзі «етбетімен» деген мағына да береді. Осы мағынада жалған ант еткен кісінің тозаққа етбетімен құлайтыны айтылған.

Хадистегі «ямин масбура» тіркесінің сөзбе-сөз мағынасы – «қамалған ант». Мұнда анттың өзі емес, ант беру үшін ұсталған адам меңзеледі. Мақсат – міндеттелген кісінің ант бергенде өтірік айтуы. Исламның сот дәстүрінде талап қоюшы өз сөзін дәлелдеуге, жауапкер ант беруге тиіс. Демек, даулы іске байланысты ұсталған адам өз басын арашалау үшін жалған ант беруі мүмкін. Аудармада осы мағына негізге алынды.

Бағауи «Шарх әс-суннада»: «Біреу басқа кісінің қолындағы затты өзімдікі десе немесе одан алашағы барын айтса, ал әлгі адам оны мойындамаса, талап иесі өз сөзін дәлелдеуі, жауапкер ант беруі керек. Хадис осыған дәлел», – дейді.

  1. 1Әбу Дәуіт, Әйман 1 (3242).
5821
Кутуб ситтә, № 5821 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

وَعَنْ اِبْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَنْ حَلَفَ عَلَى مَالِ امْرِئٍ مُسْلِمٍ بِغَيْرِ حَقِّهِ لَقِيَ اللَّهَ تَعَالَى وَهُوَ عَلَيْهِ غَضْبَانُ، ثُمَّ قَرَأَ عَلَيْنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مِصْدَاقَهُ مِنْ كِتَابِ اللَّهِ تَعَالَى: ﴿إِنَّ الَّذِينَ يَشْتَرُونَ بِعَهْدِ اللَّهِ وَأَيْمَانِهِمْ ثَمَنًا قَلِيلًا أُولَٰئِكَ لَا خَلَاقَ لَهُمْ فِي الْآخِرَةِ وَلَا يُكَلِّمُهُمُ اللَّهُ وَلَا يَنْظُرُ إِلَيْهِمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ وَلَا يُزَكِّيهِمْ وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ﴾. أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا النَّسَائِي.

Қазақша аудармасы

Ибн Мәсғуд (р.а.) айтады: «Алла елшісі (с.а.с.): “Кім бір мұсылманның мүлкіне хақы болмаса да ант етсе, Алламен кездескенде Оның қаһарына ұшырайды”, – деді. Содан соң ол осы сөзін қуаттайтын аятты Алланың кітабынан оқыды: ﴿إِنَّ ٱلَّذِينَ يَشْتَرُونَ بِعَهْدِ ٱللَّهِ وَأَيْمَٰنِهِمْ ثَمَنًا قَلِيلًا أُو۟لَٰٓئِكَ لَا خَلَٰقَ لَهُمْ فِى ٱلْـَٔاخِرَةِ وَلَا يُكَلِّمُهُمُ ٱللَّهُ وَلَا يَنظُرُ إِلَيْهِمْ يَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِ وَلَا يُزَكِّيهِمْ وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ﴾ “Аллаға берген уәделерін және ішкен ант-суларын арзан бағаға сатып, болмашы пайда үшін бұзғандардың ақыретте алар ешбір нәсібі жоқ. Қиямет күні Алла олармен мүлдем сөйлеспейді, оларға қарамайды және тазартпайды. Олар үшін жан төзгісіз азап бар”».1

  1. 1Бұхари, Әйман 17; Мүслим, Иман 234 (138); Әбу Дәуіт, Әйман 2 (3243); Тирмизи, Тәпсір, Әли Имран (2999).
5822
Кутуб ситтә, № 5822 · тараудағы реті: 3

وَعَنْ إِيَاسِ بْنِ ثَعْلَبَةَ الْحَارِثِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَنِ اقْتَطَعَ حَقَّ امْرِئٍ مُسْلِمٍ بِيَمِينِهِ فَقَدْ أَوْجَبَ اللَّهُ لَهُ النَّارَ، وَحَرَّمَ اللَّهُ تَعَالَى عَلَيْهِ الْجَنَّةَ. قَالُوا: وَلَوْ شَيْئًا يَسِيرًا يَا رَسُولَ اللَّهِ؟ قَالَ: وَلَوْ كَانَ قَضِيبًا مِنْ أَرَاكٍ. أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَمَالِكٌ وَالنَّسَائِي.

Қазақша аудармасы

Ияс ибн Сағлаба әл-Хариси (р.а.) айтады: «Алла елшісі (с.а.с.): “Кім анты арқылы мұсылманның хақын иеленсе, Алла оған тозақты міндеттеп, жәннатты харам етеді”, – деді. “Уа, Алла елшісі! Аз ғана нәрсе болса да ма?” – деп сұрағанда: “Арак ағашының бір шыбығы болса да”, – деп жауап берді».1

Түсіндірме

Ант арқылы мұсылман бауырының хақын иеленген адамның тозаққа баруын ғалымдар екі түрлі түсіндірген.

• Адам харам істі халал санаса, күпірге түсіп, тозақта мәңгі қалады.

• Харам екенін мойындай тұра істесе, күнәсінің жазасын өтеу үшін тозаққа уақытша түседі. Сөйтіп, жәннатқа алғаш кіретіндердің қатарында болмайды.

  1. 1Мүслим, Иман, 218 (137); Муатта, Ақдия 11, (2, 727); Нәсәи, Қада 29, (8, 246).