وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: غَدَوْتُ بِعَبْدِ اللَّهِ بْنِ أَبِي طَلْحَةَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ لِيُحَنِّكَهُ فَرَأَيْتُهُ وَفِي يَدِهِ الْمِيسَمُ يَسِمُ إِبِلَ الصَّدَقَةِ. أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَأَبُو دَاوُدَ.
Қазақша аудармасы
Әнәс (р.а.) жеткізеді: «Абдулла ибн Әбу Талханы таңертең тахник жасасын деп Алла елшісіне (с.а.с.) апардым. Барсам, қолына таңба салатын істік ұстап, зекетке жиналған түйелерге таңба салып жатыр екен».1
Түсіндірме
Ен салу жайындағы түсіндірме жоғарыда берілді.
- 1Бұхари, Либас 22, Зекет 69, Забаих 35; Мүслим, Либас 112 (2119); Әбу Дәуіт, Жиһад 57 (2563).