Хадис

Кутуб ситтә, № 5829

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
947. Жекелеген хадистер. Ниет
Нөмірі
№ 5829 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
5829
Кутуб ситтә, № 5829 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: الْيَمِينُ عَلَى نِيَّةِ الْمُسْتَحْلِفِ. وَفِي أُخْرَى: يَمِينُكَ عَلَى مَا يُصَدِّقُكَ بِهِ صَاحِبُكَ. أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَأَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Ант ант беруді талап еткен адамның ниетіне қарай бағаланады”, – деді».

Басқа риуаятта: «Антыңның мәні жолдасыңның оны қалай түсініп, растағанына байланысты», – делінген.1

Түсіндірме

Нәуәуи хадисті былай түсіндіреді: «Мұнда бидің талабымен берілген ант айтылып тұр. Біреу басқа біреуде ақым бар деп шағымданса, би жауапкерге ант еткізеді. Жауапкер би сұрағаннан өзге нәрсені ойлап ант етсе де, анты бидің айтқан мақсатына қарай жарамды саналады. Алла алдында түпкі ниетін жасырып, сөзді басқа мағынаға бұрудың оған пайдасы жоқ. Ғалымдар бұл мәселеде бірауызды. Бұған осы хадис пен ижмағ дәлел.

Қалған жағдайларда ант оны берген адамның ниетіне қарай бағаланады. Бұл жалпы үкімге дауға қатысты бидің талап еткен анты кірмейді. Ондайда, егер бидің немесе оның орынбасарының ант талап етуге құқы болса, сол адамның көздеген мақсаты негізге алынады».

• Әділетсіздікке тап болған адамның анты өз ниетіне қарай бағаланады. Мұндайда тәурияға, яғни түпкі ниетті жасырып сөйлеуге рұқсат бар және оның пайдасы тиеді. Бұған төмендегі №5831 риуаят мысал. Суайд әділетсіздікке ұшыраған жолдасын тәурия жасап құтқарған. Алла елшісі (с.а.с.) оның әрекетін құптаған. Хадистегі «жолдасың» сөзі дауласып, талап қойып отырған кісіні білдіреді.

  1. 1Мүслим, Әйман 21 (1653); Әбу Дәуіт, Әйман 8 (3255); Тирмизи, Ахкам 19 (1354).