وَعَنْ وَاثِلَةَ بْنِ الْأَسْقَعِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: لَا تُظْهِرِ الشَّمَاتَةَ بِأَخِيكَ فَيُعَافِيَهُ اللَّهُ وَيَبْتَلِيَكَ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.
Қазақша аудармасы
Уасила ибн әл-Әсқағ (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Бауырыңды табалама. Алла оны амандыққа шығарып, сені сол бәлеге ұшыратуы мүмкін”, – деді».1
Түсіндірме
«Шамата» – өзің дұшпан санаған немесе өзіңе дұшпандық жасаған кісінің басына түскен қасіретке қуану. Алла елшісі (с.а.с.) мүміннің мүмінді табалауына тыйым салып, жағдай өзгеріп, табалаған кісінің өзі сол бәлеге ұшырауы мүмкін екенін ескерткен. Табалау басқа хадисте айтылған «дұшпанға деген қатынаста шектен шықпау» ұстанымына қайшы.
- 1Тирмизи, Қиямет-қайым 55 (2508).