وَعَنْ اِبْنِ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: كُلُوا وَتَصَدَّقُوا وَالْبَسُوا فِي غَيْرِ إِسْرَافٍ وَلَا مَخِيلَةٍ. أَخْرَجَهُ النَّسَائِي، وَأَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ فِي تَرْجَمَةِ بَابٍ.
Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Жеңдер, садақа беріңдер, киініңдер. Осы істерде ысырап пен тәкаппарлыққа жол бермеңдер”, – деді».1
Түсіндірме
Алла елшісі (с.а.с.) ішіп-жеу секілді істердің ысырап пен тәкаппарлыққа ұрынбаған жағдайда адал екенін білдіреді. Құранда да: ﴿وَكُلُوا۟ وَٱشْرَبُوا۟ وَلَا تُسْرِفُوٓا۟ إِنَّهُۥ لَا يُحِبُّ ٱلْمُسْرِفِينَ﴾ «Ішіп-жеңдер, бірақ ысырап қылмаңдар, өйткені Алла ысырапқорларды ұнатпайды»2, – делінген. Өйткені ﴿إِنَّ ٱلْمُبَذِّرِينَ كَانُوٓا۟ إِخْوَٰنَ ٱلشَّيَٰطِينِ﴾ «Шүбәсіз, ысырапқорлар – шайтандардың бауыры»3. Ысырап сөзде де, істе де шектен шығуды білдіреді. Ол мал-мүлікті жұмсағанда айқынырақ көрінетіндіктен, аят пен хадисте әуелі осы тұсы сөз болған.