وَعَنْ أَبِي ذَرٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: ثَلَاثَةٌ لَا يُكَلِّمُهُمُ اللَّهُ وَلَا يَنْظُرُ إِلَيْهِمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ وَلَا يُزَكِّيهُمْ وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ. قَالَهَا ثَلَاثًا، قُلْتُ: خَابُوا وَخَسِرُوا يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَنْ هُمْ؟ قَالَ: الْمُسْبِلُ، وَالْمَنَّانُ، وَالْمُنْفِقُ سِلْعَتَهُ بِالْحَلِفِ الْكَاذِبِ. أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا الْبُخَارِيَّ.
Әбу Зәрр (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Үш адам бар, қиямет күні Алла олармен сөйлеспейді, оларға назар салмайды, оларды күнәларынан тазартпайды. Олар үшін жан қинайтын азап бар”, – деп үш рет қайталады. Мен: “Уа, Алла елшісі, олар расында опық жеп, зиян шеккен екен. Олар кімдер?” – дедім. Ол: “Киімін тәкаппарлықпен жерге сүйретіп жүрген, жасаған жақсылығын міндетсінген және тауарын өтірік антпен өткізген адамдар”, – деді».1
- 1Мүслим, Иман 171 (106); Әбу Дәуіт, Либас 28, (4087, 4088); Тирмизи, Буйу 5 (1211); Нәсәи, Буйу 5, (7, 245).