وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: إِنَّ الشَّيْطَانَ يَجْرِي مِنِ ابْنِ آدَمَ مَجْرَى الدَّمِ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.
Қазақша аудармасы
Әнәс (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Шайтан адам баласының бойында қан жүргендей жүреді”, – деді».1
Түсіндірме
Қади мен өзге де ғалымдардың айтуынша, бір топ ғалым хадисті тура мағынасында түсінген. Олардың пікірінше, шайтан адам бойында жүреді. Алла Тағала оған адам бойында қан секілді жүруге қуат берген. Басқалары: «Бұл – шайтанның адамды көп азғырып, тура жолдан тайдыруын бейнелейтін теңеу. Ол адамнан қан секілді ажырамайтынын білдіреді», – деген.
- 1Әбу Дәуіт, Сүннет 18 (4719).