Хадис

Әртүрлі мәселелер

Кутуб ситтә, 12-том, 956-тарау · 53 хадис · № 5935–5987

ҚОСЫМШАЛАР БӨЛІМІ

Хадистер

5935
Кутуб ситтә, № 5935 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: صَلَّى بِنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَوْمًا صَلَاةَ الْعَصْرِ. ثُمَّ قَامَ خَطِيبًا، فَلَمْ يَدَعْ شَيْئًا يَكُونُ إِلَى قِيَامِ السَّاعَةِ إِلَّا أَخْبَرَنَا بِهِ حَفِظَهُ مَنْ حَفِظَهُ، وَنَسِيَهُ مَنْ نَسِيَهُ، وَكَانَ فِيمَا قَالَ: إِنَّ الدُّنْيَا خَضِرَةٌ حُلْوَةٌ وَإِنَّ اللَّهَ مُسْتَخْلِفُكُمْ فِيهَا فَنَاظِرٌ كَيْفَ تَعْمَلُونَ. أَلَا فَاتَّقُوا الدُّنْيَا وَاتَّقُوا النِّسَاءَ، أَلَا يَمْنَعَنَّ رَجُلًا هَيْبَةُ النَّاسِ أَنْ يَقُولَ بِحَقٍّ إِذَا عَلِمَهُ. قَالَ: فَبَكَى أَبُو سَعِيدٍ رَحِمَهُ اللَّهُ، وَقَالَ: قَدْ وَاللَّهِ رَأَيْنَا أَشْيَاءَ فَهِبْنَا، وَكَانَ فِيمَا قَالَ: أَلَا إِنَّهُ يُنْصَبُ لِكُلِّ غَادِرٍ لِوَاءٌ يَوْمَ الْقِيَامَةِ بِقَدْرِ غَدْرَتِهِ، وَلَا غَدْرَةَ أَعْظَمُ مِنْ غَدْرَةِ إِمَامِ عَامَّةٍ، يُرْكَزُ لِوَاؤُهُ عِنْدَ اسْتِهِ، وَكَانَ فِيمَا حَفِظْنَا يَوْمَئِذٍ، أَلَا إِنَّ بَنِي آدَمَ خُلِقُوا عَلَى طَبَقَاتٍ شَتَّى فَمِنْهُمْ مَنْ يُولَدُ مُؤْمِنًا، وَيَحْيَا وَيَمُوتُ مُؤْمِنًا؛ وَمِنْهُمْ مَنْ يُولَدُ مُؤْمِنًا، وَيَحْيَا مُؤْمِنًا؛ وَيَمُوتُ كَافِرًا؛ وَمِنْهُمْ مَنْ يُولَدُ كَافِرًا وَيَحْيَا كَافِرًا، وَيَمُوتُ مُؤْمِنًا؛ وَمِنْهُمْ مَنْ يُولَدُ كَافِرًا وَيَحْيَا كَافِرًا، وَيَمُوتُ كَافِرًا؛ أَلَا وَإِنَّ مِنْهُمُ الْبَطِيءَ الْغَضَبِ سَرِيعَ الْفَيْءِ، وَالسَّرِيعَ الْغَضَبِ سَرِيعَ الْفَيْءِ، وَالْبَطِيءَ الْغَضَبِ بَطِيءَ الْفَيْءِ، فَتِلْكَ بِتِلْكَ، أَلَا وَإِنَّ مِنْهُمْ بَطِيءَ الْفَيْءِ سَرِيعَ الْغَضَبِ، أَلَا وَخَيْرُهُمْ بَطِيءُ الْغَضَبِ سَرِيعُ الْفَيْءِ؛ وَشَرُّهُمْ سَرِيعُ الْغَضَبِ بَطِيئُ الْفَيْءِ، أَلَا وَإِنَّ مِنْهُمْ حَسَنَ الْقَضَاءِ حَسَنَ الطَّلَبِ، وَمِنْهُمْ سَيِّءُ الْقَضَاءِ حَسَنُ الطَّلَبِ، وَمِنْهُمْ سَيِّءُ الطَّلَبِ؛ حَسَنُ الْقَضَاءِ، فَتِلْكَ بِتِلْكَ، أَلَا وَإِنَّ مِنْهُمْ السَّيِّئَ الْقَضَاءِ السَّيِّءَ الطَّلَبِ؛ أَلَا وَخَيْرُهُمْ الْحَسَنُ الْقَضَاءِ الْحَسَنُ الطَّلَبِ، وَشَرُّهُمْ سَيِّئُ الْقَضَاءِ سَيِّئُ الطَّلَبِ، أَلَا وَإِنَّ الْغَضَبَ جَمْرَةٌ فِي قَلْبِ ابْنِ آدَمَ، أَمَا رَأَيْتُمْ إِلَى حُمْرَةِ عَيْنَيْهِ وَانْتِفَاخِ أَوْدَاجِهِ؛ فَمَنْ أَحَسَّ بِشَيْءٍ مِنْ ذَلِكَ فَلْيَلْصَقْ بِالْأَرْضِ. قَالَ: وَجَعَلْنَا نَلْتَفِتُ إِلَى الشَّمْسِ، هَلْ بَقِيَ مِنَ الْنَّهَارِ شَيْءٌ؟ فَقَالَ ﷺ: أَلَا إِنَّهُ لَمْ يَبْقَ مِنَ الدُّنْيَا فِيمَا مَضَى مِنْهَا إِلَّا كَمَا بَقِيَ مِنْ يَوْمِكُمْ هَذَا فِيمَا مَضَى مِنْهُ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) жеткізеді: «Бір күні Алла елшісі (с.а.с.) бізге екінді намазын оқытты. Содан кейін тұрып, құтба айтты. Қияметке дейін болатын оқиғалардың бәрін бізге хабарлады. Есте сақтағандар сақтады, ұмытқандар ұмытты. Сол күні айтқандарының бірі мынау: “Дүние жасыл әрі тәтті. Алла сендерді онда бірінен соң бірін ізбасар етіп, не істейтіндеріңе қарайды. Дүниенің және әйелдердің сынағынан сақтаныңдар! Ешкім жұрттан қаймығып, өзі білген шындықты айтудан тартынбасын!”»

Рауидің айтуынша, Әбу Сағид осыны айтқанда жылап жіберді де, сөзін жалғады: «Алламен ант етейін, біз кей нәрсені көре тұра қаймықтық. Алла елшісінің айтқан тағы бір сөзі мынау: “Біліңдер, қиямет күні әр опасызға опасыздығының шамасына сай бір байрақ тігіледі. Ел басшысының опасыздығынан үлкен опасыздық жоқ. Оның байрағы жамбас тұсына қадалады”».

Сол күні естіген тағы бір сөзіміз мынау: «Біліңдер, адам баласы түрлі топ болып жаратылған. Кейбірі мүмін болып туып, мүмін болып өмір сүреді де, мүмін болып дүниеден өтеді. Кейбірі мүмін болып туып, мүмін болып өмір сүргенімен, кәпір болып өледі. Кейбірі кәпір болып туып, кәпір болып өмір сүргенімен, мүмін болып дүниеден өтеді. Кейбірі кәпір болып туып, кәпір болып өмір сүреді де, кәпір болып өледі.

Біліңдер, кейбірі кеш ашуланып, ашуынан тез қайтады. Енді бірі тез ашуланып, тез басылады. Тағы бірі кеш ашуланып, кеш басылады. Соңғы екі топтың бір қасиеті екіншісінің орнын толтырады.

Кейбірі тез ашуланып, ашуынан баяу қайтады. Біліңдер, бұлардың ең қайырлысы – кеш ашуланып, тез басылатындар. Ең жаманы – тез ашуланып, кеш басылатындар.

Кей кісі қарызын жақсы өтеп, алашағын сыпайы сұрайды. Бірі қарызын нашар өтесе де, алашағын жақсы сұрайды. Енді бірі алашағын дөрекі сұраса да, қарызын жақсы өтейді. Соңғы екі топтың бір қасиеті екіншісінің орнын толтырады. Қарызын да нашар өтейтін, алашағын да дөрекі сұрайтындар бар. Біліңдер, ең қайырлысы – қарызын жақсы өтеп, алашағын сыпайы сұрайтындар. Ең жаманы – қарызын нашар өтеп, алашағын дөрекі сұрайтындар.

Біліңдер, ашу – адам баласының жүрегіндегі шоқ. Көзінің қызарып, мойнындағы тамырларының білеуленгенін көрмейсіңдер ме? Кім бойынан осындай күйді сезсе, жерге жата қалсын».

Әбу Сағид былай деді: «Біз күндіздің қанша уақыты қалғанын білу үшін күнге қарай бердік. Сонда Алла елшісі (с.а.с.): “Біліп қойыңдар! Дүниенің өткен ғұмырына шаққанда қалғаны осы күндеріңнің өткен бөлігіне шаққанда қалған уақытындай”, – деді».1

  1. 1Тирмизи, Фитән 26 (2192).
5936
Кутуб ситтә, № 5936 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Ияд ибн Химар (р.а.)

وَعَنْ عِيَاضِ بْنِ حِمَارٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ ﷺ: إِنَّ رَبِّي أَمَرَنِي أَنْ أُعَلِّمَكُمْ مَا جَهِلْتُمْ مِمَّا عَلَّمَنِي يَوْمِي هَذَا؛ كُلُّ مَالٍ نَحَلْتُهُ عَبْدًا حَلَالٌ، وَإِنِّي خَلَقْتُ عِبَادِي حُنَفَاءَ كُلَّهُمْ، وَإِنَّهُمْ أَتَتْهُمُ الشَّيَاطِينُ فَاجْتَالَتْهُمْ عَنْ دِينِهِمْ وَحَرَّمَتْ عَلَيْهِمْ مَا أَحْلَلْتُ لَهُمْ، وَأَمَرَتْهُمْ أَنْ يُشْرِكُوا بِي مَا لَمْ أُنْزِلْ بِهِ سُلْطَانًا، وَإِنَّ اللَّهَ تَعَالَى نَظَرَ إِلَى أَهْلِ الْأَرْضِ فَمَقَتَهُمْ، عَرَبَهُمْ وَعَجَمَهُمْ، إِلَّا بَقَايَا مِنْ أَهْلِ الْكِتَابِ، وَقَالَ: إِنَّمَا بَعَثْتُكَ لِأَبْتَلِيَكَ وَأَبْتَلِيَ بِكَ، وَأَنْزَلْتُ عَلَيْكَ كِتَابًا لَا يَغْسِلُهُ الْمَاءُ، تَقْرَؤُهُ نَائِمًا وَيَقْظَانَ؛ وَإِنَّ اللَّهَ تَعَالَى أَمَرَنِي أَنْ أُحَرِّقَ قُرَيْشًا. فَقُلْتُ: رَبِّ إِذًا يَثْلَغُوا رَأْسِي فَيَدَعُوهُ خُبْزَةً. فَقَالَ: اسْتَخْرِجْهُمْ كَمَا أَخْرَجُوكَ، وَاغْزُهُمْ نُغْزِكَ. وَأَنْفِقْ فَسَنُنْفِقْ عَلَيْكَ. وَابْعَثْ جَيْشًا نَبْعَثْ خَمْسَةً مِثْلَهُ، وَقَاتِلْ بِمَنْ أَطَاعَكَ مَنْ عَصَاكَ. قَالَ: وَأَهْلُ الْجَنَّةِ ثَلَاثَةٌ: ذُو سُلْطَانٍ مُقْسِطٌ مُتَصَدِّقٌ مُوَفَّقٌ، وَرَجُلٌ رَحِيمٌ رَقِيقُ الْقَلْبِ لِكُلِّ ذِي قُرْبَى وَمُسْلِمٍ، وَعَفِيفٌ مُتَعَفِّفٌ ذُو عِيَالٍ. قَالَ: وَأَهْلُ النَّارِ خَمْسَةٌ: الضَّعِيفُ الَّذِي لَا زَبْرَ لَهُ، الَّذِينَ هُمْ فِيكُمْ تَبَعًا لَا يَتْبَعُونَ أَهْلًا وَلَا مَالًا، وَالْخَائِنُ الَّذِي لَا يَخْفَى لَهُ طَمَعٌ، وَإِنْ دَقَّ، إِلَّا خَانَهُ، وَرَجُلٌ لَا يُصْبِحُ وَلَا يُمْسِي إِلَّا وَهُوَ يُخَادِعُكَ عَنْ أَهْلِكَ وَمَالِكَ، وَذَكَرَ الْبُخْلَ وَالْكَذِبَ، وَالشِّنْظِيرُ الْفَحَّاشُ، وَإِنَّ اللَّهَ تَعَالَى أَوْحَى إِلَيَّ أَنْ تَوَاضَعُوا حَتَّى لَا يَفْخَرُ أَحَدٌ عَلَى أَحَدٍ، وَلَا يَبْغِي أَحَدٌ عَلَى أَحَدٍ. أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ.

Қазақша аудармасы

Ияд ибн Химар (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) былай деді: “Раббым бүгін маған үйреткенінен сендер білмейтінді үйретуімді бұйырды. Ол: ‘Құлыма берген әрбір мал-мүлкім – адал. Құлдарымның бәрін ханиф, яғни хаққа бейім етіп жараттым. Оларға шайтандар келіп, діндерінен тайдырды. Мен адал еткенді оларға харам қылды. Өзім ешбір дәлел түсірмеген нәрсені Маған серік қосуды бұйырды’, – деді.

Алла Тағала жер тұрғындарына қарап, Кітап иелерінен қалған азын-аулағынан өзге арабқа да, араб емеске де қаһарланды. Ол: ‘Сені сынау және сен арқылы өзгелерді сынау үшін жібердім. Саған су шайып кетіре алмайтын, ұйқыда да, ояуда да оқитын Кітап түсірдім’, – деді.

Алла Тағала маған Құрайышқа қарсы соғысуды бұйырды. Мен: ‘Уа, Раббым! Онда олар басымды жарып, нанға ұқсатып тастайды ғой’, – дедім. Ол: ‘Сені қуып шығарғанындай, сен де оларды қуып шық. Оларға қарсы аттан, саған жәрдем береміз. Мал жұмса, саған да береміз. Әскер аттандыр, біз саған одан бес есе көп әскер жібереміз. Өзіңе бағынғандармен бірге қарсы шыққандарға қарсы соғыс’, – деді. Жәннат иелері үш түрлі: әділ, садақа беретін, ізгілікке жолы ашылған билеуші, әр туысына және әр мұсылманға мейірімді, жүрегі жұмсақ кісі және бала-шағасы бола тұра арын сақтап, жұрттан тіленбейтін кісі”.

Алла елшісі (с.а.с.) сөзін жалғап: “Тозақ иелері бес түрлі:

• Өз бетімен іс қылар пайымы жоқ әлсіздер. Олар араларыңда біреуге еріп жүреді, отбасы да, мал-мүлкі де жоқ.

• Титтей олжаға дәмесі туса да, қиянаттан тайынбайтын опасыз.

• Таң атса да, кеш батса да, отбасың мен мал-мүлкіңе қатысты сені алдап жүретін адам.

• Ол сараңдық пен өтірікті де атады.

• Мінезі нашар, сөзі дөрекі адам”, – деді.

Содан кейін: “Алла Тағала маған кішіпейіл болуларыңды уахи етті. Ешкім ешкімнің алдында мақтанбасын, ешкім ешкімге зұлымдық жасамасын”, – деді».1

  1. 1Мүслим, жәннат 63 (2865).
5937
Кутуб ситтә, № 5937 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Әбу Умама (р.а.)

وَعَنْ أَبِي أُمَامَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: إِنَّ اللَّهَ قَدْ أَعْطَى كُلَّ ذِي حَقٍّ حَقَّهُ فَلَا وَصِيَّةَ لِوَارِثٍ، الْوَلَدُ لِلْفِرَاشِ، وَلِلْعَاهِرِ الْحَجَرُ، وَحِسَابُهُمْ عَلَى اللَّهِ؛ وَمَنِ ادَّعَى إِلَى غَيْرِ أَبِيهِ أَوْ انْتَمَى إِلَى غَيْرِ مَوَالِيهِ فَعَلَيْهِ لَعْنَةُ اللَّهِ التَّابِعَةُ إِلَى يَوْمِ الْقِيَامَةِ. لَا تُنْفِقُ امْرَأَةٌ مِنْ بَيْتِ زَوْجِهَا إِلَّا بِإِذْنِهِ، قِيلَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَلَا الطَّعَامَ؟ قَالَ: ذَلِكَ مِنْ أَفْضَلِ أَمْوَالِنَا. وَقَالَ: الْعَارِيَةُ مُؤَدَّاةٌ، وَالْمِنْحَةُ مَرْدُودَةٌ، وَالدَّيْنُ مَقْضِيٌّ، وَالزَّعِيمُ غَارِمٌ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Умама (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Алла Тағала әр ақы иесіне ақысын берді. Сондықтан мұрагердің пайдасына өсиет жоқ. Бала төсек иесіне тиесілі, зина жасаушыға одан үлес1 жоқ. Олардың есебі Аллаға тән. Кім өзін туған әкесінен басқаға телісе немесе өз иелерінен басқа кісілерге телінсе, қияметке дейін оған Алланың лағынеті болсын”, – деді».

Алла елшісі (с.а.с.) сөзін жалғап: «Әйел күйеуінің үйінен оның рұқсатынсыз ештеңе жұмсамасын», – деді. «Уа, Алла елшісі, азық-түлік те ме?» – деп сұралды. Ол: «Азық-түлік – мал-мүлкіміздің ең бағалысының бірі», – деді. Сосын: «Уақытша алынған зат иесіне қайтарылады. Минха да иесіне қайтарылады. Қарыз өтеледі. Кепілгер борышты өтеуге міндетті», – деді.2

Түсіндірме

Бұл хадисте бірнеше үкім бірге айтылған:

• Мұрагердің пайдасына өсиет жасалмайды. Алла мұрагердің үлесін белгілеген. Сондықтан өсиет арқылы сол үлесті арттыруға болмайды.

• Бала туған төсектің иесіне тегі жағынан тиесілі. Мұндағы «төсек» атауы анаға қатысты айтылған. Хадис баланың тегін төсек иесіне бекітеді. Бұл тұрғыда күйеу, күңнің иесі және күмәнді қатынас иесі бірдей қаралады. Зина жасаған кісі балаға тектік құқық ала алмайды. Оның ісіне белгіленген жаза қолданылады. Өйткені хадисте «зина жасаушыға тас» делінген.

• Өз тегін біле тұра жоққа шығару немесе өзін өзге текке телу – харам. Туыстық байланыс мұраға құқық берумен қатар, некелесуге тыйым салынатын жағдайларды да айқындайды. Сондықтан тегін қасақана жоққа шығару не өзгенің тегіне теліну ислам мән берген тыйымдардың бұзылуына және өзге де келеңсіздікке жол ашады.

• «Олардың есебі Аллаға тән» деген сөз былай түсіндіріледі: «Біз зина жасағандарға белгіленген жазаны қолданамыз. Есебі Аллаға қалады. Ол қаласа кешіреді, қаласа күнәсі үшін жазалайды».

Бұл хадистің мағынасы осылай түсіндірілгенімен, өзге бір хадисте: «Дүниеде хадд жазасы қолданылған кісі ақыретте осы күнәсі үшін азапталмайды. Алланың жомарттығы хадд қолданылған пендені сол ісі үшін екі рет жазалауға жол бермейді», – делінген. Сондықтан мұнда хадд қолданылмаған өзге зинасы немесе күнәсі бар адам меңзелуі де мүмкін. Оның есебі Аллаға қалады. Алла қаласа кешіреді, қаласа жазалайды. Әли әл-Қари былай түсіндіреді: «Біз шариғат үкімін істің көрінген жағына қарап қолданамыз. Ішкі сырын Алла біледі. Есебі Аллаға тән, лайықты жазаны да Ол береді». Тағы бір түсінік бойынша, жазаның қалған бөлігі, осы күнәда табандағаны немесе өзге күнәлары үшін берілетін жаза Алланың қалауына байланысты.

• Әйел күйеуінің рұқсатынсыз үйдегі оның мүлкінен құны аз нәрсені де садақа ете алмайды. Азық-түлік тәрізді бағалы затты да бермейді. Бұл үйдегі мүліктің иесі күйеуі болған жағдайда әйелдің оны жұмсауы күйеуінің рұқсатына байланысты екенін көрсетеді.

• Ғалымдар уақытша пайдалануға берілген затты, яғни ариятты қайтару мәселесінде әртүрлі пікір айтқан. Бұл пікірлер зат бүлінсе, оны өтеу міндеті жүктеле ме деген мәселемен байланысты. Өтеу міндетін қабылдағандар: «Зат бар болса, өзін қайтарады. Жарамсыз болып қалса, құнын өтейді», – деген. Басқалары қарызға алған адамды сол заттың өзін иесіне қайтаруға міндеттеу көзделген деп түсінген.

• Минха – біреуге сүтін сауу үшін мал, жемісін теру үшін ағаш немесе егін егу үшін жерді уақытша пайдалануға беру. Мұнда мүліктің өзі иелікке өтпейді, оны пайдаланудан түскен игілік беріледі.

• Хадис кепілгердің кепіл болған борышты өтеуге міндетті екенін де білдіреді.

  1. 1Хадистегі «хажар» сөзі тас мағынасына келгендіктен, «зина жасаушыға таспен өлтіру бар» деген мағына шығады.
  2. 2Тирмизи, Уасая 5 (2121); Әбу Дәуіт, Буйуғ 90 (3565).
5938
Кутуб ситтә, № 5938 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: لَا تُسَمُّوا الْعِنَبَ الْكَرْمَ، وَلَا تَقُولُوا: خَيْبَةَ الدَّهْرِ، فَإِنَّ اللَّهَ هُوَ الدَّهْرُ. أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَأَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Жүзімді ‘кәрм’ деп атамаңдар. ‘Құрығыр дәуір-ай!’ деп заманды тілдемеңдер. Өйткені дәуірдің иесі – Алла”, – деді».1

Түсіндірме

1. Алла елшісі (с.а.с.) бірнеше хадисте сөз әдебін сақтап, тілге абай болуға шақырған. Мүмін күнделікті сөзінің өзіне мән береді. Бұрыннан жеткен немесе сәнге айналып, тілге енген кейбір сөз бен теңеу сенімге қайшы келіп, әдепке нұқсан келтіруі мүмкін. Мүмін осындай қолданысқа сақ болғаны жөн. Құранда: ﴿يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ لَا تَقُولُوا۟ رَٰعِنَا وَقُولُوا۟ ٱنظُرْنَا وَٱسْمَعُوا۟﴾ «Уа, иман келтіргендер! Пайғамбарға “рағина” деген екі ұшты сөзді айтпаңдар, оның орнына “унзурна” деп айтыңдар, әрі айтқанына құлақ асыңдар»2, – делінген. Тағы бір аятта: ﴿مِّنَ ٱلَّذِينَ هَادُوا۟ يُحَرِّفُونَ ٱلْكَلِمَ عَن مَّوَاضِعِهِۦ وَيَقُولُونَ سَمِعْنَا وَعَصَيْنَا وَٱسْمَعْ غَيْرَ مُسْمَعٍ وَرَٰعِنَا لَيًّۢا بِأَلْسِنَتِهِمْ وَطَعْنًا فِى ٱلدِّينِ وَلَوْ أَنَّهُمْ قَالُوا۟ سَمِعْنَا وَأَطَعْنَا وَٱسْمَعْ وَٱنظُرْنَا لَكَانَ خَيْرًا لَّهُمْ وَأَقْوَمَ﴾ «Яһудилердің арасында сөздің мағынасы мен қалыбын өзгертіп, кей сөздерді әдейі бұрмалап айтатындар бар. Олар: “естідік және бағынудан бас тарттық”, “бізді тыңда, сөз тыңдамағыр” және “рағина” деп айтады. Олар бұл сөздерді дінге тіл тигізіп, мазақтау пиғылымен әдейі бұрмалап айтады. Егер олар керісінше: “естідік әрі мойынсұндық”, “бізге құлақ асыңыз” және “бізге де көңіл бөлесіз бе?” деп айтса, өздері үшін әлдеқайда жақсы һәм дұрыс болар еді»3, – делінген.

2. Бұл хадисте жүзімді «кәрм» деп атауға және дәуірді тілдеуге тыйым салынған. Ғалымдар мұны былай түсіндіреді:

• Жаһилият дәуірінде арабтар «кәрм» сөзін жүзім мен жүзім сабағына да, одан жасалған шарапқа да қолданған. Сондықтан Алла елшісі (с.а.с.) бұл сөзді екі мағынада да қолдануға тыйым салып, оның «жүзім» деген мағынасы бірте-бірте ұмытылғанын қалаған. Өйткені «кәрм» шарапты еске түсіріп, оған құмарлық оятуы, харамға итермелеуі мүмкін.

• Тіл мамандары «дәһірді» ғаламның әуелден ақырға дейін созылатын мерзімі деп түсіндірген. Жаһилият дәуірінде бар оқиға мен ауыртпалықты түн мен күннен тұратын дәуірге теліген. Бұған сенгендер екі топқа бөлінген. Бірі Аллаға сенбеген, дәуірден, оқиға өтетін түн мен күннен өзге ықпал иесін мойындамаған. Олар бүкіл жамандықты дәуірден көрген. «Дәһрия» аталған осы топтың ﴿وَمَا يُهْلِكُنَآ إِلَّا ٱلدَّهْرُ﴾ «Бізді тек замана ағымы ғана біржолата құртып, жоқ қылады»4 деген сөзі Құранда келтірілген. Екінші топ Жаратушыға сенгенімен, жамандықты Одан емес, дәуірден көріп, «Құрығыр дәуір-ай!» деп тілдеген.

Хадис Алла елшісінің (с.а.с.) осы сенімді жойып, оған тыйым салғанын көрсетеді. Ғаламдағы барлық құбылысты Алла жаратады. Жамандықты дәуірге теліп, оны балағаттау қате. Мұндай сенім – ширктің бір түрі. Ислам жақсылық пен жамандықты Алла жаратады деп үйретеді. Жаһилият адамдары жамандықты дәуірге телу арқылы Алланы пәктегісі келген. Исламда жамандықты жарату кемшілік саналмайды. Кемшілік – жаман істі істеуде. Алла Тағала жақсылық тілегенге жақсылық, жамандық тілегенге жамандық жаратады. Адамның сынақ үшін жаратылғаны осы тұста еске түседі.

Хадистегі «Алла – дәуір» деген сөз бүкіл жаратылыс өмір сүретін уақытқа Алла билік жүргізетінін білдіреді. Дәуір Оның басқаруы мен иелігінде.

  1. 1Бұхари, Әдәб 101; Мүслим, Әлфаз 516, (2246, 2247); Әбу Дәуіт, Әдәб 81 (4974); Муатта, Кәлам 3, (2, 984).
  2. 2«Бақара» 104.
  3. 3Ниса, 46.
  4. 4Жасия, 24.
5939
Кутуб ситтә, № 5939 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Уаил ибн Хужр (р.а.)

وَعَنْ وَائِلِ بْنِ حُجْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: لَا تَقُولُوا الْكَرْمَ، وَلَكِنْ قُولُوا الْعِنَبَ وَالْحَبَلَةَ. أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ.

Қазақша аудармасы

Уаил ибн Хужр (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “‘Кәрм’ демеңдер, ‘инаб’ немесе ‘хабала’ деңдер”, – деді».1

Түсіндірме

Алдыңғы хадистің түсіндірмесіне мынаны қосамыз: «хабала» немесе «хабла» – жүзім сабағының атауы. Алла елшісі (с.а.с.) жүзімді атағанда шарапқа да қолданылған «кәрм» сөзінен бас тартып, «инаб» пен «хабала» атауларын қолдануға шақырған.

Тыйымды жүзімнің арабша атауына қатысты алсақ, ол араб тілінде сөйлейтіндерге арналған. Ал әр сөзге сақ болу тұрғысынан қарасақ, барлық мүмінге қатысты.

  1. 1Мүслим, Әлфаз 12 (2248).
5940
Кутуб ситтә, № 5940 · тараудағы реті: 6

وَعَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ حُبْشِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَنْ قَطَعَ سِدْرَةً صَوَّبَ اللَّهُ رَأْسَهُ فِي النَّارِ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ. وَقَالَ: هَذَا الْحَدِيثُ مُخْتَصَرٌ. يَعْنِي: مَنْ قَطَعَ سِدْرَةً فِي فَلَاةٍ يَسْتَظِلُّ بِهَا ابْنُ السَّبِيلِ وَالْبَهَائِمُ عَبَثًا وَظُلْمًا بِغَيْرِ حَقٍّ يَكُونُ لَهُ فِيهَا، صَوَّبَ اللَّهُ رَأْسَهُ فِي النَّارِ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Хубши (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Кім бір сидр ағашын кессе, Алла оны тозаққа басымен құлатады”, – деді».1

Осы хадис жайында сұрағанда, Әбу Дәуіт былай деген: «Бұл хадис қысқаша берілген. Мағынасы мынадай: “Жапанда өсіп тұрған, жолаушылар мен мал көлеңкелейтін сидр ағашын оған ешбір құқығы жоқ адам себепсіз әрі қиянатпен кессе, Алла оны тозаққа басымен құлатады”».

  1. 1Әбу Дәуіт, Әдәб 171 (5239).
5941
Кутуб ситтә, № 5941 · тараудағы реті: 7

وَعَنْ حَسَّانِ بْنِ إِبْرَاهِيمَ قَالَ: سَأَلْتُ هِشَامَ بْنَ عُرْوَةَ عَنْ قَطْعِ السِّدْرِ، وَهُوَ مُسْتَنِدٌ إِلَى قَصْرِ عُرْوَةَ. فَقَالَ: أَتَرَى هَذِهِ الْأَبْوَابَ وَالْمَصَارِيعَ كُلَّهَا؟ إِنَّمَا هِيَ مِنْ سِدْرِ عُرْوَةَ كَانَ عُرْوَةُ يَقْطَعُهُ مِنْ أَرْضِهِ؛ وَقَالَ: لَا بَأْسَ بِهِ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Хассан ибн Ибраһим былай дейді: «Хишам ибн Уруадан сидр ағашын кесуге бола ма деп сұрадым. Ол Уруаның үйіне сүйеніп отырған еді. Маған: “Мына есіктер мен олардың жармаларын көріп тұрсың ба? Бәрі де Уруаның сидр ағашынан жасалған. Уруа оны өз жерінен кесіп алып, ‘Мұның әбестігі жоқ’, – деген”, – деп жауап берді». Басқа риуаятта Хишамның оған: «Әй, ирактық! Бұл тыйым – сен шығарған бидғат», – дегені айтылады. Сонда Хассан ибн Ибраһим: «Жоқ, бұл бидғат сендерден шыққан. Мен Меккеде біреудің “Сидр ағашын кескен адамға Алланың лағынеті болсын!” дегенін естідім», – деп жауап берген.1

Түсіндірме

Соңғы екі риуаят сидр ағашын кесуге тыйым салынған-салынбағаны жайында. Кей жерлерде бұл ағаш «Арабия шиесі» деп аталады. Ол Құранда бірнеше жерде аталған. Жапырағын кептіріп, ұнтақтаған да, жуынғанда сабын орнына қолданған. Екі риуаяттан аңғарылғандай, бұл ағашты кесуге бола ма деген мәселе талас тудырған. «Кәшфуз-зунун» еңбегіндегі дерекке қарағанда, имам Суюти осы тақырыпта «Рафғул-хазар ан қатғис-сидр» атты рисала да жазған.

Бұл мәселені талқылаған ғалымдар сидр ағашын кесуге болады деп үкім берген. Оны кесуге үзілді-кесілді тыйым салатындай қасиеттілік жоқ. Әбу Дәуіттің ескертуінше, тыйым ағаштың жұртқа тигізетін пайдасына байланысты. Демек, бұл хадис ел билігінің заман мен жағдайға қарай кейбір ағаштарды кесуді шектеуіне, тіпті тыйым салуына шариғи дәлел бола алады. Түсіндірмелерде бұл мәселе кеңірек қарастырылған. Бізге осы айтылғаны жеткілікті.

  1. 1Әбу Дәуіт, Әдәб 171 (5241).
5942
Кутуб ситтә, № 5942 · тараудағы реті: 8Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: مُرَّ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ بِحِمَارٍ قَدْ وُسِمَ فِي وَجْهِهِ، فَقَالَ: لَعَنَ اللَّهُ مَنْ وَسَمَهُ، وَنَهَى عَنِ الضَّرْبِ فِي الْوَجْهِ، وَعَنِ الْوَسْمِ فِيهِ. أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَأَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Жабир (р.а.) жеткізеді: «Біреулер бетін күйдіріп таңба салынған есекті жетектеп, Алла елшісінің (с.а.с.) жанынан өтті. Ол: “Мына есектің бетіне таңба салғанға Алланың лағынеті болсын!” – деді. Сөйтіп, беттен ұруға да, бетке таңба салуға да тыйым салды».1

Түсіндірме

Арабша «уәсм» сөзі белгі қою, таңбалау дегенді білдіреді. Қазақта мұны «ен салу» дейді. Ауылда әр отбасының өзіне тән ені болады. Сол ен арқылы малдың иесін таниды. Көбіне малдың құлағын күйдіріп, тесіп, тіліп немесе жарып ен салады.

Бұл хадисте малдың бетіне таңба салуға тыйым салынған. Өйткені таңба өшпей қалады да, малдың табиғи ажарын бұзады.

2. Нәуәуи былай дейді: «Адам болсын, мал болсын, құрметке лайық тіршілік иесін бетінен ұруға тыйым салынған. Бұл тұрғыда есек, ат, түйе, қашыр, қойдың бәріне бірдей үкім жүреді. Адамға қатысты тыйым қатаңырақ. Өйткені жүз – адамның көркі. Оның үстіне бет өте нәзік, соққыдан із қалса, өңін бұзуы немесе сезім мүшелерінің біріне зақым келтіруі мүмкін.

Бетке таңба салуға тыйым салынғанына ғалымдар бірауыздан келіскен. Малдың бетінен басқа жеріне таңба салуға рұқсат етіледі».

Алла елшісінің (с.а.с.) малдың құлағына өзі ен салғанын жеткізетін риуаяттар бар. Келесі екі риуаят осыған қатысты. Дегенмен күйдіріп таңба салуды мәкруһ санаған ғалымдар да болған.

  1. 1Мүслим, Либас 106 (2116); Әбу Дәуіт, Жиһад 56 (2564); Тирмизи, Жиһад 30 (1710).
5943
Кутуб ситтә, № 5943 · тараудағы реті: 9Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: رَأَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حِمَارًا مَوْسُومَ الْوَجْهِ فَأَنْكَرَ ذَلِكَ. قَالَ: فَوَاللَّهِ لَا أَسِمُهُ إِلَّا فِي أَقْصَى شَىْءٍ مِنَ الْوَجْهِ، وَأَمَرَ بِحِمَارٍ لَهُ فَكُوِيَ فِي جَاعِرَتَيْهِ، فَهُوَ أَوَّلُ مَنْ كَوَى الْجَاعِرَتَيْنِ. أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) бетіне таңба салынған есекті көріп, мұны құптамады. Сонда: “Аллаға ант етейін, оған бетінен барынша алыс жерге ғана таңба саламын”, – деген сөз айтылды. Сөйтіп, есекке бұйрық беріп, оның сауырының екі жағына таңба салдырды. Сауырдың екі жағына алғаш таңба салдырған да сол еді».1

  1. 1Мүслим, Либас 108 (2118).
5944
Кутуб ситтә, № 5944 · тараудағы реті: 10Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: غَدَوْتُ بِعَبْدِ اللَّهِ بْنِ أَبِي طَلْحَةَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ لِيُحَنِّكَهُ فَرَأَيْتُهُ وَفِي يَدِهِ الْمِيسَمُ يَسِمُ إِبِلَ الصَّدَقَةِ. أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَأَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) жеткізеді: «Абдулла ибн Әбу Талханы таңертең тахник жасасын деп Алла елшісіне (с.а.с.) апардым. Барсам, қолына таңба салатын істік ұстап, зекетке жиналған түйелерге таңба салып жатыр екен».1

Түсіндірме

Ен салу жайындағы түсіндірме жоғарыда берілді.

  1. 1Бұхари, Либас 22, Зекет 69, Забаих 35; Мүслим, Либас 112 (2119); Әбу Дәуіт, Жиһад 57 (2563).
5945
Кутуб ситтә, № 5945 · тараудағы реті: 11Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: إِذَا اسْتَجْنَحَ اللَّيْلُ، أَوْ كَانَ جُنْحُ اللَّيْلِ فَكُفُّوا صِبْيَانَكُمْ، فَإِنَّ الشَّيَاطِينَ تَنْتَشِرُ حِينَئِذٍ. فَإِذَا ذَهَبَ سَاعَةٌ مِنَ الْعِشَاءِ فَخَلُّوهُمْ، وَأَغْلِقْ بَابَكَ وَاذْكُرِ اسْمَ اللَّهِ، وَأَطْفِ مِصْبَاحَكَ وَاذْكُرِ اسْمَ اللَّهِ، وَأَوْكِ سِقَاءَكَ وَاذْكُرِ اسْمَ اللَّهِ، وَخَمِّرْ إِنَائَكَ وَاذْكُرِ اسْمَ اللَّهِ، وَلَوْ أَنْ تَعْرُضَ عَلَيْهِ شَيْئًا فَإِنَّ الشَّيْطَانَ لَا يَفْتَحُ بَابًا مُغْلَقًا، وَأَطْفِئُوا الْمَصَابِيحَ فَإِنَّ الْفُوَيْسِقَةَ رُبَّمَا جَرَّتِ الْفَتِيلَةَ فَأَحْرَقَتْ أَهْلَ الْبَيْتِ. أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ إِلَّا النَّسَائِيَّ.

Қазақша аудармасы

Жабир (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) былай деді: “Қараңғы түскенде балаларыңды сыртқа шығармаңдар. Өйткені сол кезде шайтандар жан-жаққа тарайды. Кештің алғашқы бір сағаты өткен соң, балаларды еркіне жіберіңдер. Есігіңді жауып, Алланың атын ата. Шамыңды сөндіріп, Алланың атын ата. Торсығыңның аузын байлап, Алланың атын ата. Ыдысыңның бетін жауып, Алланың атын ата. Қақпақ таппасаң, үстіне бір нәрсе көлденең қойсаң да болады. Өйткені шайтан жабық есікті аша алмайды. Шамдарды сөндіріңдер. Тышқан шамның білтесін сүйреп әкетіп, үй ішін өртеп жіберуі мүмкін”».1

Түсіндірме

Жоғарыдағы хадисте Алла елшісі (с.а.с.) бала тәрбиесіне, қауіпсіздік пен денсаулыққа қатысты күнделікті өмірге қажет кеңестер берген.

Ибн әл-Жаузи қараңғы түскенде балаларды сыртқа шығармау жайындағы өсиетті былай түсіндіреді: «Сол уақытта балалар үшін алаңдауға негіз бар. Өйткені шайтандар жақындайтын ластық көбіне балаларда болады. Оның үстіне көп бала шайтаннан қорғайтын зікірді біле бермейді. Ал шайтандар тараған кезде қолға түсірер нәрсеге кезіксе, соған жармасады. Сондықтан сол уақытта балаларға сақ болған жөн».

Шайтандардың дәл сол мезгілде тарауының себебі мынада: оларға күндізгіден гөрі түнде тарау оңай. Қараңғылық оларға жарыққа қарағанда қолайлы. Қара түсті нәрселер де осыған жатады. Сол себепті Әбу Зәрр жеткізген риуаятта Алла елшісі (с.а.с.) намазды бұзатын нәрселердің арасында «шайтан болған қара итті» де атаған.

Хадисте шайтанның зиянынан сақтану амалдары да аталған. Есікті мықтап жауып, жабарда «бисмиллә» айту, балалар мен малды іңірде далаға жібермеу керек. Басқа бір хадисте кісі үйіне кіргенде «бисмиллә» десе, шайтанның: «Бұл үйде түней алмаймыз», – дейтіні айтылған.

  1. 1Бұхари, Бәдул-халқ 11, 14, Әшриба 22, Истизан 49, 50; Мүслим, Әшриба 96 (2012); Муатта, Сыфатун-Нәби 21, (2, 928, 929); Әбу Дәуіт, Әшриба 22, (3731, 3732, 3733, 3734); Тирмизи, Әтғима 15 (1813).
5946
Кутуб ситтә, № 5946 · тараудағы реті: 12Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: جَاءَتْ فَأْرَةٌ تَجُرُّ فَتِيلَةً فَأَلْقَتْهَا بَيْنَ يَدَيْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ عَلَى الْخُمْرَةِ الَّتِي كَانَ قَاعِدًا عَلَيْهَا، فَأَحْرَقَتْ مِنْهَا مِثْلَ مَوْضِعِ دِرْهَمٍ. فَقَالَ ﷺ: إِذَا نِمْتُمْ فَأَطْفِئُوا سُرُجَكُمْ فَإِنَّ الشَّيْطَانَ يَدُلُّ مِثْلَ هَذِهِ عَلَى هَذَا فَتَحْرِقَكُمْ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) жеткізеді: «Бір тышқан шамның білтесін сүйреп әкеліп, Алла елшісінің (с.а.с.) алдына, өзі отырған төсеніштің үстіне тастады. Төсеніштің дирһамдай жері күйіп кетті. Сонда Алла елшісі (с.а.с.): “Ұйықтарда шамдарыңды сөндіріңдер. Шайтан осындай жәндікке осындай нәрсені көрсетіп, сендерді өртке ұшыратады”, – деді».1

  1. 1Әбу Дәуіт, Әдәб 173 (5247).
5947
Кутуб ситтә, № 5947 · тараудағы реті: 13Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

وَعَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: اِحْتَرَقَ بَيْتٌ بِالْمَدِينَةِ عَلَى أَهْلِهِ مِنَ اللَّيْلِ فَأُخْبِرَ النَّبِيُّ ﷺ بِشَأْنِهِمْ. فَقَالَ: إِنَّ هَذِهِ النَّارَ عَدُوٌّ لَكُمْ. فَإِذَا نِمْتُمْ فَأَطْفِئُوهَا عَنْكُمْ. أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ.

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) жеткізеді: «Мәдинада түн ішінде бір үй ішіндегі адамдарымен қоса отқа оранды. Мұны Пайғамбарға (с.а.с.) хабарлағанда, ол: “Мына от – сендерге дұшпан. Ұйықтарда оны сөндіріңдер”, – деді».1

  1. 1Бұхари, Истизан 49 (6294). Мүслим, Әшриба 101 (2016).
5948
Кутуб ситтә, № 5948 · тараудағы реті: 14

وَعَنْ عَلِيِّ بْنِ عُمَرَ بْنِ عَلِيِّ بْنِ الْحُسَيْنِ بْنِ عَلِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمْ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: أَقِلُّوا الْخُرُوجَ بَعْدَ هَدْأَةِ الرِّجْلِ فَإِنَّ لِلَّهِ دَوَابَّ يَبُثُّهُنَّ فِي الْأَرْضِ فِي تِلْكَ السَّاعَةِ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әли ибн Омар ибн Әли ибн әл-Хұсейн ибн Әли (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) былай деді: “Ел аяғы басылғаннан кейін сыртқа шығуды азайтыңдар. Өйткені Алла дәл сол мезгілде жер бетіне бірқатар жануарды таратады”».1

Түсіндірме

Хадис ел аяғы басылғанда үйден көп шықпауға кеңес береді. Мұнда тыйымнан гөрі жөн сілтеу, абзалын көрсету көзделген. Мұнауидің түсіндіруінше, тыныш уақытта көшеге шыққан адам сол мезгілде қимылға көшетін жануарларға зиян тигізуі мүмкін немесе өзі солардан зиян шегуі мүмкін. Сондықтан мұндай уақытта сыртқа шықпаған абзал. Қажет болғанда шығуға рұқсат бар.

  1. 1Әбу Дәуіт Әдәб 115 (5103).
5949
Кутуб ситтә, № 5949 · тараудағы реті: 15Риуаят етуші: Рафиғ ибн Хадиж (р.а.)

وَعَنْ رَافِعِ بْنِ خَدِيجٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَدِمَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ الْمَدِينَةَ وَهُمْ يَأْبِرُونَ النَّخْلَ، فَقَالَ: مَا تَصْنَعُونَ؟ قَالُوا: شَيْئًا كُنَّا نَصْنَعُهُ فَقَالَ: لَعَلَّكُمْ لَوْ لَمْ تَصْنَعُوهُ لَكَانَ خَيْرًا فَتَرَكُوهُ فَنَفَضَتْ فَذُكِرَ لَهُ ذَلِكَ فَقَالَ: إِنَّمَا أَنَا بَشَرٌ إِذَا أَمَرْتُكُمْ بِشَيْءٍ مِنْ أَمْرِ دِينِكُمْ فَخُذُوا بِهِ، وَإِذَا أَمَرْتُكُمْ بِشَيْءٍ مِنْ رَأْيٍ فَإِنَّمَا أَنَا بَشَرٌ. أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ.

Қазақша аудармасы

Рафиғ ибн Хадиж (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) Мәдинаға келгенде, жұрт құрма ағаштарын қолмен тозаңдандырып жатыр екен. Ол: “Не істеп жатырсыңдар?” – деп сұрады. Олар: “Бұрыннан істеп келе жатқан ісіміз”, – деді. Сонда ол: “Мұны істемесеңдер, бәлкім, жақсырақ болар еді”, – деді. Олар тозаңдандыруды қойды, бірақ құрманың түйіндері төгіліп қалды. Бұл жайды Алла елшісіне (с.а.с.) айтқанда, ол: “Мен де адаммын. Діндеріңе қатысты бір нәрсе бұйырсам, соны ұстаныңдар. Ал өз пайымыммен бір нәрсе айтсам, менің де адам екенімді ескеріңдер”, – деді».1

Түсіндірме

Бұл хадис Алла елшісінің (с.а.с.) дінге қатысты бұйрықтары мен дүниелік мәселелер жөніндегі пікірлерін ажыратуға болатынын көрсетеді. Ол құрманы тозаңдандыру туралы алғашқы пікірінен кейін қайтқан.

Інжір сияқты құрма ағашының да аталығы мен аналығы болады. Жемісті аналығы береді. Бірақ ол үшін аталық ағаштың гүлінен шыққан тозаң аналық ағаштың гүліне жетуі қажет. Тозаңданбаса, жемістің түйіні ерте түсіп қалады.

Аталық ағаштың тозаңын аналық ағашқа жел, ара мен көбелек жеткізеді. Мұны адам қолмен істегенде ағаш жақсырақ тозаңданып, жемісі молаяды. Мәдиналықтар осы жұмысты жыл сайын атқаратын. Мұның не үшін жасалатынын білгенде, Пайғамбарымыз оның пайдасы жоқ, істемеген артық болар деп пайымдаған.

Сол жылы ағаштар табиғи жолмен тозаңданған шамада ғана жеміс салып, құрма мардымсыз шықты.

Жай-жапсарды Алла елшісіне (с.а.с.) айтқанда, ол: «Мен де адаммын. Дүниелік істеріңді менен жақсырақ білесіңдер», – деді.

Осы арада мынадай сұрақ туады: «Сөзі уахиге сүйенген Алла елшісі (с.а.с.) кейде өз пайымымен айтып, жаңылысуы мүмкін бе?»

Бұл сұраққа екі тұрғыдан жауап беруге болады:

1) Алла елшісі (с.а.с.) қай жағдайда да бізге жолбасшы. Қуаныш пен қайғыда, ашу мен жайдары шақта да одан үлгі аламыз. Қиындыққа тап болған, науқастанған, қайғырған не ашуланған адам қалай әрекет ету керегін содан үйренеді. Өміріміздің елеулі бөлігі ағаттық пен жаңсақ шешімнен тұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) қателескен кезде қалай әрекет етіп, қажет болса бұрынғы ұйғарымнан қалай қайту керегін де көрсетті. Әсіресе лауазымы мен қоғамдық беделі жоғары кісілерге қателігін мойындау қиын, ал олардың қателігі көп зиянға ұрындыруы мүмкін. Мүмін мұндайда «Пайғамбарым да жаңсақ пікірінен қайтқан» деп, қателігін мойындаудан қиналмауға тиіс.

Қателескенін аңғарып, жаңсақ ұйғарымнан қайту да Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жол көрсету міндетіне кіреді. Мысалы, «Муаттадағы» бір хадисте Алла елшісі (с.а.с.) ұмыту мен жаңылудың да Алланың қалауымен болатынын айтып: «Сүннет белгілеу үшін ұмытамын немесе маған ұмыттырылады», – деген.

Осы оқиға арқылы Алла елшісі (с.а.с.) мәні зор бір сүннет қалдырды. Адам жаңсақ шешімінен қайтуы керек. Оған лауазымы да, қоғамдағы орны да бөгет болмауға тиіс.

Кемел жолбасшы болу үшін Алла елшісінің (с.а.с.) мұндай жағдайларда кейде жаңылуы да қажет еді. Осындай жаңылысу оның ұлылығын арттыра түседі.

2) Мәселенің екінші жағы уахидың дәрежелеріне қатысты. Алла елшісі (с.а.с.) Құраннан өзге де түрлі дәрежедегі уахи алған. ﴿وَلَوْ أَنَّمَا فِى ٱلْأَرْضِ مِن شَجَرَةٍ أَقْلَٰمٌ وَٱلْبَحْرُ يَمُدُّهُۥ مِنۢ بَعْدِهِۦ سَبْعَةُ أَبْحُرٍ مَّا نَفِدَتْ كَلِمَٰتُ ٱللَّهِ إِنَّ ٱللَّهَ عَزِيزٌ حَكِيمٌ﴾ «Алланың хақ сөздерін жазу үшін жердегі ағаштың бәрі қаламға, теңіз һәм оған қоса, дәл сондай жеті бірдей теңіз сияға айналса да, Алланың сөздері түгесілмейді! Алла – бәрінен үстем, асқан даналық иесі (Азиз, Хаким)»2 деген аятта айтылғандай, Алланың кәламы Құранмен немесе көктен түскен өзге кітаптармен шектелмейді. Әрине, Алланың сөзі ретінде Құран ең жоғары дәрежеде. Дегенмен адам, жын, періште және жан-жануар сияқты сана мен тіршілік иелерінің сөйлеуі мен илһамы да Алланың қалауымен және жаратуымен іске асады. Әрқайсысы өз қабілетіне қарай Алланың кәлам сипатының сәулесіне бөленеді. Бұл болмаса, сөйлеу де, тілдесу де болмас еді.

Алла елшісінің (с.а.с.) пайғамбарлық міндетімен қатар адамдық болмысына тән жайлар да болған. Сондықтан оның сөздерінің дәрежесі әртүрлі екенін қабылдаған жөн. «Бәрі де уахи» деп, оның барлық сөзін Құран дәрежесінде қарастыру жаңсақтыққа ұрындырады. Құран мен сүннетті Алла елшісінің өзі ажыратқан. Сахабалар, табиғиндер және олардан кейінгі буын ғалымдары да солай істеген.

Біздің міндетіміз – ғалымдардың жолын ұстанып, әр нәрсені өз орнына қойып, асыра сілтеуден де, кем бағалаудан да сақтану. Өйткені қазір Құран мен сүннетті шатастыратындар да, жоғарыдағы хадисті мысалға келтіріп, Құраннан өзгені мойындамайтын әрі хадистің мәнін түсінбейтіндер де жиі кездеседі.

Алла елшісінің (с.а.с.) сөздерінің осы дәрежелері туралы Бәдиуззаман былай деген: «Ардақты Пайғамбар (с.а.с.) – адам, сол тұрғыдан адамша әрекет етеді. Ол – елші, сол тұрғыдан Алла Тағаланың хабарын жеткізеді. Елшілігі уахиге сүйенеді. Уахи екі түрлі. Біріншісі – айқын уахи. Ардақты Пайғамбар (с.а.с.) оны жеткізеді, оған өзінен ештеңе қоспайды. Құран мен кейбір құдси хадистер осыған жатады. Екіншісі – астарлы уахи. Оның өзегі уахи мен илһамға сүйенеді, ал оны тарқатып түсіндіру ардақты Пайғамбарға (с.а.с.) жүктелген. Қысқаша уахи етілген оқиғаның мәнін ол кейде қайтадан илһам мен уахиға сүйеніп ашады, кейде өз парасатымен түсіндіреді. Өз ижтиһадымен түсіндіргенде, елшілік міндеті тұрғысынан жоғары құдіретке сүйенеді немесе адамдық тұрғыдан жұрттың әдет-ғұрпы мен түсінігіне қарай баяндайды. Сондықтан әр оқиғаға берілген түсіндірмені түгелдей таза уахи деп қабылдауға болмайды. Адамдыққа тән пайымдары мен іс-әрекетінен елшіліктің терең сырын іздеу де жөнсіз. Кейбір жайттар оған қысқаша уахи етіледі. Оны өзі пайымдап, жалпылама түрде жеткізеді. Осындай баяндаудағы астарлы әрі түсінігі қиын тұстар кейде тәпсірді, кейде айқындауды қажет етеді. Өйткені кейбір ақиқаттар мысал арқылы түсіндіріледі. Бірде Пайғамбар (с.а.с.) сахабаларымен отырғанда гүрс еткен қатты дыбыс естіледі. Сонда ол: “Бұл – жетпіс жылдан бері құлап келе жатқан тастың тозақ түбіне жеткендегі дыбысы”, – дейді. Бір сағаттан кейін жетпіс жасқа келген аты белгілі бір мұнафықтың өліп, тозаққа кеткені жайлы хабар келеді. Осы оқиға Пайғамбардың (с.а.с.) шешендікпен мысалдап айтқан сөзінің мәнін ашты».

  1. 1Мүслим, Фазаил 140 (2362).
  2. 2Лұқман, 27.
5950
Кутуб ситтә, № 5950 · тараудағы реті: 16Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: إِذَا سَمِعْتُمْ صِيَاحَ الدِّيَكَةِ فَاسْأَلُوا اللَّهَ مِنْ فَضْلِهِ، فَإِنَّهَا رَأَتْ مَلَكًا وَإِذَا سَمِعْتُمْ نَهِيقَ الْحِمَارِ فَتَعَوَّذُوا بِاللَّهِ مِنَ الشَّيْطَانِ، فَإِنَّهَا رَأَتْ شَيْطَانًا. أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا النَّسَائِي.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) былай деді: “Әтештің шақырғанын естісеңдер, Алладан кеңшілігін тілеңдер. Өйткені әтеш періштені көрген. Есектің ақырғанын естісеңдер, шайтаннан Аллаға сиыныңдар. Өйткені есек шайтанды көрген”».1

  1. 1Бұхари, Бәдул-халқ 15; Мүслим, Зикр 82 (2729); Әбу Дәуіт, Әдәб 115 (5102); Тирмизи, Дағауат 58 (3455).
5951
Кутуб ситтә, № 5951 · тараудағы реті: 17Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: إِذَا سَمِعْتُمْ نُبَاحَ الْكِلَابِ وَنَهِيقَ الْحَمِيرِ بِاللَّيْلِ فَتَعَوَّذُوا بِاللَّهِ مِنَ الشَّيْطَانِ فَإِنَّهُمْ يَرَوْنَ مَا لَا تَرَوْنَ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Жабир (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) былай деді: “Түнде иттердің үргенін немесе есектердің ақырғанын естісеңдер, олардан Аллаға сиыныңдар. Өйткені олар сендер көрмегенді көреді”».

Түсіндірме

Бұл екі хадисте кейбір жануарлардың даусын естігенде не істеу керегі айтылады.

1) Әтештің бір ерекшелігі – әсіресе түнде белгілі бір мезгілде айнымай шақырады. Күн сайын таң алдында және таң атқан соң жүйелі түрде шақырады. Түннің ұзарып-қысқаруы оның осы дағдысын өзгертпейді. Шафиғилер таң намазының уақытын анықтағанда әтештің шақыруына сүйенуге болады деп үкім берген. Басқа бір риуаятта: «Әтешті сөкпеңдер. Өйткені ол намазға шақырады», – делінген.

Алла елшісі (с.а.с.) әтештің үнемі белгілі уақытта шақыруы кездейсоқ емес екенін, мұның Алланың қалауымен әрі періштенің ескертуімен болатынын білдірген. Әтеш періштені көргенде шақырса, сол мезетте дұға еткен адамның тілегіне періште «әмин» деуі мүмкін. Мұндай дұғаның қабыл болу ықтималы да жоғары. Адам сонымен бірге кешірім тілегеніне әрі ықыласына періштелерді куә ете алады. Осыны түсіндірген Қазы Ияд: «Бұл хадиске сүйеніп, ізгі кісілердің қасында іштей дұға етіп, береке тілеуді мұстахаб санаған», – дейді. Халими әтешті сөгуге тыйым салған хадистен «адамға пайдасы тиетін нәрсені сөкпеу, оны құрметтеу керек» деген тұжырым шығарған. Даууди: «Әтештен бес қасиет үйренуге болады: дауыстың әуезділігі, таңсәріде тұру, қызғаныш, жомарттық және жұптасуға құштарлық», – деген.

2) Ит үріп, есек ақырған кезде шайтанның жамандығынан Аллаға сиыну керегі айтылған. Кейбір ғалымдар осы хадиске сүйеніп, күнә жасалған жерде Алланың қаһары төнетінін, сондықтан соны көрген адамның «Ағузу билләһ» деуі мұстахаб екенін айтқан.

Күнделікті тіршілігін құлдық әдебіне сай өткізгісі келген адам айналасындағы әрбір көріністі Алланы еске алуға себеп етеді. Әтеш шақырса, Алладан жақсылық тілейді. Есек ақырып, ит үрсе, шайтаннан сақта деп Аллаға сиынады. Басқа хадистерде жұлдыз аққанда, жел соққанда және осы тәрізді өзге жағдайларда айтылатын зікірлер де көрсетілген.

5952
Кутуб ситтә, № 5952 · тараудағы реті: 18Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: إِذَا تَبَايَعْتُمْ بِالْعِينَةِ، وَأَخَذْتُمْ أَذْنَابَ الْبَقَرِ، وَرَضِيتُمْ بِالزَّرْعِ، وَتَرَكْتُمُ الْجِهَادَ سَلَّطَ اللَّهُ عَلَيْكُمْ ذُلًّا لَا يَنْزِعُهُ عَنْكُمْ حَتَّى تَرْجِعُوا إِلَى دِينِكُمْ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) былай деді: “Ина тәсілімен саудаласып, сиырдың соңына түсіп, егіншілікке разы болып, жиһадты тәрк етсеңдер, Алла сендерді қорлыққа салады. Діндеріңе қайта оралғанша, сол қорлықтан арылтпайды”».1

Түсіндірме

1. Түсіндірмешілер «ина тәсілімен сауда жасауды» былай сипаттаған: сатушы тауарын ақысын кейін алу шартымен сатады да, кейін оны сатып алушыдан арзан бағаға қайта сатып алады. Мұндай сауданың жарамдылығы жайында ғалымдар әртүрлі пікір айтқан. Имам Мәлик, Әбу Ханифа, Ахмад ибн Ханбал сынды бірқатар фақиһ оны жарамсыз санаған. Имам Шафиғи мен оның жақтастары жарамды деген.

2. Хадис сауда мен егіншілікке беріліп, жиһадты елеусіз қалдырудан сақтандырады. Бір қарағанда сауда мен егіншілік сыналғандай көрінеді. Мұнда жиһадты тәрк етуден туындайтын қорлыққа назар аударылған. Бұрын айтқанымыздай, Алла елшісі (с.а.с.) негізгі кәсіптердің қатарында сауда, егіншілік пен қолөнерді атаған. Осы кәсіптердің ешбірі жиһад секілді маңызды міндетті ысырып тастауға себеп болмауы керек. Шауқанидың түсіндіруінше, Алла жолындағы жиһад исламның абыройын арттырып, оны өзге діндерден үстем етеді. Мұсылмандар бұл істі тәрк етсе, Алла олардың мақсатын орындатпай, қорлыққа салады. Ат үстінде жүргендерді сиыр соңына түсіреді. Ат үстінде жүрудің сиыр соңында жүргеннен мәртебесі жоғары.

  1. 1Әбу Дәуіт, Буйуғ 56 (3462).
5953
Кутуб ситтә, № 5953 · тараудағы реті: 19Риуаят етуші: Әбу Умама (р.а.)

وَعَنْ أَبِي أُمَامَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: رَأَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ سِكَّةً وَشَيْئًا مِنْ آلَةِ الْحَرْثِ، فَقَالَ: لَا يَدْخُلُ هَذَا بَيْتَ قَوْمٍ إِلَّا أَدْخَلَ اللَّهُ فِيهِ الذُّلَّ. أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Умама (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісінің (с.а.с.) соқа мен егіншілік құралдарын көргенде: “Бұл құрал кірген үйге Алла міндетті түрде қорлық кіргізеді”, – дегенін естідім».1

Түсіндірме

Бұл хадисте де егіншілікпен бірге қорлықтың қатар жүруі айтылған. Кей түсіндірмешілер мұндағы «зиллат» сөзінен салық меңзелгенін айтқан. Өйткені билеушілер жерді пайдаланғаны үшін заң жүзінде салық алатын. Егіншілікпен көбіне әһлі зимма, яғни мұсылман билігінің қол астындағы өзге дін өкілдері айналысқан. Сахабалар жерге байланып қалуды ұнатпаған. Ибн әт-Тин бұл хадисті Алла елшісінің (с.а.с.) ғайыптан хабар берген мұғжизаларының бірі деп бағалап: «Қазір көріп отырғанымыздай, зұлымдықтың көбі егіншілерге тиіп жатыр», – деген. Оның пікіріне мына мысалды қосуға болады. Жиырмасыншы ғасырда экономикасы егіншілікке тәуелді, егіншілігі соқадан аспаған елдер артта қалып, «үшінші әлем» атанды. Өндірісін дамытып, ауыл шаруашылығына жаңа техника енгізген елдер алға озды. Дамыған елдерде халықтың шамамен 10–15 пайызы ауыл шаруашылығымен айналысады. Ал артта қалған елдерде тұрғындардың көбі осы саладан күн көреді. Соған қарамастан сала дамымай, жұрт әлі де соқаға сүйенеді.

Сонда ауыл шаруашылығына көңіл бөлмеу керек пе? Алла елшісі (с.а.с.) егін егуге де ынталандырған: «Қай мұсылман егін ексе немесе ағаш отырғызса, одан құс, адам не жануар жесе, бұл оған садақа болып жазылады». Бұл хадисте жерді игеру, егін егу мен ағаш отырғызу бағаланып, жұрт сол іске шақырылады.

Осы мазмұндағы басқа хадистер де бар. Хадистер жұртты егіншілікке ынталандырып, сонымен бірге оның келеңсіз салдарынан сақтандырады. Имам Бұхари сырттай қайшы көрінетін осы риуаяттардың мәнін жоғарыдағы хадиске берген атауымен аңғартқан. Ол тарауды «Егіншілік құралдарына үйір болудың салдары және егіншілікте шектен шығудан сақтану» деп атаған. Осы атауға қарағанда, егіншілікті сынаған риуаяттар оның қолайсыз салдарын ескертеді. Егіншілікке беріліп, адам өзіне жүктелген міндеттерді орындамай қалса немесе шектен шығып, басқа қажетті істерге көңіл бөлмесе, бұл жөнсіз. Қоғам да ауыл шаруашылығымен шектелмей, өзге салаларды дамытуы керек. Ғалымдар хадистен осындай мағына шығарған. Алла елшісінің (с.а.с.) егіншілік жайындағы әртүрлі сөздері де соны меңзесе керек.

  1. 1Бұхари, Харс 2.
5954
Кутуб ситтә, № 5954 · тараудағы реті: 20Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَتَبَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِلَى كِسْرَى وَإِلَى قَيْصَرَ وَإِلَى النَّجَاشِيِّ، وَلَيْسَ بِالنَّجَاشِيِّ الَّذِي صَلَّى عَلَيْهِ، وَإِلَى كُلِّ جَبَّارٍ عَنِيدٍ يَدْعُوهُمْ إِلَى اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ. أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) Кисраға, Қайсарға, Нәжашиге және өзге де билеушілерге оларды ұлы әрі үстем Аллаға шақырып хат жазды. Мұндағы Нәжаши – Пайғамбар (с.а.с.) сырттай жаназа намазын оқыған Нәжашиден басқа адам».1

Түсіндірме

Мұнда Алла елшісінің (с.а.с.) көрші елдердің билеушілеріне исламға шақырып жазған хаттары сөз болады. Ол бұл хаттарды Хұдайбия келісімінен қайтқан соң жазған. Алты билеушіге хаттарын елшілер арқылы бір мезгілде жіберген. Бұл тақырыпты бұған дейін кеңінен талдадық.

Хадисте бір жайт арнайы ескертілген: Алла елшісі (с.а.с.) хат жолдаған Нәжаши – өзі сырттай жаназа намазын оқыған Нәжашиден басқа адам. Нәжаши – билеушінің лауазымы. Алғашқы мұсылмандар басшыларын «халифа» немесе «әмир әл-мүмінин», ирандықтар «шах», қазақтар «хан» деп атағаны сияқты, эфиопиялықтар да сол кезеңдегі билеушілерін «Нәжаши» деген. Мұхаммед Хамидулланың зерттеуінше, Алла елшісінің (с.а.с.) көзі тірісінде Эфиопияда екі бөлек Нәжаши билік құрған. Үшіншісі де болуы мүмкін, бірақ мұны нақтылайтын дерек жеткіліксіз.2

  1. 1Мүслим, Жиһад 75 (1774); Тирмизи, Истизан 23 (2717).
  2. 2Ислам пайғамбары 478, 515 нөмірлі параграфтар.
5955
Кутуб ситтә, № 5955 · тараудағы реті: 21Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: بَعَثَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِكِتَابِهِ إِلَى كِسْرَى، فَلَمَّا قَرَأَهُ مَزَّقَهُ، فَدَعَا عَلَيْهِمْ أَنْ يُمَزَّقُوا كُلَّ مُمَزَّقٍ. أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) Кисраға хат жіберді. Кисра хатты оқығаннан кейін жыртып тастады. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) олардың өздері де быт-шыт болсын деп қарғады».1

Түсіндірме

Бұл хадис Бұхаридегі нұсқадан ықшамдалып алынған. Онда Алла елшісінің (с.а.с.) хатты Бахрейн билеушісіне тапсыртқаны, ал оның хатты Кисраға жібергені айтылады.

Басқа риуаяттарға қарағанда, Бахрейн билеушісі кейіннен исламды қабылдаған Мунзир ибн Сауа, ал Иранның Кисрасы Әбрауиз ибн Хұрмуз ибн Әнуширван болған.

Риуаяттарда Кисраның хатты оқыта бастағанда-ақ оның сөз саптауын жақтырмай, оқып бітірместен тәкаппарлықпен, ашуға булығып жыртып тастағаны айтылады. Хаттың өз атымен емес, Алла елшісінің атымен басталғанына ызаланған. Хаттың мәтіні мынадай:

«Рахман әрі Рахим Алланың атымен!

Алла елшісі Мұхаммедтен ирандықтардың ұлы билеушісі Кисраға.

Тура жолға ерген, Аллаға және Оның құлы әрі елшісіне иман келтірген, Алладан басқа құдай жоқ, Ол жалғыз, серігі жоқ, Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі деп куәлік берген адамға сәлем болсын! Сені исламға шақырамын. Мен көкірегінде жаны бар әрбір адамды ескертіп, имансыздарға Алланың сөзі жүзеге ассын деп, бүкіл адамзатқа жіберілген Алланың елшісімін. Исламды қабылда, амандық табасың. Теріс бұрылсаң, мәжусилердің күнәсін өзің арқалайсың».

Кисраның хатты қорлап, жыртып тастағанын естігенде, Алла елшісі (с.а.с.): «Алла оның билігін де быт-шыт етсін!» – деп қарғады.

Дереккөздердегі оқиғаның жалғасына қарағанда, Кисра Парвиз хатты алған соң Йемендегі әкіміне Алла елшісін (с.а.с.) шұғыл түрде астанаға жеткізуді бұйырады. Йемен әкімі осы міндетпен Мәдинаға бірнеше адам жібереді. Олар хатты тапсырғанда, Алла елшісі (с.а.с.) ертең жауап беретінін айтады. Келесі күні оларға: «Осы түні Раббым қожайындарыңды Шируяның қолымен өлтірді», – дейді. Олар Йеменге оралып, Кисраның Алла елшісі (с.а.с.) айтқандай өлтірілгеніне көз жеткізген соң исламды қабылдайды.

Алла елшісінің (с.а.с.) Кисраға жазған хатының түпнұсқасы бүгінге жеткен.

  1. 1Бұхари Илм 7.
5956
Кутуб ситтә, № 5956 · тараудағы реті: 22Риуаят етуші: Усама ибн Зәйд (р.а.)

وَعَنْ أُسَامَةَ بْنِ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: رَكِبَ النَّبِيُّ ﷺ عَلَى حِمَارٍ عَلَيْهِ إِكَافٌ تَحْتَهُ قَطِيفَةٌ فَدَكِيَّةٌ وَأَرْدَفَ أُسَامَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ وَرَاءَهُ، يَعُودُ سَعْدَ ابْنِ عُبَادَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فِي بَنِي الْحَرْثِ بْنِ الْخَزْرَجِ قَبْلَ وَقْعَةِ بَدْرٍ فَسَارَا حَتَّى مَرَّا بِمَجْلِسٍ فِيهِ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ أُبَيٍّ ابْنِ سَلُولٍ، وَذَلِكَ قَبْلَ أَنْ يُسْلِمَ عَبْدُ اللَّهِ ابْنُ أُبَيٍّ، فَإِذَا فِي الْمَجْلِسِ أَخْلَاطٌ مِنَ الْمُسْلِمِينَ وَالْمُشْرِكِينَ عَبَدَةِ الْأَوْثَانِ وَالْيَهُودِ، وَفِي الْمَجْلِسِ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ رَوَاحَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، فَلَمَّا غَشِيَتِ الْمَجْلِسَ عَجَاجَةُ الدَّابَّةِ خَمَّرَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ أُبَيٍّ أَنْفَهُ بِرِدَائِهِ، ثُمَّ قَالَ: لَا تُغَبِّرُوا عَلَيْنَا، فَسَلَّمَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَيْهِمْ ثُمَّ وَقَفَ، وَنَزَلَ فَدَعَاهُمْ إِلَى اللَّهِ تَعَالَى، وَقَرَأَ عَلَيْهِمْ الْقُرْآنَ. فَقَالَ لَهُ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ أُبَيٍّ: أَيُّهَا الْمَرْءُ إِنَّهُ لَا أَحْسَنَ مِمَّا تَقُولُ إِنْ كَانَ حَقًّا فَلَا تُؤْذِنَا بِهِ فِي مَجَالِسِنَا. ارْجِعْ إِلَى رَحْلِكَ، فَمَنْ جَاءَكَ فَاقْصُصْ عَلَيْهِ، فَقَالَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ رَوَاحَةَ: بَلَى يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَاغْشَنَا بِهِ فِي مَجَالِسِنَا، فَإِنَّا نُحِبُّ ذَلِكَ فَاسْتَبَّ الْمُسْلِمُونَ وَالْمُشْرِكُونَ وَالْيَهُودُ حَتَّى كَادُوا يَتَثَاوَرُونَ فَلَمْ يَزَلِ النَّبِيُّ ﷺ يُخَفِّضُهُمْ حَتَّى سَكَتُوا، ثُمَّ رَكِبَ النَّبِيُّ ﷺ دَابَّتَهُ، ثُمَّ سَارَ حَتَّى دَخَلَ عَلَى سَعْدِ ابْنِ عُبَادَةَ، فَقَالَ لَهُ النَّبِيُّ ﷺ: يَا سَعْدُ! أَلَمْ تَسْمَعْ إِلَى مَا قَالَ أَبُو حُبَابٍ؟ يُرِيدُ عَبْدُ اللَّهِ ابْن أُبَيٍّ، قَالَ كَذَا وَكَذَا: فَقَالَ سَعْدُ ابْنُ عُبَادَةَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، اعْفُ عَنْهُ، وَاصْفَحْ عَنْهُ فَوَالَّذِي أَنْزَلَ عَلَيْكَ الْكِتَابَ لَقَدْ جَاءَ اللَّهُ بِالْحَقِّ الَّذِي أُنْزِلَ عَلَيْكَ وَلَقَدْ اجْتَمَعَ أَهْلُ هَذِهِ الْبُحَيْرَةِ عَلَى أَنْ يُتَوِّجُوهُ فَيُعَصِّبُوهُ بِالْعِصَابَةِ، فَلَمَّا أَبَى اللَّهُ تَعَالَى ذَلِكَ بِالْحَقِّ الَّذِي أَعْطَاكَ اللَّهُ شَرِقَ بِذَلِكَ، فَذَلِكَ الَّذِي فَعَلَ بِهِ مَا رَأَيْتَ. فَعَفَا عَنْهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، وَكَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَأَصْحَابُهُ يَعْفُونَ عَنِ الْمُشْرِكِينَ وَأَهْلِ الْكِتَابِ كَمَا أَمَرَهُمُ اللَّهُ تَعَالَى وَيَصْبِرُونَ عَلَى الْأَذَى. قَالَ اللَّهُ تَعَالَى: وَلَتَسْمَعُنَّ مِنَ الَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ مِنْ قَبْلِكُمْ وَمِنَ الَّذِينَ أَشْرَكُوا أَذًى كَثِيرًا وَإِنْ تَصْبِرُوا وَتَتَّقُوا فَإِنَّ ذَلِكَ مِنْ عَزْمِ الْأُمُورِ؛ وَقَالَ تَعَالَى: وَدَّ كَثِيرٌ مِنْ أَهْلِ الْكِتَابِ لَوْ يَرُدُّونَكُمْ مِنْ بَعْدِ إِيمَانِكُمْ كُفَّارًا حَسَدًا مِنْ عِنْدِ أَنْفُسِهِمْ مِنْ بَعْدِ مَا تَبَيَّنَ لَهُمُ الْحَقُّ فَاعْفُوا وَاصْفَحُوا حَتَّى يَأْتِيَ اللَّهُ بِأَمْرِهِ، وَكَانَ النَّبِيُّ ﷺ يَتَأَوَّلُ فِي الْعَفْوِ مَا أَمَرَهُ اللَّهُ بِهِ حَتَّى أَذِنَ اللَّهُ فِيهِمْ، فَلَمَّا غَزَا ﷺ بَدْرًا، وَقَتَلَ اللَّهُ تَعَالَى فِيهَا مِنْ صَنَادِيدِ قُرَيْشٍ، وَقَفَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَأَصْحَابُهُ مَنْصُورِينَ غَانِمِينَ، مَعَهُمْ أُسَارَى مِنْ صَنَادِيدِ قُرَيْشٍ، قَالَ ابْنُ أُبَيٍّ ابْنُ سَلُولٍ وَمَنْ مَعَهُ مِنْ الْمُشْرِكِينَ عَبَدَةِ الْأَوْثَانِ هَذَا أَمْرٌ قَدْ تَوَجَّهَ، فَبَايَعُوا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَلَى الْإِسْلَامِ فَأَسْلَمُوا. أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ.

Қазақша аудармасы

Усама ибн Зәйд (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) астына Фадактың жұмсақ матасы төселген ертоқымды есекке мініп, мені артына мінгестірді. Бұл Бәдір шайқасына дейін болған еді. Ол Бәну әл-Харис ибн әл-Хазраж арасында тұратын Сағд ибн Убаданың (р.а.) халін сұрап бара жатты. Жолда Абдулла ибн Убай ибн Сәлул отырған бір топқа кезіктік. Ол кезде Абдулла ибн Убай әлі исламды қабылдамаған еді. Жиында мұсылмандар, пұтқа табынушы мүшріктер және яһудилер аралас отырды. Олардың арасында Абдулла ибн Рауаха (р.а.) да бар еді. Көліктен көтерілген шаң топқа жеткенде, Абдулла ибн Убай мұрнын жамылғысымен жауып: “Бізді шаңға көмбеңдер!” – деді. Алла елшісі (с.а.с.) оларға сәлем беріп, тоқтады. Көлігінен түсіп, жұртты Аллаға шақырды, Құран оқыды. Сонда Абдулла ибн Убай: “Әй, кісі! Егер айтқаның рас болса, сөзіңнен артық сөз жоқ. Бірақ жиынымызда мазамызды алма. Үйіңе қайт та, алдыңа келген кісіге айт”, – деді. Абдулла ибн Рауаха: “Уа, Алла елшісі! Жиындарымызға келіп, осы сөздеріңді айта бер. Біз мұны қалаймыз”, – деді. Мұсылмандар, мүшріктер және яһудилер бір-біріне тіл тигізіп, төбелесе жаздады. Алла елшісі (с.а.с.) оларды басу айтып, ақыры тыныштандырды.

Содан кейін Алла елшісі (с.а.с.) көлігіне мініп, Сағд ибн Убаданың үйіне барды. Оған: “Уа, Сағд! Әбу Хубабтың не дегенін естідің бе?” – деп, Абдулла ибн Убайдың сөзін айтып берді. Сағд ибн Убада: “Уа, Алла елшісі, оны кешір, айыбын елеме. Саған Кітап түсірген Аллаға ант етейін, Алланың саған түсірген ақиқаты келгенде, осы аймақтың жұрты оған тәж кигізіп, басшы сайлауға уағдаласқан еді. Алла саған берген ақиқатымен бұған жол бермеді. Сол себепті ол іштей күйініп, өзің көрген қылыққа барды”, – деді. Алла елшісі (с.а.с.) оны кешірді.

Алла елшісі (с.а.с.) мен сахабалары Алланың бұйрығына сай мүшріктер мен кітап иелерінің айыбын кешіріп, олардың көрсеткен жәбіріне сабыр ететін. Алла Тағала былай дейді: ﴿لَتُبْلَوُنَّ فِىٓ أَمْوَٰلِكُمْ وَأَنفُسِكُمْ وَلَتَسْمَعُنَّ مِنَ ٱلَّذِينَ أُوتُوا۟ ٱلْكِتَٰبَ مِن قَبْلِكُمْ وَمِنَ ٱلَّذِينَ أَشْرَكُوٓا۟ أَذًى كَثِيرًا وَإِن تَصْبِرُوا۟ وَتَتَّقُوا۟ فَإِنَّ ذَٰلِكَ مِنْ عَزْمِ ٱلْأُمُورِ﴾ “Шүбәсіз, сендер мал-мүліктеріңе һәм жан-тәндеріңе қатысты түрлі сынақтарға душар боласыңдар. Әрі сендерден бұрын өздеріне иләһи кітап берілгендерден және Аллаға серік қосқандардан көңілдеріңе тиетін талай сөз естисіңдер. Егер соның бәріне сабырлылық танытсаңдар һәм Аллаға қарсы келуден сақтанып, тақуалық шеңберінде өмір сүрсеңдер, міне, сол – асқан табандылық пен ерекше күш-жігер талап ететін, сауабы мол зор істердің бірі”1. Тағы бір аятта: ﴿وَدَّ كَثِيرٌ مِّنْ أَهْلِ ٱلْكِتَٰبِ لَوْ يَرُدُّونَكُم مِّنۢ بَعْدِ إِيمَٰنِكُمْ كُفَّارًا حَسَدًا مِّنْ عِندِ أَنفُسِهِم مِّنۢ بَعْدِ مَا تَبَيَّنَ لَهُمُ ٱلْحَقُّ فَٱعْفُوا۟ وَٱصْفَحُوا۟ حَتَّىٰ يَأْتِىَ ٱللَّهُ بِأَمْرِهِۦٓ إِنَّ ٱللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَىْءٍ قَدِيرٌ﴾ “Кітап иелерінің көпшілігі өздеріне ақиқат анық белгілі болғаннан кейін, нәпсілерінен туындаған қызғаныш себепті, сендерді иманнан кейін қайтадан кәпір қылуды көксейді. Ендеше, Алла оларға қатысты өз үкімін шығарғанға дейін, оларға кешіріммен қараңдар, сөздері мен қылықтарын көңілдеріңе алмаңдар. Шүбәсіз, Алла барлық нәрсеге толық құдіретті”2, – делінген.

Алла елшісі (с.а.с.) Алланың әмірін кешіріммен амал ету деп түсініп, оларға қарсы соғысуға рұқсат берілгенше солай істеді. Содан ол Бәдір шайқасына шықты. Осы шайқаста Алла Тағала Құрайыштың бірқатар беделді көсемінің жанын алды. Алла елшісі (с.а.с.) мен сахабалары жеңіске жетіп, олжа және Құрайыштың бірқатар тұтқын көсемін алып қайтты. Сонда Абдулла ибн Убай ибн Сәлул мен оның жанындағы пұтқа табынушы мүшріктер: “Бұл істің бағы айқындалды”, – деді. Олар Алла елшісіне (с.а.с.) исламды ұстануға серт беріп, мұсылман болды».3

Түсіндірме

Хадисте екіжүзділердің исламды қалай қабылдағаны баяндалады. Алғашында олар Алла елшісінің (с.а.с.) көлігінен көтерілген шаңды сылтау етіп, мұсылмандарға қарсылығын білдірген. Бәдірден кейін мұсылмандар күшейгенде, оларға қарсы тұрудан гөрі араларына сіңісуді өз мүдделеріне сай көріп, исламды қабылдады. Кейін түрлі сынақтарда олардың табансыздығы байқалды.

• Хадис Абдулла ибн Убайдың екіжүзділік жолына түсіп, мұсылмандарға қарсы шығуына не себеп болғанын да түсіндіреді. Алла елшісі (с.а.с.) Мәдинаға қоныс аудармай тұрып, қала жұрты Абдулла ибн Убайды басшы сайлауға уағдаласып, тіпті басының өлшеміне сай тәж жасатуға тапсырыс берген еді. Алла елшісінің (с.а.с.) һижретінен кейін бұл іс тоқтап, Абдулланың басшы болу дәмесі ақталмады.

Алла елшісінің (с.а.с.) екіжүзділерге қатысты ұстанымын бұған дейін түрлі тұста түсіндірдік.

• Хадистен аңғарылатын екінші жайт – мұсылмандардың Бәдір шайқасына дейін кәпірлер мен екіжүзділердің жәбіріне Алланың бұйрығымен барынша сабыр еткені. Мекке кезеңінде мүшріктермен соғысуға анық тыйым салынды. Һижреттен кейін оларға қарсы тұруға алғаш рет мұһажирлерге рұқсат берілді. Бәдір шайқасына мұһажирлер де, ансарлар да қатысты. Мұсылмандар Алланың көмегімен және рұқсатымен аз шығынға ұшырап, көп тұтқын және мол олжамен қайтты. Құрайыштың ең азулы көсемдерінің бірқатары осы шайқаста қаза тапты.

  1. 1Aли Имран, 186.
  2. 2«Бақара», 109.
  3. 3Бұхари, Жиһад 127, Тәпсір, Әли Имран 15, Марда 15, Либас 98, Әдәб 115, Истизан 20; Мүслим, Жиһад 116 (1798).
5957
Кутуб ситтә, № 5957 · тараудағы реті: 23

وَعَنْ خَالِدِ بْنِ مَعْدَانَ قَالَ: وَفَدَ الْمِقْدَامُ بْنُ مَعْدِي كَرِبَ، وَعَمْرُو ابْنُ الْأَسْوَدِ، وَرَجُلٌ مِنْ بَنِي أَسَدٍ مِنْ أَهْلِ قِنَّسْرِينَ إِلَى مُعَاوِيَةَ بْنِ أَبِي سُفْيَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، فَقَالَ مُعَاوِيَةُ لِلْمِقْدَامِ: أَعَلِمْتَ أَنَّ الْحَسَنَ بْنَ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا تُوُفِّيَ، فَرَجَّعَ الْمِقْدَامُ. فَقَالَ لَهُ فُلَانٌ أَتَعُدُّهَا مُصِيبَةً؟ فَقَالَ الْمِقْدَامُ: وَلِمَ لَا أَرَاهَا مُصِيبَةً، وَقَدْ وَضَعَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي حِجْرِهِ، فَقَالَ: هَذَا مِنِّي وَحُسَيْنٌ مِنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ؟ فَقَالَ الْأَسَدِيُّ: جَمْرَةٌ أَطْفَأَهَا اللَّهُ تَعَالَى، فَقَالَ الْمِقْدَامُ: أَمَّا أَنَا فَلَا أَبْرَحُ الْيَوْمَ حَتَّى أُغِيظَكَ وَأُسْمِعَكَ مَا تَكْرَهُ، ثُمَّ قَالَ: يَا مُعَاوِيَةُ إِنْ أَنَا صَدَقْتُ فَصَدِّقْنِي، وَإِنْ أَنَا كَذَبْتُ فَكَذِّبْنِي، قَالَ أَفْعَلُ: قَالَ: فَأَنْشُدُكَ بِاللَّهِ، هَلْ سَمِعْتَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَنْهَى عَنْ لُبْسِ الذَّهَبِ؟ قَالَ: نَعَمْ. قَالَ: فَأَنْشُدُكَ بِاللَّهِ هَلْ تَعْلَمُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ نَهَى عَنْ لُبْسِ الْحَرِيرِ؟ قَالَ: نَعَمْ. قَالَ: فَأَنْشُدُكَ بِاللَّهِ، هَلْ تَعْلَمُ أَنَّ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ نَهَى عَنْ لُبْسِ جُلُودِ السِّبَاعِ وَالرُّكُوبِ عَلَيْهَا؟ قَالَ: نَعَمْ. قَالَ الْمِقْدَامُ: فَوَاللَّهِ لَقَدْ رَأَيْتُ هَذَا كُلَّهُ فِي بَيْتِكَ يَا مُعَاوِيَةُ، فَقَالَ مُعَاوِيَةُ: قَدْ عَلِمْتُ أَنِّي لَنْ أَنْجُوَ مِنْكَ يَا مِقْدَامُ قَالَ خَالِدٌ: فَأَمَرَ مُعَاوِيَةُ لِلْمِقْدَامِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ بِمَا لَمْ يَأْمُرْ لِصَاحِبَيْهِ، وَفَرَضَ لِابْنِهِ فِي الْمَئِينَ، فَفَرَّقَهَا الْمِقْدَامُ عَلَى أَصْحَابِهِ وَلَمْ يُعْطِ الْأَسَدِيُّ أَحَدًا شَيْئًا مِمَّا أَخَذَ، فَبَلَغَ ذَلِكَ مُعَاوِيَةَ، فَقَالَ: أَمَّا الْمِقْدَامُ فَرَجُلٌ كَرِيمٌ بَسَطَ يَدَهُ وَأَمَّا الْأَسَدِيُّ فَرَجُلٌ حَسَنُ الْإِمْسَاكِ لِشَيْئِهِ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Халид ибн Мағдан былай дейді: «Миқдам ибн Мағдикәріб, Амр ибн әл-Әсуад және Қиннасринді мекендеген Бәну Асадтан бір кісі Мұғауия ибн Әбу Суфиянға (р.а.) келді. Мұғауия Миқдамнан: “Хасан ибн Әлидің (р.а.) қайтыс болғанын білесің бе?” – деп сұрады. Мұны естіген Миқдам: ﴿إِنَّا لِلَّهِ وَإِنَّآ إِلَيْهِ رَٰجِعُونَ﴾ “Шүбәсіз, бәріміз бір Аллаға тиесіліміз және түбінде Оған қайтамыз”, – деді. Бір кісі одан: “Мұны қаза санайсың ба?” – деп сұрады. Миқдам: “Қалайша қаза санамайын? Алла елшісі (с.а.с.) оны тізесіне отырғызып, ‘Мынау – менен, ал Хұсейн – Әлиден’, – деген”, – деп жауап берді. Асадтық кісі: “Алла бір шоқты сөндірді”, – деп сөзге араласты. Миқдам оған: “Бүгін ашуыңа тиіп, өзіңе ұнамсыз сөз айтпай кетпеймін”, – деді. Содан соң: “Уа, Мұғауия! Рас айтсам, раста. Жалған айтсам, теріске шығар”, – деді. Мұғауия келісті. Миқдам: “Алланың атымен сұраймын, Алла елшісінің (с.а.с.) алтын тағуға тыйым салғанын естідің бе?” – деді. Мұғауия: “Иә”, – деді. Миқдам: “Алланың атымен сұраймын, Алла елшісінің (с.а.с.) жібек киюге тыйым салғанын білесің бе?” – деді. Мұғауия: “Иә”, – деді. Миқдам тағы: “Алланың атымен сұраймын, Алла елшісінің (с.а.с.) жыртқыш аңның терісін киюге және оны мініс көлігіне төсеуге тыйым салғанын білесің бе?” – деді. Ол тағы да: “Иә”, – деді. Сонда Миқдам: “Уа, Мұғауия, Аллаға ант етейін, осының бәрін сенің үйіңде көрдім”, – деді. Мұғауия: “Уа, Миқдам, сенен құтыла алмайтынымды білгенмін”, – деп жауап берді».

Халид ибн Мағдан былай дейді: «Мұғауия Миқдамға екі серігіне бергенінен де көп сый-сияпат бергізді, ал ұлына жүздіктер қатарынан үлес тағайындады. Миқдам алғанын жолдастарына бөліп берді. Асадтық кісі өзіне тигеннен ешкімге ештеңе бермеді. Бұл хабар Мұғауияға жеткенде: “Миқдам – қолы ашық, жомарт кісі. Ал асадтық өз малын ұқыптап ұстайды”, – деді».1

Түсіндірме

1. Хадиске қарағанда, Мұғауия (р.а.) Хасан (р.а.) қайтыс болғанға дейін оның халифалықты өзіне қайтаруға әрекет етуінен қауіптенген. Әкесі Әли (р.а.) өмірден озғанда, Хасан жұрттың басым көпшілігінің қолдауымен халифа болып сайланған еді. Бірақ мұсылмандар арасында нақақ қан төгілмесін деп халифалықтан бас тартып, Мұғауиямен келісімге келді. Мұғауия халифалыққа байланысты Хасаннан ғана емес, Хұсейн мен өзге де беделді кісілерден қауіптенген. Бірде ұлы Язидке: «Халифалық мәселесінде сен үшін Құрайыштан осы төрт кісіден ғана қауіптенемін: Хұсейн ибн Әли, Абдулла ибн Омар, Абдулла ибн Зубәйр және Абдуррахман ибн Әбу Бәкір», – деген.

2. Мұғауияға білген шындығын тартынбай, батыл айтқан Миқдам – белгілі сахабалардың бірі. Ол Шамға қоныстанған.

3. Бұл хадис Мұғауияның шындықты мойындап, оны айтқан адамды бағалағанын да көрсетеді. Өзіне жағынған асадтыққа аса көңіл бөлмей, шындықты бетіне айтқан Миқдамға мол сый бергізген.

4. Хадис жыртқыш аңның терісін пайдалануға тыйым салынғанын көрсетеді. Ғалымдар мұны сәнқойлық пен тәкаппарлыққа жетелеуімен түсіндірген. Ибн әл-Әсир «ән-Ниһаяда» қабыланның терісі туралы: «Алла елшісі (с.а.с.) сәнқойлық пен тәкаппарлыққа жетелегендіктен, яки бөгде жұртқа тән сән болғандықтан, яки жүнін илеу арқылы тазарту мүмкін болмағандықтан оны қолдануға тыйым салған. Шариғатқа сай бауыздалмаған қабыланның терісін илесе, жүні тазарады деген имам болмаған. Қабыланды аулау қиын болғандықтан, терісі көбіне аң өлген соң алынады», – дейді.

Хадистегі «міну» сөзі теріні мініс малының үстіне төсеп, соған отыруды білдіреді. Жұрт қабылан сияқты жыртқыш аңдардың терісін осылай пайдаланған. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұған тыйым салды. Шафиғилер тыйымды жалпы деп түсінген, өйткені олардың пікірінше илеу жыртқыш аңның терісін тазартпайды. Илеу тазартады дегендер тыйымды тері иленгенге дейінгі жағдайға қатысты санаған. Мұны мұсылман еместердің әдеті деп қарастырып, қандай жағдайда да тыйым салынғанын айтқандар бар.

  1. 1Әбу Дәуіт, Либас 43 (4131); Нәсәи, Фара уәл-Aтира 12, (7, 176).
5958
Кутуб ситтә, № 5958 · тараудағы реті: 24

وَعَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرِو الْخُزَاعِيِّ عَنْ أَبِيهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: دَعَانِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَأَرَادَ أَنْ يَبْعَثَنِي بِمَالٍ إِلَى أَبِي سُفْيَانَ إِلَى مَكَّةَ لِيُقَسِّمَهُ فِي قُرَيْشٍ بَعْدَ الْفَتْحِ. فَقَالَ: الْتَمِسْ صَاحِبًا، فَجَاءَنِي عَمْرُو بْنُ أُمَيَّةَ الضَّمْرِيُّ، فَقَالَ: بَلَغَنِي أَنَّكَ تُرِيدُ الْخُرُوجَ إِلَى مَكَّةَ وَتَلْتَمِسُ صَاحِبًا، قُلْتُ: أَجَلْ، قَالَ: فَأَنَا لَكَ صَاحِبٌ، فَجِئْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَقُلْتُ: قَدْ وَجَدْتُ صَاحِبًا، قَالَ: مَنْ؟ قُلْتُ: عَمْرُو ابْنُ أُمَيَّةَ، فَقَالَ: إِذَا هَبَطْتَ بَلَدَ قَوْمِهِ فَاحْذَرْهُ، فَإِنَّهُ قَدْ قَالَ الْقَائِلُ: أَخُوكَ الْبِكْرِيُّ لَا تَأْمَنْهُ، فَخَرَجْنَا حَتَّى إِذَا كُنَّا بِالْأَبْوَاءِ، فَقَالَ: إِنِّي أُرِيدُ حَاجَةً إِلَى قَوْمِي، وَوَدِدْتُ أَنْ تَلْبَثَ لِي قَلِيلًا، قُلْتُ: انْصَرِفْ رَاشِدًا، فَلَمَّا وَلَّى ذَكَرْتُ قَوْلَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَشَدَدْتُ عَلَى بَعِيرِي فَخَرَجْتُ أُوضِعُهُ، حَتَّى إِذَا كُنْتُ بِالْأَظَافِرِ إِذَا هُوَ يُعَارِضُنِي فِي رَهْطٍ فَأَوْضَعْتُ، فَسَبَقْتُهُ فَلَمَّا رَآنِي قَدْ فُتُّهُ جَاءَنِي، فَقَالَ: قَدْ كَانَتْ لِي إِلَى قَوْمِي حَاجَةٌ، قُلْتُ: أَجَلْ. وَمَضَيْنَا حَتَّى قَدِمْنَا مَكَّةَ. فَدَفَعْتُ الْمَالَ إِلَى أَبِي سُفْيَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр әл-Хузағи әкесінен (р.а.) былай жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) мені шақырып, Мекке алынғаннан кейін Құрайыш жұртына бөліп берсін деп, Әбу Суфиянға мал-мүлік апаруға жібермек болды. Маған: “Өзіңе жолдас тап”, – деді. Амр ибн Умәйя әд-Дамри келіп: “Меккеге баруға жиналып, жолдас іздеп жүргеніңді естідім”, – деді. Мен: “Иә”, – дедім. Ол: “Мен саған жолдас болайын”, – деді. Алла елшісіне (с.а.с.) барып, жолдас тапқанымды айттым. “Кім?” – деп сұрады. “Амр ибн Умәйя”, – дедім. Сонда: “Оның қауымының жеріне жеткенде, одан сақ бол. Бұрын біреу: ‘Бәкір тайпасынан шыққан бауырыңа сенбе’, – деген”, – деді. Жолға шығып, Әбуаға жеткенде, Амр: “Еліме қатысты шаруам бар. Мені осында біраз күтсең”, – деді. Мен: “Ісің оң болсын, бара бер”, – дедім. Ол кеткенде Алла елшісінің (с.а.с.) сөзі есіме түсіп, түйемді бекемдеп, жүрісін шапшаңдаттым. Азафирге жеткенде, Амрдың бір топ кісімен алдымнан көлденең шыққанын көрдім. Түйемді жылдамдатып, одан озып кеттім. Амр озғанымды көріп, маған жетті де: “Еліме қатысты шаруам бар еді”, – деді. “Иә”, – дедім. Жолды жалғастырып, Меккеге келдік. Мал-мүлікті Әбу Суфиянға (р.а.) тапсырдым».1

  1. 1Әбу Дәуіт, Әдәб 34 (4861). Хадистің сәнәді әлсіз).
5959
Кутуб ситтә, № 5959 · тараудағы реті: 25

وَعَنْ هَمَّامِ بْنِ مُنَبِّهِ قَالَ: حَدَّثَنَا أَبُو هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَحَادِيثَ، مِنْهَا قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: اشْتَرَى رَجُلٌ مِمَّنْ كَانَ قَبْلَكُمْ عَقَارًا مِنْ رَجُلٍ فَوَجَدَ الَّذِي اشْتَرَى الْعَقَارَ فِي الْعَقَارِ جَرَّةً فِيهَا ذَهَبٌ. فَقَالَ لِلْبَائِعِ: خُذْ ذَهَبَكَ فَإِنَّمَا اشْتَرَيْتُ الْعَقَارَ وَلَمْ أَبْتَغِ مِنْكَ الذَّهَبَ. فَقَالَ الْبَائِعُ: إِنَّمَا بِعْتُكَ الْأَرْضَ وَمَا فِيهَا، فَتَحَاكَمَا إِلَى رَجُلٍ. فَقَالَ الرَّجُلُ: أَلَكُمَا وَلَدٌ؟ فَقَالَ أَحَدُهُمَا: لِي غُلَامٌ، وَقَالَ: الْآخَرُ لِي جَارِيَةٌ، فَقَالَ: أَنْكِحَا الْغُلَامَ الْجَارِيَةَ، وَأَنْفِقَا عَلَيْهِمَا مِنْهُ، وَتَصَدَّقَا. أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ.

Қазақша аудармасы

Хаммам ибн Мұнаббиһ былай дейді: «Әбу Һурайра (р.а.) бізге бірнеше хадис жеткізді. Соның бірінде Алла елшісінің (с.а.с.) былай дегенін айтты: “Сендерден бұрын өткен бір кісі біреуден жер сатып алды. Сатып алған жерінен алтын салынған құмыра тапты да, сатушыға: ‘Алтыныңды ал. Сенен алтын алған жоқпын, жер ғана сатып алдым’, – деді. Сатушы: ‘Саған жерді ішінде барының бәрімен бірге саттым’, – деді. Екеуі бір кісінің төрелігіне жүгінді. Ол: ‘Балаларың бар ма?’ – деп сұрады. Бірі: ‘Ұлым бар’, – десе, екіншісі: ‘Қызым бар’, – деді. Сонда төрелік айтқан кісі: ‘Ұл мен қызды үйлендіріңдер. Осы алтыннан оларға жұмсаңдар, өздерің де садақа беріңдер’, – деді”».1

Түсіндірме

1. «Ақар» сөзі үйді де, жер телімін де білдіреді. Бұл хадисте жер телімі меңзелген.

2. Сатушы мен сатып алушы келісімнің өзіне таласпаған. Талас алтынның саудаға кіретін-кірмейтіні жайында туған. Ибн Хажар былай дейді: «Біздің шариғатымыз бойынша, мұндайда сатып алушының сөзі қабыл алынып, алтын сатушының мүлкі болып қалады. Хадистегі талас сауда шартына қатысты болуы мүмкін. Сатып алушы “жер ғана сатылды, жер астындағы заттар бірге сатылғаны айтылған жоқ” десе, сатушы “ішіндегісі қоса сатылды” деген болуы ықтимал».

Басқа нұсқада сатып алушының бір үйді жөндеп жүріп, қазына тапқаны айтылады. Оны алсын деп бұрынғы иесін шақырғанда, ол: «Мұны көрген жоқпын, одан хабарым да жоқ», – дейді. Ақыры екеуі биге жүгініп: «Мынаны қабылдап алып, қалаған жеріне қоятын біреуді жібер», – деп өтінеді. Би бұған келіспейді. Ибн Хажар былай жалғастырады: «Мұндай мүлікке сол шариғатта риказдың, яғни жаһилият дәуірінен қалған көмбенің үкімі жүрген болуы мүмкін. Оны мұсылмандар көмгені мәлім болса, лұқата, яғни иесі белгісіз олжа үкімі жүреді. Қай дәуірде көмілгені анықталмаса, жоғалған мүліктің үкімімен қазынаға тапсырылады. Бәлкім, олардың шариғатында бұл мәселе айқындалмағандықтан, би мүлікке қатысты өз бетінше төрелік айтқан».

3. Хадисте дауласқан екі кісінің бір адамға төрелікке жүгінгені айтылады. Оның би болғаны анық айтылмағанымен, басқа нұсқада ол жұртқа төрелік айтуға тағайындалған кісі ретінде көрінеді. Сондықтан бұл хадисті дауласқан екі жақтың кез келген адамды төреші етіп алуы дұрыс деген пікірге дәлел ету қиын. Ғалымдар бұл мәселе жөнінде әртүрлі пікір айтқан. Имам Мәлик пен Шафиғи төреші әділ үкім беруге қабілетті болса, оның үкімі аймақ биінің үкіміне сай келсін-келмесін, рұқсат деген. Шафиғи худуд жазаларын бұған қоспаған. Әбу Ханифа төрешінің шешімі аймақ биінің үкіміне қайшы болмауын шарт еткен. Құртубидің түсіндіруінше, әлгі кісі екі жаққа міндетті үкім шығармаған. Мүлікті иесі белгісіз олжа деп қарап, екеуінің адалдығын бағалап, оны балаларына жұмсауды жөн көріп, екі жақты осыған келістірген.

Кейбір ғалымдар осыдан екі кісіні жарастыру үшін би болу немесе ресми өкілет иелену шарт емес, мұны әркім атқара алады деген қорытынды шығарған.

  1. 1Бұхари, Әнбия 50; Мүслим, Ақдия 21 (1721).
5960
Кутуб ситтә, № 5960 · тараудағы реті: 26Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: تَجِدُونَ النَّاسَ كَإِبِلٍ مِائَةٍ لَا تُوجَدُ فِيهَا رَاحِلَةٌ. أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) былай деді: “Адамдар жүз түйеден тұратын үйір тәрізді. Олардың арасынан мінуге жарамды бір түйе табу қиын”».1

Түсіндірме

1. «Рахила» – мінуге лайық, жуас әрі көнбіс, таңдаулы түйе. Хадис тілдесіп, сенім артуға лайық адамдардың аздығын бейнелеп тұр. Жүз түйеден мінуге жарайтын бір түйе табу қандай қиын болса, жүз адамның арасынан да сондай бір адамды жолықтыру қиын.

2. Хаттабидің айтуынша, ғалымдар бұл хадисті екі түрлі жорамалдаған:

• Адамдардың бәрі діни үкім алдында тең. Атағы мен беделінің жоғарылығы ешкімге артықшылық бермейді. Олар арасында мініс түйесі жоқ жүз түйелік үйір тәрізді. «Рахила» – сапарда мінетін түйе. Демек, бұлардың бәрі жүк артуға жарағанымен, сапарда мінуге қолайсыз түйелер іспетті.

• Адамдардың көбінің кемшілігі бар, ал өзгеден озықтары өте аз. Олар жүк түйелерінің арасындағы таңдаулы мініс түйелері тәрізді. Бұған аяттағы «Алайда адамдардың көбі білмейді» деген сөз де меңзейді.

Ғалымдар осы екі жорамалды әртүрлі түсіндірген.

  1. 1Бұхари, Риқақ, 35; Мүслим, Фадаилус-сахаба 232 (2547); Тирмизи, Әмсал 7 (2876).
5961
Кутуб ситтә, № 5961 · тараудағы реті: 27Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَنْ يَصْعَدِ الثَّنِيَّةَ ثَنِيَّةَ الْمُرَارِ فَإِنَّهُ يُحَطُّ عَنْهُ مَا حُطَّ عَنْ بَنِي إِسْرَائِيلَ، فَكَانَ أَوَّلُ مَنْ صَعِدَهَا خَيْلُنَا، خَيْلُ بَنِي الْخَزْرَجِ، ثُمَّ تَتَامَّ النَّاسُ، فَقَالَ ﷺ: كُلُّكُمْ مَغْفُورٌ لَهُ إِلَّا صَاحِبَ الْجَمَلِ الْأَحْمَرِ، فَأَتَيْنَاهُ فَقُلْنَا: تَعَالَ يَسْتَغْفِرْ لَكَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، وَكَانَ يَنْشُدُ ضَالَّةً. فَقَالَ: لَأَنْ أَجِدَ ضَالَّتِي خَيْرٌ لِي مِنْ أَنْ يَسْتَغْفِرَ لِي صَاحِبُكُمْ. أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ.

Қазақша аудармасы

Жабир (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) былай деді: “Кім Мурар асуына шықса, оның күнәлары Бәну Исраилдің күнәлары кешірілгендей кешіріледі”.

Асудан алғаш болып Бәну Хазраждан шыққан атты жасағымыз асты. Содан соң басқалары да көтерілді. Алла елшісі (с.а.с.): “Қызыл түйенің иесінен басқаларыңның бәрі кешірілдіңдер”, – деді. Біз әлгі кісіге барып: “Жүр, Алла елшісі (с.а.с.) сен үшін де кешірім тілесін”, – дедік. Ол жоғалған затын іздеп жүр екен. “Жолдастарыңның мен үшін кешірім тілегенінен гөрі жоғалтқанымды тапқаным артық”, – деді».1

Түсіндірме

«Сания» – таудағы тік асу. Алла елшісі (с.а.с.) оған шыққан адамға зор сауап уәде еткен. Өйткені асу дұшпанға жақын, оған шығу қиын әрі қауіпті еді. Қай сапар екені риуаятта анық айтылмаған. Бұл Хұдайбия сапары болуы мүмкін. Қызыл түйенің иесі Жәд ибн Қайс деген мұнафық болғаны айтылады.

  1. 1Мүслим, «Мұнафықтардың сипаттары», 12 (№2780).
5962
Кутуб ситтә, № 5962 · тараудағы реті: 28Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: تَدُورُ رَحَى الْإِسْلَامِ بِخَمْسٍ وَثَلَاثِينَ أَوْ سِتٍّ وَثَلَاثِينَ أَوْ سَبْعٍ وَثَلَاثِينَ، فَإِنْ يَهْلِكُوا فَسَبِيلُ مَنْ هَلَكَ، وَإِنْ يَقُمْ لَهُمْ دِينُهُمْ يَقُمْ لَهُمْ سَبْعِينَ عَامًا، قُلْتُ: مِمَّا بَقِيَ أَوْ مِمَّا مَضَى؟ قَالَ: مِمَّا مَضَى. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Мәсғуд (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Исламның диірмені отыз бес, отыз алты немесе отыз жеті жыл айналады. Егер құрдымға кетсе, бұрын құрдымға кеткендердің жолына түседі. Діндері берік қалса, ол жетпіс жыл сақталады”, – деді. Мен: “Осы жетпіс жыл өткен мерзімнен кейін бастала ма, әлде өткен мерзім де соған кіре ме?” – деп сұрадым. Ол: “Өткен мерзім соған кіреді”, – деді».1

Түсіндірме

Хадиске бірнеше жорамал жасалған. Ибн әл-Әсир «Жамиғул-усулда» оның мәнін былай түсіндіреді: «Ислам әуелде тура бағытпен жүріп, залымдар тудыратын бүліктен аман болады. Осы күй отыз бес жылға созылады. Алла елшісі (с.а.с.) бұл сөзді дүние салуына бес-алты жыл қалғанда айтқан болса керек. Оған тура жолдағы халифалардың отыз жылын қосқанда, хадисте айтылған отыз бес жыл шығады. Егер отыз бес жыл һижреттен бастап есептелсе, ол мысырлық көтерілісшілердің Османның (р.а.) үйін қоршаған кезіне сәйкес келеді. Отыз алты жыл Жамал оқиғасына, отыз жеті жыл Сыффин оқиғасына сай келеді».

Хаттаби «жетпіс жыл сақталады» деген сөзді Омаядтар билігінің мерзімі деп түсіндіреді. Одан кейін билік Аббас әулетіне өткен. Биліктің Омаядтар қолына біржола көшуі мен Хорасанда Аббас әулеті жақтастарының үндеу көтеруі арасында жетпіс жыл өткен. Бұл жорамал алдыңғы түсіндірмеге үйлеспейтіндіктен, күмән тудырады.

Түрбүшти осы сынмен келісіп, былай түсіндіреді: «Алла елшісі (с.а.с.) бұл сандармен Омаядтар мен өзге әулеттердің билігін емес, үмбеттің басшыларға бағынған, худуд жазалары мен шариғат үкімдерін орындаған мерзімін меңзеген. Ол мерзім һижреттен басталады. Сахабаларға осы қалыптың отыз бес, отыз алты немесе отыз жеті жыл жалғасатынын, кейін араларында дау туып, бірлікке сызат түсетінін алдын ала білдірген. Құрдымға кетсе, бұрынғылардың жолымен кететінін, ал қайтадан бойсұнып, ақиқатты қорғаса, жақсы күйін жетпіс жыл сақтай алатынын айтқан».

  1. 1Әбу Дәуіт, Фитән 1 (4254).
5963
Кутуб ситтә, № 5963 · тараудағы реті: 29

وَعَنْ سَعْدِ بْنِ أَبِي وَقَّاصٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: إِنِّي لَأَرْجُو أَنْ لَا تُعْجِزَ أُمَّتِي عِنْدَ رَبِّهَا أَنْ يُؤَخِّرَهُمْ نِصْفَ يَوْمٍ، قِيلَ لِسَعْدٍ: كَمْ نِصْفُ يَوْمٍ؟ قَالَ: خَمْسُمِائَةِ سَنَةٍ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Үмбетімнің Раббысының құзырында жарты күнге мұрсат алуынан үміттенемін”, – деді». Сағдтан: «Жарты күн қанша уақыт?» – деп сұрағанда, ол: «Бес жүз жыл», – деп жауап берді.1

Түсіндірме

1. Түсіндірмешілер хадисті әртүрлі жорамалдаған. Кең тараған түсіндірмелер мынадай:

1) Бір жорамал бойынша, Алла елшісі (с.а.с.) үмбетінің ғұмыры осы уақыттан кейін кемінде бес жүз жылға созылатынын үміт еткен. Демек, қиямет ең ерте дегенде бес жүз жылдан кейін болады.

2) Екінші жорамал бойынша, Алла елшісі (с.а.с.) исламның осы дүниеде бес жүз жыл салтанат құрып, үмбетінің сол жолды ұстанатынын меңзеген. Яғни үмбет осы мерзім ішінде күнәдан сақтанып, ізгі қалпын жоғалтпайды.

3) Тағы бір жорамал бойынша, үмбеттің байлары қиямет күні есеп беретін жерде бес жүз жыл күтеді. Содан кейін өздерінен бұрын жәннатқа кірген кедейлермен сонда қауышады.

2. Сағд (р.а.) хадистегі «жарты күнді» бес жүз жыл деп түсіндірген. Ол бұл есепті аяттағы санға сүйеніп шығарған: ﴿وَإِنَّ يَوْمًا عِندَ رَبِّكَ كَأَلْفِ سَنَةٍ مِّمَّا تَعُدُّونَ﴾ «Біліп қойыңдар, Раббыларыңның құзырындағы бір күн сендердің есептерің бойынша мың жыл сияқты».2

  1. 1Әбу Дәуіт, Мәләһим 18 (4350).
  2. 2Хажж 47.
5964
Кутуб ситтә, № 5964 · тараудағы реті: 30

وَعَنْ عِيسَى بْنِ وَاقِدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: إِذَا كَانَتْ سَنَةُ ثَمَانِينَ وَمِائَةٍ فَقَدْ أَحْلَلْتُ لِأُمَّتِي الْعُزْبَةَ وَالتَّرَهُّبَ فِي رُؤُوسِ الْجِبَالِ. أَخْرَجَهُ رَزِينُ.

Қазақша аудармасы

Иса ибн Уақид (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) былай деді: “Һижраның жүз сексенінші жылы келгенде, үмбетіме бойдақ қалуды және тау басында тақуалық өмір кешуді халал етер едім”».1

Түсіндірме

Бұл хадистің сахих еместігі ескертілген. Сахих хадистерде Алла елшісі (с.а.с.) жұртты үнемі үйленуге шақырған, бойдақ қалуға үндемеген. Сахих хадистерге қайшы риуаяттар қабылданбайды. Сондықтан бойдақ қалуға шақыратын мұндай риуаятқа сүйенуге болмайды.

  1. 1Рәзин тахриж жасаған.
5965
Кутуб ситтә, № 5965 · тараудағы реті: 31Риуаят етуші: Үммі Сәләма (р.а.)

وَعَنْ أُمِّ سَلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُسَمِّي الْفَأْرَةَ الْفَوَيْسِقَةَ، وَقَالَ: لَا أَرَاهَا إِلَّا مِنَ الْمَمْسُوخِ، فَإِنَّهَا إِذَا جُعِلَ لَهَا أَلْبَانُ الْإِبِلِ لَمْ تَشْرَبْ، وَإِذَا جُعِلَ لَهَا أَلْبَانُ الشَّاءِ شَرِبَتْ. أَخْرَجَهُ رَزِينُ.

Қазақша аудармасы

Үммі Сәләмә (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) тышқанды “фуайсиқа” деп атайтын. Ол: “Мұны бейнесі өзгертілгендердің бірі ме деп ойлаймын. Өйткені түйенің сүтін қойсаң, ішпейді, ал қойдың сүтін берсең, ішеді”, – дейтін».1

Түсіндірме

1. «Фуайсиқа» – «пасық» сөзінің кішірейткіш түрі, яғни «кішкентай пасық» деген мағына береді. Пасық – шектен шыққан, бойсұнбаған жан. Шариғатта бұл сөз харам істеп, парыздарын орындамаған адамға қатысты қолданылады.

2. Мәсх – бір нәрсенің бұрынғысынан жаман бейнеге айналуы. Мәселен, адам жануар кейпіне түсуі мүмкін. Жоғарыдағы хадисте пасық адамның осылай тышқанға айналған болуы мүмкін екені айтылады. Келесі хадисте бұл жай маймыл мен доңызға қатысты анық айтылады. Мүслимнің Әбу Һурайрадан (р.а.) келтірген нұсқасында бұл мәселе кеңірек баяндалған: «Алла елшісі (с.а.с.): “Исраил ұрпағынан бір қауым жоғалып кетті. Оларға не болғаны белгісіз. Мен олар тышқанға айналған шығар деп ойлаймын. Көрмейсіңдер ме, тышқанға түйе сүтін берсеңдер ішпейді, қой сүтін берсеңдер ішеді”, – деді». Әбу Һурайра сөзін былай жалғаған: «Осы хадисті Кағбқа айттым. Ол: “Мұны Алла елшісінен (с.а.с.) естідің бе?” – деп сұрады. “Иә”, – дедім. Ол осы сұрағын бірнеше рет қайталағанда: “Мен Таурат оқимын ба?” – дедім». Яғни Әбу Һурайра мұны Алла елшісінен естігенін, өзіне уахи түспейтінін және Кағб әл-Ахбар секілді бұрынғы кітаптарды білмейтінін білдірген.

3. Мәсх тақырыбын түсіну үшін оның Құранда да айтылатынын ескерген жөн. Алла Тағала бірнеше аятта Оның әмірін тыңдамай, шектен шығып, пайғамбарларға қарсы келген кейбір қауымды кейінгілерге ғибрат болсын деп, бейнесін өзгертумен жазалағанын айтады. Мысалы, Исраил ұрпағының бір тобына қатысты: ﴿وَلَقَدْ عَلِمْتُمُ ٱلَّذِينَ ٱعْتَدَوْا۟ مِنكُمْ فِى ٱلسَّبْتِ فَقُلْنَا لَهُمْ كُونُوا۟ قِرَدَةً خَٰسِـِٔينَ ۝ فَجَعَلْنَٰهَا نَكَٰلًا لِّمَا بَيْنَ يَدَيْهَا وَمَا خَلْفَهَا وَمَوْعِظَةً لِّلْمُتَّقِينَ﴾ «Араларыңнан қасиетті сенбі күні шектен шыққандарды әлбетте білесіңдер. Сонда Біз оларға: “Жексұрын маймылдарға айналыңдар”, – дедік. Біз бұл жазаны сол кездегілер мен кейінгілерге сабақ һәм тақуаларға насихат болсын деп берген едік»2, – делінген.

Басқа аятта мәселеге қатысты былай делінеді: «Айт: ﴿قُلْ هَلْ أُنَبِّئُكُم بِشَرٍّ مِّن ذَٰلِكَ مَثُوبَةً عِندَ ٱللَّهِ مَن لَّعَنَهُ ٱللَّهُ وَغَضِبَ عَلَيْهِ وَجَعَلَ مِنْهُمُ ٱلْقِرَدَةَ وَٱلْخَنَازِيرَ وَعَبَدَ ٱلطَّٰغُوتَ أُو۟لَٰٓئِكَ شَرٌّ مَّكَانًا وَأَضَلُّ عَن سَوَآءِ ٱلسَّبِيلِ﴾ “Оларға: ‘Сендерді Алланың алдында ең жаман жазаға лайық болғандардың жай-күйінен хабардар етейін бе? Олар Алланың қарғысына қалып, рақымынан мүлдем аласталған һәм қаһарына ұшырағандар. Алла олардың бір бөлігін маймылға, енді бір бөлігін доңызға айналдырып, тағы біреулерін тағұтқа құлдық ұратын етіп қойған. Міне, солардың алатын орны тым жаман. Олар – түзу жолдан адасқандар’”» («Мәида», 60-аят).

Тәпсіршілер осы аяттағы маймыл мен доңызға айналу оқиғасын әртүрлі түсіндірген. Бір тобы аятта алдыңғы аяттағы сенбі күнінің тыйымын бұзғандар меңзелгенін, олардың жастары маймыл, кәрілері доңыз болғанын айтқан. Енді біреулері Иса дастарқанынан дәм татқан кей адамдардың бейнесі өзгергені туралы түсіндірмені ескерген. Олардың пікірінше, маймылға айналғандар – сенбі күнінің тыйымын бұзғандар, ал доңызға айналғандар – Исаның дастарқанына жиналғандар.

  1. 1Рәзин тахриж еткен. Бұхариде келген (Бәдул-халқ 15; Мүслим, Зуһд 62 (2997).
  2. 2«Бақара» сүресі, 65–66-аяттар.
5966
Кутуб ситтә, № 5966 · тараудағы реті: 32Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قِيلَ يَا رَسُولَ اللَّهِ، الْقِرَدَةُ وَالْخَنَازِيرُ، هِيَ مِمَّا مَسَخَ اللَّهُ تَعَالَى؟ فَقَالَ: إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى لَمْ يُهْلِكْ قَوْمًا فَجَعَلَ لَهُمْ نَسْلًا، وَإِنَّ الْقِرَدَةَ وَالْخَنَازِيرَ كَانَتْ قَبْلَ ذَلِكَ. أَخْرَجَهُ رَزِينُ.

Қазақша аудармасы

Ибн Мәсғуд (р.а.) жеткізеді: «Біреу: “Уа, Алла елшісі! Маймыл мен доңыз Алла Тағала бейнесін өзгерткен адамдар ма?” – деп сұрағанда, ол: “Алла Тағала бір қауымды жойса, олардың ұрпағын таратпайды. Маймыл мен доңыз бұған дейін де болған”, – деп жауап берді».1

Түсіндірме

Алдыңғы хадисте айтылғандай, мәсх – адамның маймыл, доңыз сияқты жануар бейнесіне айналуы. Исраил ұрпағының бір тобы осылай жазаланған. Бұл хадис олардың ұрпақ қалдырмай, өлгенде нәсілі үзілгенін және маймыл мен доңыздың сол оқиғадан бұрын да жануар ретінде өмір сүргенін білдіреді. Демек, қазір жер бетіндегі доңыз бен маймылдың бейнесі өзгертілген сол адамдармен байланысы жоқ.

Дегенмен бұрынғыдай бүгін де рухани мәсх туралы айтуға болады. Жаратушының әмірін ұстанбай, нәпсінің жетегінде жүрген адам рухани, адамгершілік қасиеттерінен айырылып, қылығына қарай доңыз, ит, қасқыр, аю, жылан не маймыл тәрізді бейнеге түседі. Аталған аңдардың әрқайсысының өзіне тән қылығы бар. Мысалы, маймылға еліктегіштік, жыланға қиянатшылдық тән, ал доңыз ласқа үйір.

Батыс мәдениетінің адамды рухани болмысынан айырып, мәсхке ұшырататыны туралы Бәдиуззаман еңбектерінде жиі айтады. Солардың бірінде былай дейді: «Батыстың мәдениетсымағы адамның тән құмарлығын қандырып, көңілі қалаған нәрсеге оңай жетуін көздейді. Мұның бәрі адамды періште дәрежесінен құлдыратып, ақырында итке айналдырады. Осылайша рухани мәсхке себеп болады. Осы мәдениеттілердің көбі ішкі дүниесін сыртқа шығарса, қасқыр, аю, доңыз бен маймыл кейпіне түсер еді деп ойлайсың».

Тағы бір сөзінде былай дейді: «Уа, кәпірлердің көптігі мен имансыздықта ауызбіршілік танытқанын көріп, сенімі шайқалған бейшара адам! Біліп қой, сапа санмен өлшенбейді. Қарасаң, жер бетінде жануар көп, адам аз. Аз болса да адам олардан үстем, соларды басқарады. Мүміндер қиянатшыл кәпірлер мен солардың жолына түскен жандарға қарап, Алланың өздеріне берген нығметінің қадірін түсінеді. Алла ақыретте әлгі кәпірлерді өздеріне тиесілі тозаққа тастайды».

Адамның рухани мәсхке ұшырауы туралы бұл түсіндірме адамның жануардан да төмен түсуі мүмкін екенін білдіретін мына аяттың мәнін ашады: ﴿وَلَقَدْ ذَرَأْنَا لِجَهَنَّمَ كَثِيرًا مِّنَ ٱلْجِنِّ وَٱلْإِنسِ لَهُمْ قُلُوبٌ لَّا يَفْقَهُونَ بِهَا وَلَهُمْ أَعْيُنٌ لَّا يُبْصِرُونَ بِهَا وَلَهُمْ ءَاذَانٌ لَّا يَسْمَعُونَ بِهَآ أُو۟لَٰٓئِكَ كَٱلْأَنْعَٰمِ بَلْ هُمْ أَضَلُّ أُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلْغَٰفِلُونَ﴾ «Біз расында көптеген жындар мен адамдарды тозақ үшін жараттық. Олардың жүрегі бар, алайда онымен ойланбайды. Көздері бар, алайда онымен көрмейді. Құлақтары бар, онымен естімейді. Сондықтан олар мал сияқты, тіпті одан да бетер. Олар – ғапылдардың нақ өзі».2

  1. 1Мүслим, Қадар 33 (2663).
  2. 2Aғраф, 179.
5967
Кутуб ситтә, № 5967 · тараудағы реті: 33Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: هَلْ رُؤِيَ فِيكُمْ الْمُغَرِّبُونَ؟ قُلْتُ: وَمَا الْمُغَرِّبُونَ؟ قَالَ: الَّذِينَ يَشْتَرِكُ فِيهِمُ الْجِنُّ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) бірде: “Араларыңда мұғрибтер байқалды ма?” – деп сұрады. Мен: “Мұғрибтер деген кімдер?” – дедім. Ол: “Олар – араларына жын араласқан адамдар”, – деді».1

Түсіндірме

«Мұғриб» сөзі «алыс» мағынасындағы «ғарибпен» түбірлес. Отбасынан алыста жүрген адамды «ғариб», яғни «ғаріп» деген. «Мұғриб» сөзі де тегінен, түп-тамырынан алыстаған адамды білдіреді. Хаттаби хадисте жын араласқан адамдардың «мұғриб» аталуын табиғаты жат болмыспен араласқан соң өз тегінен, төл қасиеттерінен алыстауымен түсіндіреді.

Кей түсіндірмешілер «араларына жын араласты» дегенді жындардың адамдарды зинаға итермелеуі, ойнасты жақсы етіп көрсетуі, сөйтіп ұрпақты аздыруы деп түсінген. Аятта да былай делінеді: «Алла шайтанға: ﴿قَالَ ٱذْهَبْ فَمَن تَبِعَكَ مِنْهُمْ فَإِنَّ جَهَنَّمَ جَزَآؤُكُمْ جَزَآءً مَّوْفُورًا ۝ وَٱسْتَفْزِزْ مَنِ ٱسْتَطَعْتَ مِنْهُم بِصَوْتِكَ وَأَجْلِبْ عَلَيْهِم بِخَيْلِكَ وَرَجِلِكَ وَشَارِكْهُمْ فِى ٱلْأَمْوَٰلِ وَٱلْأَوْلَٰدِ وَعِدْهُمْ﴾ “Алла оған: ‘Кет ендеше! Олардың арасынан кімде-кім саған ерсе, жазаларың расында да тозақ болады. Жаза болғанда да жетіп артылатын жаза!’ ‘Білгеніңді істе, шамаң келгенді сұрқия дауысыңмен азғырып, түрте бер! Оларға атты әрі жаяу жендеттеріңмен атой салып, шабуыл жаса. Мал-пұлдары мен бала-шағаларына ортақтас бол һәм оларға жиі уәде бер!”2 – деді».

«Фатхул-уадудта» бір ғалымның мынадай түсіндірмесі берілген: «Мұғриб – ерлі-зайыптылық қатынас кезінде Алланы еске алмағандықтан, сол ісіне шайтан араласқан адам».

Кейбір ғалымдар «мұғриб – адам мен жынның қосылуынан туған жан» деп жорамалдаған. Олардың түсіндіруінше, оның тегі араласып, жаратылыс негізінен алыстаған. Бір риуаятта: «Уа, әйелдер! Араларыңда жынның өзімен жақындасқанын сезетін біреу бар ма?» – делінеді. Мұнымен Алла елшісі (с.а.с.) жындардың кей әйелдерге ғашық болып, олармен жақындасуы мүмкін деген жайтқа назар аудартса керек.

Бұл мәселені ғылым тұрғысынан әзірге түсіндіру қиын болғанымен, автор оның дін тұрғысынан мәні бар деп санайды. Алла елшісі (с.а.с.) шайтан араласпасын деп ерлі-зайыптыларға жақындасар алдында дұға оқуды айтқан. Сол қатынастан бала бітсе, шайтан оған зиян тигізе алмайтынын білдірген. Жаңа туған баланың құлағына азан мен қамат айтуды да көрсеткен.

Мүмін хикметін ұқпаса да, ақылмен түсіндіріп бере алмаса да, уахиге сүйеніп сөйлеген Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кеңесіне құлақ асады. Бұл – Аллаға құл болудың және Пайғамбарға үмбет болудың әдебі.

  1. 1Әбу Дәуіт, Әдәб 116 (5107).
  2. 2«Исра» сүресі, 63–64-аяттар.
5968
Кутуб ситтә, № 5968 · тараудағы реті: 34Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَنْ سَكَنَ الْبَادِيَةَ جَفَا، وَمَنِ اتَّبَعَ الصَّيْدَ غَفَلَ، وَمَنْ أَتَى أَبْوَابَ السُّلْطَانِ افْتُتِنَ، وَمَا ازْدَادَ عَبْدٌ مِنَ السُّلْطَانِ دُنُوًّا إِلَّا ازْدَادَ مِنَ اللَّهِ بُعْدًا. أَخْرَجَهُ أَصْحَابُ السُّنَنِ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) былай деді: “Далада қоныстанғанның мінезі қатаяды, аң соңына түскен ғапылдыққа салынады, сұлтанның есігін қаққан бүлікке ұрынады. Адам билеушіге жақындаған сайын Алладан алыстай түседі”».1

Түсіндірме

1. Бұл хадис қоршаған орта мен күнделікті кәсіптің адамның рухани дүниесі мен тәрбиесіне қаншалықты әсер ететінін көрсетеді. «Бадия» – шөл, қыр, елсіз дала деген сөз. «Бәдәуи» – сол өңірде көшіп-қонып өмір сүретін адам. Олардың мінезі қатқылдау келеді, терең ойлануға көп ден қоймайды, діннің терең мәнін ұғына бермейді, дүниелік істерге бейім болады. Олардың дінге қатысты жайы Құранда айтылады: ﴿ٱلْأَعْرَابُ أَشَدُّ كُفْرًا وَنِفَاقًا وَأَجْدَرُ أَلَّا يَعْلَمُوا۟ حُدُودَ مَآ أَنزَلَ ٱللَّهُ عَلَىٰ رَسُولِهِۦ وَٱللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٌ﴾ «Бәдәуилер күпірлікте және екіжүзділікте өзгелерден асып түседі. Әрі Алланың пайғамбарына түсірген үкімдерінің шегін білмеуді ең көп солардан күтуге болады. Алла – Алим һәм Хаким»2. Қазының айтуынша, бәдәуилер жұртпен аз араласып, ілім иелерінен алыс жүргендіктен, қарым-қатынастың нәзік тұстарын ескере бермейді, мінезі де қатқыл тартады. Алла елшісі (с.а.с.) олардың намазда сөйлеп қою, мешітте кіші дәрет сындыру секілді қылықтарына кешіріммен қарап, төзім танытқан. Сол арқылы олардың таза жүрегін тез баураған.

2. Хадистегі тағы бір мәселе – аң соңына түскен адамның ғапылдыққа ұрынуы. Бұл жерде аңшылыққа ынталандыру жоқ. Ғапылдық құлшылық пен бойсұнудан қол үзу, жұма мен жамағат намазынан қалу деп түсіндірілген. Аңды өлтіріп, жабайы аңға ұқсас әрекет істеген сайын адамның мейірімі азаятыны да айтылған. Ғалымдар мұны ермек үшін аңға шығуға қатысты түсінген. Демек, аңшылыққа рұқсат болғанымен, ол қажет кезде жасалғаны жөн. Қажетсіз, көңіл көтеру үшін аң аулау – мәкруһ.

3. Хадис сұлтанның алдына бармауға кеңес береді, онымен кездесудің бүлікке ұрындыруы мүмкін екенін айтады. Ғалымдар бұл ескертуді қажеттіліксіз баруға қатысты түсінген. Зәрулік болса, бару мәкруһ саналмайды. Өйткені сұлтанның айтқанынан шықпай, оған жағынуға мәжбүр болған адам дініне зиян келтіруі мүмкін. Ал қарсы шықса, сұлтан онымен жауласып, дүниелік ісіне зиян тигізеді. Дегенмен Алла елшісі (с.а.с.) билеушіге жағымпазданбай, насихат айтып, жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйған адамның ең абзал жиһадты атқарғанын сүйіншілеген.

  1. 1Әбу Дәуіт, Сайд 4 (2859, 2860). Тирмизи, Фитән 69 (2257). Нәсәи, Сайд 24 (7, 195).
  2. 2Тәубе, 97.
5969
Кутуб ситтә, № 5969 · тараудағы реті: 35Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: يُوشِكُ إِنْ طَالَتْ بِكَ مُدَّةٌ أَنْ تَرَى قَوْمًا فِي أَيْدِيهِمْ مِثْلُ أَذْنَابِ الْبَقَرِ يَغْدُونَ فِي غَضَبِ اللَّهِ وَيَرُوحُونَ فِي سَخَطِ اللَّهِ، وَقَالَ: صِنْفَانِ مِنْ أَهْلِ النَّارِ، وَلَمْ أَرَهُمَا قَوْمٌ مَعَهُمْ سِيَاطٌ كَأَذْنَابِ الْبَقَرِ يَضْرِبُونَ بِهَا النَّاسَ، وَنِسَاءٌ كَاسِيَاتٌ عَارِيَاتٌ مَائِلَاتٌ مُمِيلَاتٌ رُؤُوسُهُنَّ كَأَسْنِمَةِ الْبُخْتِ الْمَائِلَةِ، لَا يَدْخُلْنَ الْجَنَّةَ، وَلَا يَرِحْنَ رِيحَهَا، وَإِنَّ رِيحَهَا لَتُوجَدُ مِنْ مَسِيرَةِ كَذَا وَكَذَا. أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) былай деді: “Ғұмырың жетсе, көп ұзамай қолдарына сиырдың құйрығындай нәрсе ұстаған адамдарды көресің. Олар Алланың қаһарымен таң атырып, Оның наразылығымен кеш батырады”».

Басқа риуаятта Алла елшісі (с.а.с.) былай деген: «Тозақ иелерінің екі тобын әлі көрген жоқпын. Бірі – сиырдың құйрығындай қамшымен адамдарды ұратындар. Екіншісі – киінсе де жалаңаш, өздері тура жолдан тайып, өзгелерді де тайдыратын әйелдер. Бастары түйенің қисайған өркешіндей. Олар жәннатқа кірмейді, оның иісін де сезбейді. Ал жәннаттың иісі соншалық алыс жерден сезіледі».1

Түсіндірме

1. «Тәйсирде» екі бөлек риуаят бір хадис болып берілген. Біз оларды екі абзацқа бөліп бердік. Екі хадисті де Әбу Һурайра жеткізген, бірақ Мүслим кітабында оларды бөлек келтірген. Екінші абзацтағы хадис «Жәннат кітабында» бұрын, №52 болып, бірінші абзацтағысы одан кейін, №53 болып берілген. Бұл – Мүслимдегі сирек қайталанатын хадистердің бірі.

2. Ғалымдар бұл хадистерді Алла елшісінің (с.а.с.) ғайыптан хабар берген мұғжизаларына жатқызған. Өйткені онда хабарланған жайлар біршама уақыттан кейін орын ала бастаған.

Сиырдың құйрығына ұқсатылған нәрсе сақшылардың қамшысы немесе тоқпағы деп түсіндірілген. Алла елшісінен (с.а.с.) біраз уақыт өткен соң, әсіресе Омаядтар дәуірінде жұртқа тізе батырған басшылар аз болмаған. Олар кейде ұрып-соғумен шектелмей, дарға асуға дейін барған. Имам Мәлик, Ахмад ибн Ханбал, Имам Ағзам секілді белгілі тұлғалар да бұдан шет қалмаған. Алла елшісі (с.а.с.) халыққа зәбір көрсеткендердің ертелі-кеш Алланың қаһары мен наразылығына ұшырайтынын білдіріп, олардың осы қылығын айыптаған.

3. «Касият» – киінген, «арият» – жалаңаш әйелдер деген сөз. Хадистегі «киінсе де жалаңаш әйелдер» деген тіркесті ғалымдар бірнеше түрде түсіндірген:

• Алланың нығметіне бөленсе де, шүкіршіліктен жұрдай, яғни нығметке шүкір етпейтін әйелдер.

• Әйелдігін көрсетіп, жұрт назарын аудару үшін денесінің бір жерін жауып, екінші жерін ашып жүретін әйелдер.

• Денесі көрініп тұратындай жұқа киім киетін әйелдер.

Осы түсіндірмелердің бәрін орынды деуге болады. Исламдағы жамылғы талаптарына қайшы киім осы хадисте меңзеледі. Жамылғы ұғымы киім киюмен шектелмей, оны қалай киюді де қамтиды.

• Киім белгіленген жерлерді толық жабуы керек. Қол, аяқ пен беттен басқа жер ашық қалмауы тиіс.

• Киім дене бітімін айқындайтындай тар болмауы керек. Тар киім киген адам «киінген жалаңаш» үкіміне жатады. Батыс сәніне ергендердің осындай халге түсетін кезі бар.

• Киімнен дене көрінбеуі керек. Өте жұқа, ішін көрсететін киім кигендер де «киінген жалаңаш» үкіміне жатады.

• Хадистерде мақтан үшін, жұрттың назарын аудару мақсатымен киілетін киімге де тыйым салынған. Ислам киімді денені жабу үшін киюді бұйырғанымен, қазір көп ортада оны ел назарын өзіне аудару үшін киеді. Мұндай киім де «киінген жалаңаш» үкіміне кіреді.

4. «Маилат» сөзі сөздікте «иілген, еліктегіш әйелдер» дегенді білдіреді. Ғалымдар оны Алла көрсеткен жолдан тайып, теріс бағытқа бейім әйелдер деп түсінген. Кейбірі оңды-солды теңселіп, қисая жүретін әйелдерді меңзейді деген. «Мумилат» – өзгелердің де ойын бұзып, жолдан тайдыратын әйелдер.

5. «Бастары түйенің өркешіндей әйелдер» деген сөз бүгінгі күнге де қатысты айтылғандай көрінеді. Шашын өркештей шошайтып немесе жалбыратып қоятын түрлі үлгілерді қазір жиі көреміз. Мүмін әйел киімінде де, шаш үлгісінде де осы хадистерде көрсетілген шектен шықпай, жәннаттың иісінен мақұрым қалудан сақтанғаны жөн.

  1. 1Мүслим, жәннат 53 (2857), 52 (2128).
5970
Кутуб ситтә, № 5970 · тараудағы реті: 36Риуаят етуші: Сәмура ибн Жундуб (р.а.)

وَعَنْ سَمُرَةَ بْنِ جُنْدُبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: نَهَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَنْ يُقَدَّ السَّيْرُ بَيْنَ إِصْبَعَيْنِ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Сәмура ибн Жундуб (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) теріні екі саусақтың арасында ұстап тілуге тыйым салды».1

Түсіндірме

Теріні ұзынынан тілгенде оны екі саусақтың арасында ұстаса, пышақ тайып, саусақты кесіп кетуі мүмкін. Тыйымның себебі осы болуы ықтимал. Қынынан шыққан қылышты қолдан-қолға беруге тыйым салынғаны сияқты, бұл да қатер тудырады.

Осы хадиске сүйеніп, матаны пышақпен не қайшымен кескенде де оны екі саусақтың арасында ұстап тілмеген дұрыс деуге болады. Мұнда да сол қатер бар. Сондықтан қауіп төндіруі мүмкін істерде сақтық шарасын ұстануды діни міндет деп қабылдауға негіз бар.

  1. 1Әбу Дәуіт, Жиһад 74.
5971
Кутуб ситтә, № 5971 · тараудағы реті: 37Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: مَا سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَنْسُبُ أَحَدًا إِلَّا إِلَى الدِّينِ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісінің (с.а.с.) адамдарды діннен өзге өлшеммен жіктегенін көрген емеспін».1

Түсіндірме

Жаһилият дәуірінде жұрт өзін қауымы, тайпасы мен әулетін атап таныстыратын және соны мақтан тұтатын. Ислам адамның қадірін айқындайтын өлшемді дінмен байланыстырды. Бір діндегі адамдарды ортақ құндылықтар жақындастырады. Қазір осы ұстаным ұмыт қалып, ақыретте мәні болмайтын түрлі жіктер пайда болды. Бір-біріне бауыр болуға тиіс мұсылмандар ұлтшылдық пен жершілдікті жоғары қойғанда, біртұтас денедей болған ислам әлемі дұшпандардың оңай олжасына айналардай бөлшектенді.

Оның үстіне бір ұлттың өзі жаңашыл, ескішіл, батысшыл, ұлтшыл секілді саяси жіктерге бөлініп, тұтастығынан айырылады. Дұшпандары түрлі экономикалық және саяси одақтарға бірігіп жатқан заманда мұсылмандар дін төңірегінде топтасуы тиіс. Сонда ғана өздерін сақтай алады.

  1. 1Әбу Дәуіт, Әдәб 86 (4987).
5972
Кутуб ситтә, № 5972 · тараудағы реті: 38Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَرَأَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِيمَا أُمِرَ وَسَكَتَ فِيمَا أُمِرَ، وَمَا كَانَ رَبُّكَ نَسِيًّا، وَلَقَدْ كَانَ لَكُمْ فِي رَسُولِ اللَّهِ أُسْوَةٌ حَسَنَةٌ. أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) намазда қырағатты бұйырылған жерде дауыстап, бұйырылған жерде ішінен оқыды». Ибн Аббас мына аяттарды келтірді: ﴿وَمَا كَانَ رَبُّكَ نَسِيًّا﴾ «Әрі сенің Раббың ұмытшақ емес»1. ﴿لَّقَدْ كَانَ لَكُمْ فِى رَسُولِ ٱللَّهِ أُسْوَةٌ حَسَنَةٌ لِّمَن كَانَ يَرْجُوا۟ ٱللَّهَ وَٱلْيَوْمَ ٱلْـَٔاخِرَ وَذَكَرَ ٱللَّهَ كَثِيرًا﴾ «Шүбәсіз, Алла елшісінде сендер үшін әрі Аллаға және ақырет күніне бар үмітін артқан һәм Алланы көп еске алып, Оған көп құлшылық ететіндер үшін теңдессіз үлгі-өнеге бар» («Ахзаб», 21-аят).2

Түсіндірме

Ибн Аббас таң, ақшам және құптан намаздарында қырағаттың дауыстап, бесін мен екінтіде іштен оқылуы ұмытудан тумағанын, Алланың әміріне сай болғанын айтып отыр. Алла Тағала Пайғамбарымызға (с.а.с.) әр істе жөн сілтеген, қырағат та соның бірі.

Ибн Аббас (р.а.) дәлелге келтірген алғашқы аят Алла Тағаланың бәрін білетінін көрсетеді. Екіншісі барлық мұсылманның Пайғамбарымыз (с.а.с.) көрсеткен үлгіні ұстануы керегін білдіреді.

  1. 1Мәриям 64.
  2. 2Бұхари, Азан 105.
5973
Кутуб ситтә, № 5973 · тараудағы реті: 39Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَا أُعْطِيكُمْ مِنْ شَيْءٍ وَلَا أَمْنَعُكُمُوهُ، إِنْ أَنَا إِلَّا مَأْمُورٌ، وَفِي رِوَايَةٍ: أَنَا قَاسِمٌ أَضَعُ حَيْثُ أُمِرْتُ. أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ وَأَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) былай деді: “Мен сендерге өз бетімше ештеңе бермеймін де, ештеңені алып қалмаймын. Мен Алланың әміріне сай үлестіремін”».

Басқа бір риуаятта: «Мен үлестірушімін. Бұйырылған жерге қоямын», – деген.1

Түсіндірме

Алла елшісі (с.а.с.) мұны олжа үлестіргенде айтатын. Сахабалар өздеріне тиген үлеске риза болып, араларында күмән тумауын көздеген. Олжа әрдайым тең бөлінбеген. Кейде бұрыннан мұсылман, иманы берік адамдарға ештеңе тимей, жүректерін исламға жақындату көзделген кісілерге молырақ берілген. Хұнайн шайқасында Һауазиннен түскен олжаның бөлінуі – соның бір мысалы. Ол жолы исламды жаңадан қабылдаған меккеліктерге мол үлес беріліп, ансарларға аз тиді немесе мүлде берілмеді. Мәдиналықтар тіпті: «Алла елшісі (с.а.с.) өз жұртымен қауышты. Енді бізге мұқтаж болмай, бізден алыстайтын шығар», – деп күдіктене бастады. Мұны білген Пайғамбарымыз (с.а.с.) көңілдеріне медет болар сөз айтты.

Алла елшісі (с.а.с.) олжаны да, үкімді де өз қалауымен жүргізбеген. Оған мұндай өкілет берілмеген. Ол өзіне бұйырылғанды орындап, әр істі Алланың әмірімен атқарды. Аятта: ﴿يَٰٓأَيُّهَا ٱلرَّسُولُ بَلِّغْ مَآ أُنزِلَ إِلَيْكَ مِن رَّبِّكَ وَإِن لَّمْ تَفْعَلْ فَمَا بَلَّغْتَ رِسَالَتَهُۥ﴾ «Уа, Елші! Раббыңнан өзіңе түскенді жеткіз! Егер мұны істемесең, елшілік міндетіңді атқармағаның»2, – делінеді.

  1. 1Бұхари, хумус 7; Әбу Дәуіт, Хараж 13 (2949).
  2. 2Мәида 67.
5974
Кутуб ситтә, № 5974 · тараудағы реті: 40Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: كَانَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَبْدًا مَأْمُورًا، مَا اخْتَصَّنَا مِنْ دُونِ النَّاسِ بِشَيْءٍ إِلَّا بِثَلَاثٍ: أَمَرَنَا أَنْ نُسْبِغَ الْوُضُوءَ، وَأَنْ لَا نَأْكُلَ الصَّدَقَةَ، وَلَا نُنْزِيَ حِمَارًا عَلَى فَرَسٍ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ وَالنَّسَائِي.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) Алланың әмірі мен тыйымдарын жеткізуге міндеттелген құл еді. Бізге, өз әулетіне, мына үш нәрседен басқа өзгелерге айтпаған арнайы бұйрық берген жоқ. Дәретті толық алуды, садақа жемеуді және есекті биеге салмауды бұйырды».1

Түсіндірме

1. Ибн Аббастың бұл сөзі Алла елшісі (с.а.с.) өз әулетіне арнаулы ілім мен өсиет қалдырған деген шиғалардың пікіріне жауап бола алады. Шиғалар Алла елшісі (с.а.с.) Әлиге арнайы ілім үйретіп, өзінен кейінгі халифалықты соған өсиет етті дейді. Әлиден бұл жөнінде талай рет сұрағанда, ол мұны үнемі теріске шығарған. Құраннан өзге арнайы ілім алмағанын айтып, «тек қылышымның қынындағы мына бір парақ қана бар» деген. Оның ішінде не бар деген сұраққа берген жауаптары белгілі болғандықтан, мұнда қайталап жатпаймыз.

Хадистегі үш істің екеуі өзге мұсылмандарға да ұсынылған. Дәретті толық алу бүкіл үмбетке мәндуп. Есекті биеге салмау да солай, кей ғалымдар оны мәкруһ деп санаған. Мұндағы мақсат – жылқы тұқымын сақтау. Бұл пікірге сай, есек пен биеден туған қашырдың құны төмендеу әрі шайқаста жылқының қызметін атқара алмайды. Сондықтан олжа бөлінгенде жылқыға үлес берілсе, қашырға берілмейді. Бұған қарсы ғалымдар тыйымның уақытша болғанын айтып, есекті биеге салуды мәкруһ санамаған. Ал садақа малынан жемеу Пайғамбар әулетінің құрметін сақтау үшін айтылған. Алла елшісі (с.а.с.) садақа мен зекетті адам мүлкін тазартқанда шығатын кірге балап, оны өз әулетіне тыйған. Сыйлық алғанымен, зекет пен садақа қабылдамаған. Бұл – оның ерекше сипаттарының бірі. Өзіне ұсынылған сыйлықтарды да көбіне жұртқа үлестіретін. Кей ғалымдар бұл үкімдердің оның әулетіне де қатысты екенін айтқан.

2. Есекті биеге салуға тыйым салу жайындағы қарсы пікірді де айта кетейік. Тахауи мұның рұқсат екеніне мынадай дәлелдер келтіреді:

• Есекті биеге салу мәкруһ болса, қашырға міну де мәкруһ болар еді. Алайда қашырға мінуге рұқсат етілгеніне талас жоқ. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) да қашырға мінгені риуаяттарда айтылған.

• Тыйымның Пайғамбар әулетіне қатысты айтылуын Тахауи Ибн Аббастан жеткізілген риуаятпен түсіндіреді: «Қағбаны тауап етіп жүрген Абдулла ибн әл-Хасанды жолықтырдым. Оған Пайғамбар әулетіне есекті биеге салуға тыйым салынғаны жөніндегі хадисті оқыдым. Ол: “Дұрыс айтылған. Ол кезде Хашим әулетінде жылқы аз еді. Алла елшісі (с.а.с.) олардың жылқысы көбейгенін қалады”, – деді». Абдулла ибн әл-Хасан осылайша тыйымның Хашим әулетіне және олардың жылқысы аз болған уақытқа қатысты екенін көрсеткен. Сондықтан жылқысы көбейген соң тыйымның себебі жойылған, өзге мұсылмандарға ол әуелден жүрмеген. Жылқыны көбейтудің сауабы айтылғанымен, қашыр өсіруге тыйым салынбаған. Тахауи, Әбу Ханифа, Әбу Юсуф және имам Мұхаммед осы пікірде болған.

  1. 1Тирмизи, Жиһад 23 (1701); Нәсәи, Таһарат 106, (1, 89).
5975
Кутуб ситтә, № 5975 · тараудағы реті: 41Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُحَدِّثُنَا عَنْ بَنِي إِسْرَائِيلَ حَتَّى يُصْبِحَ مَا يَقُومُ إِلَّا لِعُظْمِ صَلَاةٍ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) кейде таң атқанша Бәну Исраил жайындағы қиссаларды айтып отыратын. Парыз намазға тұрғанда ғана сөзін үзетін».1

Түсіндірме

Алла елшісі (с.а.с.) Бәну Исраилдің ғибратты қиссаларын айтуға рұқсат берген. Олардың барлығы анық ақиқат деуге келмейді. Өйткені бастапқы дереккөзден Пайғамбарымызға (с.а.с.) дейінгі жеткізу тізбегі түгел сақталмаған. Кей қисса ойдан шығарылған болуы да мүмкін. Әйтсе де пайдасы басым болғандықтан айтуға рұқсат етілген болса керек. Ғалымдар бұдан өтірік айтуға рұқсат берілді деген қорытынды шығармауды ескертеді. Алла елшісі (с.а.с.) өтірікке жол бермеген. Тіпті оның өзіне телінген риуаяттарға да мұқият қарау керек. Бұл хадис Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Исраил қиссаларын кейде өзі ұзақ отырып айтқанын көрсетеді. Түсіндірмешілер әуелде кітап иелерінің кітаптарын оқуға тыйым салынғанын, кейін исламның үкімдері орнығып, бүлік қаупі сейілгенде ол тыйымның алынғанын осы хадистен аңғарады. Анық өтірік екені белгілі әңгімені айтуға қай кезде де рұқсат берілмеген.

  1. 1Әбу Дәуіт, Илм 11 (3663).
5976
Кутуб ситтә, № 5976 · тараудағы реті: 42

وَعَنْ عَلْقَمَةَ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ عَنْ أَبِيهِ قَالَ: نَهَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَنْ تُكْسَرَ سِكَّةُ الْمُسْلِمِينَ الْجَائِزَةُ بَيْنَهُمْ إِلَّا مِنْ بَأْسٍ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Алқама ибн Абдулла әкесінен былай жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) мұсылмандар арасында айналымда жүрген ақшаны себепсіз бүлдіруге тыйым салды».1

Түсіндірме

1. «Сикка» бастапқыда ақшаның бетіне түсірілген өрнекті білдірген. Кейін ақшаның өзін де солай атаған. Алтыннан соғылған динар да, күмістен соғылған дирһам да «сиккаға» жатады.

2. Хаттаби бұл тыйымның себебін ғалымдар әртүрлі түсіндіргенін айтады:

• Кейбірі ақшаға Алланың аты жазылғандықтан тыйым салынды деген.

• Кейбірі мүлікті себепсіз бүлдірмеу үшін тыйылған деп түсіндірген.

• Кейбірі дирһамның жиегін қырып алуға тыйым салынды деген. Қырылған дирһам ақша ретінде жарамай қалады, оны қайта соғу қымбатқа түседі.

• Кей ғалымдар ақшаның салмағын азайту саудадағы айла мен алаяқтыққа жол ашатындықтан тыйылған дейді.

3. Ақшаға айла араласқаны күмән тудырса, салмағы кем немесе жалған соғылған болса, оны айналымнан шығарып, жоюға болады. Кей ғалымдар жаңа билеуші өз атынан ақша шығару үшін бұрынғы билеушінің ақшасын жоюына рұқсат деген, бірақ мұның шығыны көп екенін де ескерткен. Хадистегі тыйымға Құраннан да дәлел келтірілген.

﴿وَلَا تَبْخَسُوا۟ ٱلنَّاسَ أَشْيَآءَهُمْ﴾ «Ел-жұртқа тиесілі дүниені жымқырып, елге қиянат жасамаңдар»2 деген аятта кей тәпсіршілер ақшаның салмағын кеміту де меңзелгенін айтқан.

  1. 1Әбу Дәуіт, Буйуғ 50 (3449).
  2. 2Ағраф, 85.
5977
Кутуб ситтә, № 5977 · тараудағы реті: 43Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَجُلٌ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ: أَعْقِلُهَا وَأَتَوَكَّلُ أَوْ أُطْلِقُهَا وَأَتَوَكَّلُ؟ قَالَ: اعْقِلْهَا وَتَوَكَّلْ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) жеткізеді: «Бір кісі Алла елшісінен (с.а.с.): “Түйемді байлап барып тәуекел етейін бе, әлде бос қоя беріп тәуекел етейін бе?” – деп сұрады. Ол: “Байла да, тәуекел ет”, – деді».1

Түсіндірме

Хадис малды байлаудың тәуекелге қайшы келмейтінін көрсетеді. Әуелі өзіңе тиісті сақтық шарасын жасап, содан кейін Аллаға тәуекел еткен жөн. Сақтық шарасын жасамай қою исламдағы тәуекел түсінігіне сай келмейді.

  1. 1Тирмизи, Қиямет-қайым 61 (2519).
5978
Кутуб ситтә, № 5978 · тараудағы реті: 44

وَعَنْ إِبْرَاهِيمَ قَالَ: أَرَادَ الضَّحَّاكُ بْنُ قَيْسٍ أَنْ يَسْتَعْمِلَ مَسْرُوقًا، فَقَالَ لَهُ عُمَارَةُ بْنُ عُقْبَةُ: أَتَسْتَعْمِلُ رَجُلًا مِنْ بَقَايَا قَتَلَةِ عُثْمَانِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ؟ فَقَالَ مَسْرُوقٌ رَحِمَهُ اللَّهُ: حَدَّثَنَا ابْنُ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ لَمَّا أَرَادَ قَتْلَ أَبِيكَ عُقْبَةَ، قَالَ: مَنْ لِلصِّبْيَةِ؟ فَقَالَ: النَّارُ، وَقَدْ رَضِيتُ لَكَ مَا رَضِيَ لَكَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Ибраһим Нахағи былай дейді: «Даххак ибн Қайс Масруқты бір қызметке тағайындамақ болды. Умара ибн Уқба оған: “Османды (р.а.) өлтіргендердің арасынан қалған біреуді қызметке қоясың ба?” – деді. Масруқ оған: “Ибн Мәсғуд (р.а.) бізге былай жеткізді: ‘Алла елшісі (с.а.с.) әкең Уқбаны өлтіруге бұйырғанда, әкең: “Балаларыма кім қарайды?” – деп сұрады. Ол: “От”, – деді’. Алла елшісі (с.а.с.) саған нені лайық көрсе, мен де соған разымын”, – деді».1

Түсіндірме

1. Умараның әкесі Уқба ибн Әбу Муайт ең жаман қылықтарымен танылғандардың бірі еді. Алла елшісі (с.а.с.) Қағбаның жанында намаз оқып, сәждеге барғанда, ол қорлау үшін үстіне түйенің ішек-қарнын тастаған. Кейін оны Ибн Мәсғуд өлтіргені айтылады.

2. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «От» деген жауабын екі түрлі түсіндірген:

1) Бұл – балаларыңа қарайтын ешкім жоқ дегенді ұқтыратын сөз. Егер оттың өзі қамқоршы бола алса, қамқоршы сол болар еді.

2) Мұнда «Сені күтіп тұрған от бар» деген астарлы жауап айтылған. Яғни «Өз ісіңді ойла. Сені күткен оттың өзі жеткілікті. Балаларыңды уайымдама, олар иесіз емес, Алла оларға қамқор». Кей ғалымдар хадистің негізгі мағынасын осы деп білген. Басқалары алғашқы түсіндірмені артық көрген. Солардың бірі Әли әл-Қари: «Егер екінші мағына көзделсе, “От” дегеннің орнына “Алла” делінер еді», – дейді.

Осылайша Масруқ Умараның айыптаған сөзіне өзінің өткір жауабын берген.

  1. 1Әбу Дәуіт, Жиһад 128 (2686).
5979
Кутуб ситтә, № 5979 · тараудағы реті: 45Риуаят етуші: Хузайфа (р.а.)

وَعَنْ حُذَيْفَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: جَاءَ السَّيِّدُ وَالْعَاقِبُ صَاحِبَا نَجْرَانَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يُرِيدَانِ أَنْ يُلَاعِنَاهُ، قَالَ: فَقَالَ أَحَدُهُمَا لِصَاحِبِهِ لَا تَفْعَلْ، فَوَاللَّهِ إِنْ كَانَ نَبِيًّا فَلَاعَنَّا لَا نُفْلِحُ أَبَدًا نَحْنُ وَلَا عَقِبُنَا مِنْ بَعْدِنَا، قَالَا لَهُ: إِنَّا نُعْطِيكَ مَا سَأَلْتَنَا، وَابْعَثْ مَعَنَا رَجُلًا أَمِينًا، وَلَا تَبْعَثْ مَعَنَا إِلَّا أَمِينًا فَقَالَ ﷺ: لَأَبْعَثَنَّ مَعَكُمْ رَجُلًا أَمِينًا، حَقَّ أَمِينٍ، فَاسْتَشْرَفَ لَهُ أَصْحَابُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: قُمْ يَا أَبَا عُبَيْدَةَ بْنَ الْجَرَّاحِ، فَلَمَّا قَامَ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: هَذَا أَمِينُ هَذِهِ الْأُمَّةِ. أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ. وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: لَوْ بَايَعَنِي عَشَرَةٌ مِنَ الْيَهُودِ لَمْ يَبْقَ عَلَى ظَهْرِهَا يَهُودِيٌّ إِلَّا أَسْلَمَ، وَفِي رِوَايَةٍ لَوْ آمَنَ بِي عَشَرَةٌ مِنَ الْيَهُودِ لَآمَنَ بِيَ الْيَهُودُ. أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ.

Қазақша аудармасы

Хузайфа (р.а.) жеткізеді: «Нәжранның екі басшысы Сәйид пен Ақиб Алла елшісіне (с.а.с.) өзара қарғасу ниетімен келді. Бірі екіншісіне: “Бұлай істеме. Аллаға ант етейін, ол расында пайғамбар болып, онымен қарғассақ, өзіміз де, кейінгі ұрпағымыз да ешқашан оңбаймыз”, – деді. Екеуі Алла елшісіне (с.а.с.): “Сұрағаныңды береміз. Бізбен бірге сенімді адам жібер. Тек сенімді кісі ғана болсын”, – деді. Ол: “Сендермен бірге нағыз сенімді адамды жіберемін”, – деді. Мұны естіген сахабалар сол міндетке таңдалудан үміттенді. Алла елшісі (с.а.с.): “Уа, Әбу Убәйда ибн әл-Жаррах, тұр”, – деді. Ол орнынан тұрғанда: “Мынау – осы үмбеттің сенімді адамы”, – деді».1 Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алла елшісі (с.а.с.): «Яһудилерден он адам маған серт берсе, жер бетінде исламды қабылдамаған бірде-бір яһуди қалмас еді», – деген. Басқа нұсқасында: «Яһудилерден он адам маған иман келтірсе, яһудилер түгел маған иман келтірер еді», – делінген.2

Түсіндірме

1. «Нәжран» – Меккеден Йеменге қарай жатқан кең өңірдің атауы. Ол шапқан аттыға бір күндік жер. Ибн Исхақтың айтуынша, негізінен христиандар мекендеген осы өңірден жиырма адамдық топ Алла елшісіне (с.а.с.) Меккеде жолыққан. Кейін Мәдинаға да келген. Демек, олар екі рет елшілік жіберген. Түрлі риуаятта олардың саны он төрт не жиырма төрт деп, кейбірінің есімі де аталады. Топтың басшысы Сәйидтің есімі Әйхам немесе Шурахбил деп берілген. Ақибтың есімі – Абдулмасих.

Алла елшісі (с.а.с.) оларды исламға шақырып, Құран оқып берді. Олар ұсынысты қабылдамады. Сонда Алла елшісі (с.а.с.): «Сөзіме сенбесеңдер, келіңдер, мұбаһала жасайық», – деді. Мұбаһала – келіспеген екі жақтың «кімнің сөзі жалған болса, Алланың лағынеті соған болсын» деп бірге тілек айтуы. Бұл ұсыныс мына аятқа сүйенген: ﴿فَمَنْ حَآجَّكَ فِيهِ مِنۢ بَعْدِ مَا جَآءَكَ مِنَ ٱلْعِلْمِ فَقُلْ تَعَالَوْا۟ نَدْعُ أَبْنَآءَنَا وَأَبْنَآءَكُمْ وَنِسَآءَنَا وَنِسَآءَكُمْ وَأَنفُسَنَا وَأَنفُسَكُمْ ثُمَّ نَبْتَهِلْ فَنَجْعَل لَّعْنَتَ ٱللَّهِ عَلَى ٱلْكَٰذِبِينَ﴾ «Өзіңе осынау хақ ілім жеткеннен кейін, кімде-кім сенімен сөз таластыратын болса, ондайларға: “Қане келіңдер! Біз өз балаларымызды, сендер өз балаларыңды, біз өз әйелдерімізді, сендер де өз әйелдеріңді, әрі біз өзімізді, сендер де өздеріңді бір жерге шақырайық, содан кейін бәріміз Аллаға жалбарынайық, сөйтіп, Алланың лағынеті өтірікші кәззаптарға жаусын деп қарғыс айтайық”, – де» («Әли Имран», 61-аят). Алла елшісі (с.а.с.) осы аятқа сүйеніп, Хасан, Хұсейн мен Фатиманы ертіп, белгіленген жерге байсалды түрде барды. Осылайша ниетінің берік екенін көрсетті. Нәжрандықтар мұны көріп іркіліп, өзара ақылдасуға рұқсат сұрады. Сөзін тыңдайтын үлкендері, кей риуаятта Сәйид, Ақиб немесе Шурахбил Әбу Мәриям: «Аллаға ант етейін, бұл кісі пайғамбар болса, онымен қарғасқан жағдайда өзіміз де, ұрпағымыз да құримыз», – деді. Сөйтіп, олар мұбаһалаға бармай, мұсылмандардың сұрағанын беріп, келісім жасасуға ұйғарды. Кей риуаятта екі мың толық киім беруге келіскені айтылады. Бір бөлігін ережепте, екіншісін сапар айында бермек болған және әр киіммен бірге бір ұқия күміс қосқан. Ибн Сағдтың айтуынша, Сәйид пен Ақиб кейін қайта келіп, мұсылман болған.

2. Нәжрандықтар оқиғасынан мынадай тұжырымдар шығарылған:

• Кісінің Мұхаммедтің (с.а.с.) пайғамбар екенін мойындауы өздігінен иман болып саналмайды. Исламның үкімдерін ұстануы шарт.

• Кітап иелерімен пікірталасуға болады. Қажет кезде мұндай пікірталас орын алады.

• Анық дәлелді көре тұра табандап қарсыласқан адаммен мұбаһала жасауға болады. Ибн Хажар: «Тәжірибе көрсеткендей, өзінікі дұрыс еместігін біле тұра мұбаһалаға кірген адам бір жыл өтпей-ақ жамандыққа ұшырайды. Құдайға сенбейтіндердің арасынан осылай бірбеткейлік танытқан біреудің екі ай өтпей жамандыққа ұшырағанын өзім көрдім», – дейді.

• Имам өзі жөн көрген мөлшерде мүлік алуға келісіп, зимма иелерімен шарт жасаса алады. Бұл мүлік жизия орнына өтеді.

• Имам исламның игілігін көздеп, келісім жасалған өзге дін өкілдеріне сенімді бір ғалымды жіберуі тиіс.

• Бұл хадис Әбу Убәйданың жоғары мәртебесін де көрсетеді.

Алла елшісінің (с.а.с.) Нәжранға Әлиді де жібергені туралы риуаяттар басқа оқиғаға қатысты болса керек. Өйткені Әбу Убәйданың Нәжрандықтармен бірге барып, христиандардан жизия, мұсылман болғандарынан зекет жинап қайтқаны риуаяттарда анық айтылған.

  1. 1Бұхари, Фәдәилул-Асхаб 21, Мағази 72, ижазату хабар әл-Уахид 1.
  2. 2Әбу Һурайрадан жеткен нұсқалар. Бұхари (3941). Мүслим (2793).
5980
Кутуб ситтә, № 5980 · тараудағы реті: 46Риуаят етуші: Хузайфа (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «تَكُونُ إِبِلٌ لِلشَّيَاطِينِ، وَبُيُوتٌ لِلشَّيَاطِينِ فَأَمَّا إِبِلُ الشَّيَاطِينِ فَقَدْ رَأَيْتُهَا، يَخْرُجُ أَحَدُكُمْ بِجَنِيبَاتٍ مَعَهُ قَدْ أَسْمَنَهَا فَلَا يَعْلُو بَعِيرًا مِنْهَا، وَيَمُرُّ بِأَخِيهِ قَدِ انْقَطَعَ بِهِ فَلَا يَحْمِلُهُ، وَأَمَّا بُيُوتُ الشَّيَاطِينِ فَلَمْ أَرَهَا». كَانَ سَعِيدٌ يَقُولُ: «لَا أُرَاهَا إِلَّا هَذِهِ الْأَقْفَاصَ الَّتِي يَسْتُرُ النَّاسُ بِالدِّيبَاجِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) былай деді: “Шайтанның түйелері де, үйлері де болады. Шайтанның түйелерін көрдім. Араларыңдағы біреу жетегіндегі түйелерін семіртіп, солармен жолға шығады, бірақ олардың біріне де мінбейді. Жолда көліксіз қалған бауырын көрсе де, оны түйесіне мінгізбейді. Ал шайтанның үйлерін көрген емеспін”». Рауи Сағид: «Шайтанның үйлері деп адамдар жібекпен қаптайтын мына күймелерді айтар едім», – дейтін.1

Түсіндірме

Алла елшісі (с.а.с.) қажет бола тұра емес, мақтан мен шектен тыс жайлылық үшін жұмсалған қаржыны шайтанға тән іс деп бағалаған. Мұнда екі мысал келтіріледі: пайдаланылмаған, мұқтаж жанға да қимаған түйелер және жайлылық үшін жібек пердемен көмкерілген күймелер. Түйе үстіне орнатылған шағын күймелерге жолаушылар отырып, күннің аптабынан, шөлдің құмы мен желінен қорғанған. Күйменің өзіне тыйым салынбаған. Алла елшісінің (с.а.с.) жұбайлары сапарда күймеге отырғаны риуаяттарда анық айтылады. Хадисте сыналғаны – жібекпен көмкерілген күйме. Ол мақтан мен артық жайлылықты көздеудің белгісі еді. Осы екі мысалға сүйеніп, өз тіршілігімізде жайлылық үшін істеген артық дүниелерді де таразылаған жөн. Өйткені бұрын айтқанымыздай, Алла елшісі (с.а.с.) үйде мақтан немесе көзге түсу үшін қойылған артық төсек-орынды да «шайтандыкі» деп атаған.

  1. 1Әбу Дәуіт, Жиһад 62 (2568).
5981
Кутуб ситтә, № 5981 · тараудағы реті: 47Риуаят етуші: Хузайфа (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: لَيْسَتِ السَّنَةُ بِأَنْ لَا تُمْطَرُوا، وَلَكِنِ السَّنَةُ أَنْ تُمْطَرُوا وَتُمْطَرُوا وَلَا تُنْبِتُ الْأَرْضُ شَيْئًا. أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) былай деді: “Қуаңшылық жаңбырдың жаумауымен өлшенбейді. Нағыз қуаңшылық – жаңбыр қайта-қайта жауса да, жердің ештеңе өндірмеуі”».1

Түсіндірме

Хадисте нағыз қуаңшылық жаңбыр мөлшерімен ғана бағаланбайды. Жаңбыр жаумаса да, ағын суды белгілі шамада пайдалануға болады. Ал жаңбыр ретсіз жауа берсе, өзі де қиындық туғызады. Толассыз жауын егін мен көкөніске зиян келтіруі мүмкін.

Бүгінгі жағдайда мұны жердің тозуынан жауын жауса да шөп шықпауымен немесе ауа қатты ластанып, жаңбыр суының өзі уланып, пайда бермеуімен түсіндіруге болады. Мұндай жерді кейінгі жылдары да пайдалану қиын. Егістік осылай зақымданса немесе қоршаған орта ластанса, ел нағыз қуаңшылыққа ұшырайды.

Хадисті осы екінші мағынада түсініп, егістікті химиялық ластанудан қорғау жөніндегі пайғамбарлық ескерту деп қабылдауға болады деген пікірдеміз.

  1. 1Мүслим, Фитән 44 (2904).
5982
Кутуб ситтә, № 5982 · тараудағы реті: 48

وَعَنْ مُطَرِّفِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ الشِّخِّيرِ عَنْ أَبِيهِ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَثَلُ ابْنِ آدَمَ وَإِلَى جَنْبِهِ تِسْعٌ وَتِسْعُونَ مَنِيَّةٌ فَإِنْ أَخْطَأَتْهُ الْمَنَايَا وَقَعَ فِي الْهَرَمِ حَتَّى يَمُوتَ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Мұтарриф ибн Абдулла ибн әш-Шиххир әкесінен жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) былай деді: “Адам баласын айнала тоқсан тоғыз ажал қаупі тұрады. Сол ажалдар оған тимей өтсе де, ол ақырында кәрілікке жетіп, сол күйде дүние салады”».1

Түсіндірме

Ғалымдар бұл хадистен адамның ауыртпалыққа кезігуі бұлтартпас тағдыр екенін аңғарған. Айналада қауіп-қатер көп. Хадисте олардың «ажал» мағынасындағы «мәния» сөзінің көпше түрі «мәнаямен» берілуі сол қатерлердің өмірге қауіпті екенін көрсетеді. Ауру, өрт, суға кету, жол апаты, қоғамдағы бүлік және тағы басқа қауіп аз емес. Адам соның бәрін ойлап отырса, тіршіліктің мәні қашары анық. Хадис бұл қатердің бәріне ортақ екенін айтып, Аллаға сеніп, тәуекелмен өмір сүруге шақырады. Адам мұндай ауыртпалықтарға тап болмаса да, ақырында қартайып, әл-дәрмені кетіп, ажал құшады. Сондықтан «кәрілікке дауа жоқ» делінген.

Мүмін «бұл дүние – мүміннің абақтысы, кәпірдің жәннаты» екенін білуі керек. Алланың жазғанына мойынсұнып, разылық танытып, қиындыққа сабыр етіп, өмір сынағынан сүрінбей өтуге ұмтылғаны жөн. «Мүлік» сүресінде дүние тіршілігі рақат үшін емес, сынақ үшін жаратылғаны айтылады. Сол сынақта қиындықтың орны бөлек, оны сабыр мен төзім арқылы жеңеді.

  1. 1Тирмизи, Қадар 14 (2151).
5983
Кутуб ситтә, № 5983 · тараудағы реті: 49Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: نِعْمَتَانِ مَغْبُونٌ فِيهِمَا كَثِيرٌ مِنَ النَّاسِ: الصِّحَّةُ وَالْفَرَاغُ. أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) былай деді: “Көп адам қадірін білмей, зая жіберетін екі нығмет бар. Олар – денсаулық пен бос уақыт”».1

Түсіндірме

Ибн Баттал былай дейді: «Хадистің мағынасы мынадай. Адамның дені сау болып, еш нәрсеге мұқтаж болмаса, соның қадірін білмей босаңсуы мүмкін. Мұндай жағдайда алданып қалмауға күш салу керек. Алдану – Алланың берген нығметіне шүкір етпеу. Шүкір дегеніміз – Алланың әмірін орындап, тыйымынан тыйылу. Мұны тәрк еткендер алданған болады. Алла елшісі (с.а.с.) “адамдардың көбі” дегенде, дүние алдауынан аман қалғандардың аздығын меңзеген».

Ибн әл-Жаузи былай дейді: «Кейде адамның дені сау, бірақ күнкөріс қамымен қолы босамай, бейқамдыққа салынбайды. Кейде қолы бос, бірақ денсаулығы жоқ. Екі нығметі де болып, сонда да жалқауланған адам ұтылған. Бұл дүние – ақыреттің егістігі. Мұнда не ексең, ақыретте соны орасың. Бос уақыты мен денсаулығын Аллаға бойсұнуға жұмсаған адам табысқа жетеді. Екеуін де Аллаға қарсы келуге жұмсаған адам алданып, ұтылады (مَغْبُونٌ). Өйткені бос уақытты күнделікті шаруа, денсаулықты ауру алады».

Тиби былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) мұсылманды саудагерге ұқсатқан. Саудагер қолындағы тауарын бүлдірмей сатып, пайда тапқысы келеді. Сатып алушы іздейді. Мақсатына жету үшін оған адалдық пен ептілік керек. Осы мысалда саудагердің тауары – бос уақыт пен денсаулық. Адам иман келтіріп, нәпсісімен және дін дұшпандарымен күресу арқылы Алламен сауда жасасқандай болып, дүние мен ақыретте пайдаға кенеледі. Ұлы Жаратушының сөзі осыны нұсқайды: ﴿يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ هَلْ أَدُلُّكُمْ عَلَىٰ تِجَٰرَةٍ تُنجِيكُم مِّنْ عَذَابٍ أَلِيمٍ ۝ تُؤْمِنُونَ بِٱللَّهِ وَرَسُولِهِۦ وَتُجَٰهِدُونَ فِى سَبِيلِ ٱللَّهِ بِأَمْوَٰلِكُمْ وَأَنفُسِكُمْ ذَٰلِكُمْ خَيْرٌ لَّكُمْ إِن كُنتُمْ تَعْلَمُونَ﴾ “Уа, иман келтіргендер! Сендерді жан төзгісіз азаптан құтқаратын өте табысты кәсіпті көрсетейін бе?! Аллаға һәм Расулына лайықты түрде иман келтіріп, Алла жолында мал-пұлдарыңды да, жандарыңды да аямай күресесіңдер! Расында, біле білсеңер, солай істегендерің өздерің үшін қайырлы болмақ”2. Адам қолындағы тауарынан да, табысынан да айырылып қалмау үшін нәпсі мен шайтанға ермеуі керек. Хадистегі “Екі нығметте адамдардың көбі алданады” деген сөз Алла Тағаланың ﴿وَقَلِيلٌ مِّنْ عِبَادِىَ ٱلشَّكُورُ﴾ “Құлдарымның арасында шүкіршілдер неткен аз еді!”3 деген сөзіне ұқсайды. Хадистегі “көп” сөзі аяттағы “аз” сөзімен бір жайтты білдіреді».

Әбу Бәкір ибн әл-Араби былай дейді: «Алланың құлдарына әуелде берген нығметі не болғаны жайында ғалымдар әртүрлі пікір айтқан. Бірі “иман”, екіншісі “өмір”, тағы бірі “денсаулық” деген.

Осы үшеуінің біріншісі дұрыс. Өйткені иман – шын мәніндегі нығмет. Өмір мен денсаулық осы дүниеге тән, мәңгілік емес. Алайда олар иманмен бірге болса, нығмет саналады. Дәл осы жерде көп адам ұтылып, табысынан түгел немесе ішінара айырылады. Нәпсінің жетегінен шықпай, құмарлықтың соңына еріп, Алланың шегінен асып, құлшылығын тәрк еткен адам алданған. Істер шаруасы жоқ, қолы бос адам да сондай күйге түсуі мүмкін. Өйткені қолы бос емес адам арзан, пайдасыз нәрсеге мойын бұра алмайды. Бос жүру адамды құрдымға итермелейді».

  1. 1Бұхари, Риқақ 1; Тирмизи, Зуһд 1 (2305).
  2. 2Саф сүресі, 10-11-аяттар.
  3. 3Сәбә сүресі, 13-аят.
5984
Кутуб ситтә, № 5984 · тараудағы реті: 50Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَدِمَ مُسَيْلِمَةُ الْكَذَّابُ عَلَى عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَجَعَلَ يَقُولُ: إِنْ جَعَلَ لِي مُحَمَّدٌ الْأَمْرَ مِنْ بَعْدِهِ اِتَّبَعْتُهُ، وَقَدِمَ الْمَدِينَةَ فِي بَشَرٍ كَثِيرٍ مِنْ قَوْمِهِ، فَأَقْبَلَ إِلَيْهِ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَمَعَهُ ثَابِتُ بْنُ قَيْسِ ابْنِ شَمَّاسٍ، وَفِي يَدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قِطْعَةُ جَرِيدٍ حَتَّى وَقَفَ عَلَيْهِ فِي أَصْحَابِهِ، فَقَالَ: «لَوْ سَأَلْتَنِي هَذِهِ الْقِطْعَةَ مَا أَعْطَيْتُكَهَا، وَلَنْ تَعْدُوَ أَمْرَ اللَّهِ فِيكَ، وَلَئِنْ أَدْبَرْتَ لَيَعْقِرَنَّكَ اللَّهُ، وَإِنِّي لَأَرَاكَ الَّذِي أُرِيتُ فِيكَ مَا أُرِيتُ، وَهَذَا ثَابِتٌ يُجِيبُكَ عَنِّي». ثُمَّ انْصَرَفَ عَنْهُ. قَالَ ابْنُ عَبَّاسٍ: فَسَأَلْتُ عَنْ قَوْلِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَإِنَّكَ الَّذِي أُرِيتُ فِيكَ مَا أُرِيتُ، فَأَخْبَرَنِي أَبُو هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: بَيْنَا أَنَا نَائِمٌ رَأَيْتُ فِي يَدَيَّ سِوَارَيْنِ مِنْ ذَهَبٍ فَأَهَمَّنِي شَأْنُهُمَا، فَأَوْحَى اللَّهُ تَعَالَى إِلَيَّ أَنِ انْفُخْهُمَا، فَنَفَخْتَهُمَا، فَطَارَا فَأَوَّلْتُهُمَا كَذَّابَيْنِ يَخْرُجَانِ مِنْ بَعْدِي، وَكَانَ أَحَدُهُمَا الْعَنْسِيَّ صَاحِبَ صَنْعَاءَ، وَالْآخَرُ مُسَيْلِمَةُ صَاحِبُ الْيَمَامَةِ. أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) жеткізеді: «Мұсайлима Кәззаб Алла елшісінің (с.а.с.) заманында келіп: “Мұхаммед өзінен кейін билікті маған қалдырса, оған еремін”, – дей бастады. Ол өз қауымының көп адамын ертіп Мәдинаға келді. Алла елшісі (с.а.с.) Сәбит ибн Қайс ибн Шаммаспен бірге оған барды. Қолында құрманың бір шыбығы бар еді. Серіктерінің арасында отырған Мұсайлиманың алдына тұрып: “Мына шыбықты сұрасаң да, оны саған бермеймін. Алланың өзің жайындағы әмірінен аттап өте алмайсың. Теріс бұрылсаң, Алла сені сөзсіз жазалайды. Меніңше, түсімде көрсетілген адам – сенсің. Менің атымнан саған Сәбит жауап береді”, – деді де, ол жерден кетіп қалды».

Ибн Аббас былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.) “Түсімде көрсетілген адам сен болсаң керек” деген сөзінің мәнін сұрадым. Әбу Һурайра (р.а.) маған Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізді: “Бірде түсімде қолымнан екі алтын білезік көрдім. Сол екеуі мені алаңдатты. Алла Тағала маған ‘Екеуіне үрле!’ деп уахи етті. Үрлеп едім, екеуі де ұшып кетті. Мұны менен кейін шығатын екі өтірікші деп жорыдым”». Рауи Убәйдулла: «Бірі – Санға билеушісі әл-Анси, екіншісі – Ямама билеушісі Мұсайлима», – дейді.1

Түсіндірме

1. Риуаятта Әбу Бәкір (р.а.) дәуірінде қарсы шыққан, өзін пайғамбармын деп жариялаған екі өтірікші сөз болады. Мұсайлима туралы кеңірек риуаяттардың мәтінінде аздаған айырма бар. Ең дұрысы – «Сахихайнда» берілген нұсқа.

Риуаяттан аңғарылғандай, Мұсайлима Ямаманың билеушісі еді. Әдебиетке бейімі болған. Жұрт арасында беделі жоғары болғандықтан, «Рахман әл-Ямама» деген лақаппен танылған. Өз қауымы қолдайды деген сенімі оны өзін пайғамбар деп жариялауға итермелеген.

2. Риуаят Алла елшісінің (с.а.с.) Мұсайлимаға барғанын көрсетеді. Ол Сәбит ибн Қайспен бірге барып, Ямама жұртының алдында олардың пайғамбарлыққа ортақтасу, өзінен кейін билікке келу және кей нұсқада жерді бөліп билеу талаптарын кері қайтарды. Осындай пиғылынан қайтпаса, бір шыбық сұраса да бермейтінін ашық айтты.

3. Алла елшісінің (с.а.с.) Мұсайлимаға өзі баруын ғалымдар әртүрлі түсіндірген. Мұсайлима тәкаппарланып, оның алдына келмеген болуы мүмкін. Алла елшісі (с.а.с.) алыстан келгендерге көрсететін әдеттегі ілтипатын сақтап, оларға өзі барған, жұмсақ сөзбен көңілдерін табуға тырысқан. Мұсайлиманың райынан қайтпағанын көргенде, өз пікірін оның адамдарының алдында ашық айтып кеткен. Осы әрекеттен, өзге дін өкілдері кездесуге келсе, көпшіліктің игілігі үшін имам оларға өзі бара алады деген үкім шығарылған.

4. Сәбит ибн Қайс Алла елшісінің (с.а.с.) атынан сөз сөйлейтін хатиб еді. Қажет кезде ол Сәбитке сөз айтқызатын. Мұсайлима ертіп келген жұртқа айтарын ашық айтқаннан кейін қалған мәселені реттеуге Сәбитті өкіл етіп қалдырды. Алла елшісіне (с.а.с.) аз сөзбен көп мағына жеткізетін «жәуамиғул-кәлим» қасиеті берілген еді. Тіпті бір шыбық та бермейтінін анық айтып, қалған сөзді сахабасына тапсырды. Оның осы әрекетінен мұсылман дипломатиясына қатысты бір қағида шығады. Қажет кезде имам өз атынан басқа адамды өкіл етіп, бірбеткей қарсыласпен сөйлесуге шешен кісіні жібере алады.

Алла елшісінің (с.а.с.) хабарлағанындай, Мұсайлима Кәззаб Әбу Бәкір (р.а.) тұсында мұсылмандардың қолынан қаза тауып, бүлігі басылды. Дереккөздерде оны Хамзаны шейіт еткен Уахши өлтіргені айтылады.

5. Алла елшісі (с.а.с.) түсіндегі алтын білезіктерді өтірікшілерге жорыды. Өтірік – бір нәрсені өз орнына қоймай, басқа орынға қою. Алтын ер кісіге харам болғандықтан, қолындағы алтын білезік жөнсіз іс болатынын аңғартқан. Сондықтан ол оны лайықсыз адамның өзін пайғамбар деп жариялауы сияқты өтірікшілікке жорыған. Үрлегенде білезіктердің ұшып кетуі бұл іске барған екі кісінің де жуық арада жойылатынын және олардың қадірі болмашы екенін білдірген.

6. Хадистегі екінші өтірікші – әл-Әсуад әл-Анси. Жүзін бүркеп жүретіндіктен, оны Зулхимар деп те атаған. «Химар» – перде деген сөз. Санғадағы түбі ирандық Базан қайтыс болғанда, Зулхимар адамдарымен Санғаға келіп, өңірді биледі де, Базанның әйелі әл-Марзубанаға үйленді. Марзубана бір түні оған шарап ішкізіп мас қылған соң, сол түні сарайға кірген адамдар оны өлтірді. Кіреберісін мың шақты күзетші күзеткендіктен, олар сарайға қабырға арқылы кірген. Әйелді де, сарайдағы бірқатар бағалы бұйымды да алып кеткен. Дереу Мәдинаға хабар жіберілді. Хабар Алла елшісі (с.а.с.) дүние салар шақта жетті. Кей риуаятта әл-Әсуадтың Алла елшісі (с.а.с.) дүние салардан бір күн бұрын, түнде өлтірілгені, Алла елшісінің уахи арқылы хабардар болып, мұны сахабаларына жеткізгені айтылады. Алайда хабардың кейінірек Әбу Бәкірге жеткені де айтылады.

Әбу Бәкірдің (р.а.) «ридда» деп аталатын діннен бас тарту қозғалыстарына табандылықпен қарсы тұруы – оның исламға сіңірген үлкен еңбектерінің бірі. Әсіресе Мұсайлима бастаған қозғалыс ислам мемлекетіне елеулі қауіп төндірген.

7. Алла елшісі (с.а.с.) көзі тірісінде басталған осы діннен бас тарту қозғалыстарына қалай тойтарыс беру керегін өзі айқындаған. Ол дереу қарсы шара қолданып, маңайдағы ел мен адал мұсылман басшыларға хабар жолдап, қарсы шыққандарды қажет болса соғыспен тоқтатуды білдірген. Табаридің «Тарихында» Алла елшісінің (с.а.с.) осындай он тоғыз хатының мәтіні келтіріледі.

  1. 1Бұхари, «Мәнәқиб», 25, «Мағази», 70–71 (№4373), «Таухид», 29. Мүслим, «Түс жору», 21 (№2273).
5985
Кутуб ситтә, № 5985 · тараудағы реті: 51

وَعَنْ سَلَمَةَ بْنِ نُعَيْمِ بْنِ مَسْعُودٍ الْأَشْجَعِيِّ عَنْ أَبِيهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ لَهُمَا حِينَ قَرَأَ كِتَابَ مُسَيْلِمَةَ إِلَيْهِ: مَا تَقُولَانِ أَنْتُمَا؟ قَالَا: نَقُولُ كَمَا قَالَ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: لَوْلَا أَنَّ الرُّسُلَ لَا تُقْتَلُ لَضَرَبْتُ أَعْنَاقَكُمَا. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Сәләма ибн Нуғайм ибн Мәсғуд әл-Әшжағи әкесінен жеткізеді: «Мұсайлиманың өзіне жолдаған хатын оқығанда, Алла елшісінің (с.а.с.) екі елшіге: “Өздерің не дейсіңдер?” – дегенін естідім. Екеуі: “Оның айтқанын біз де айтамыз”, – деді. Сонда Алла елшісі (с.а.с.): “Елшілер өлтірілмейді деген қағида болмағанда, желкелеріңді қияр едім”, – деді».1

Түсіндірме

1. Бұл риуаятта Мұсайлиманың Алла елшісіне (с.а.с.) жазған хаты аталғанымен, мазмұны келтірілмеген. Басқа дереккөздерде хат былай берілген: «Алланың елшісі Мұсайлимадан Алланың елшісі Мұхаммедке.

Саған сәлем! Бұдан соң айтарым: бұл істе мен саған ортақпын. Жердің жартысы біздікі, жартысы Құрайыштікі. Бірақ Құрайыш қиянатшыл».

Алла елшісі (с.а.с.) бұл хатқа былай жауап берген:

«Рахман әрі Рахим Алланың атымен!

Алла елшісі Мұхаммедтен өтірікші Мұсайлимаға. Тура жолға ергендерге сәлем болсын! Бұдан соң айтарым: ﴿إِنَّ ٱلْأَرْضَ لِلَّهِ يُورِثُهَا مَن يَشَآءُ مِنْ عِبَادِهِۦ وَٱلْعَٰقِبَةُ لِلْمُتَّقِينَ﴾ “Шүбәсіз, жер беті бір Аллаға тиесілі. Ол оны құлдарының арасынан қалағанына нәсіп етеді. Ақырғы жеңіс тақуалардың еншісінде”».

Мұсайлима өзін Алланың елшісі санап, жердің жартысын талап еткен. Елшілері де осыған сенетінін айтқан. Сол себепті Алла елшісі (с.а.с.) елшіге тиіспеу қағидасы болмағанда, оларды өлтірер едім деген.

2. Һижраның он бірінші жылындағы діннен шығу мен көтеріліске қосылған Тулайханы да атаған жөн. Ол Мұсайлима сияқты хат жазып, ортақ келісімге шақырған. Алла елшісі (с.а.с.) дүние салғаннан кейін қарсы шыққандардың арасында Зут-Таж атанған Лақит ибн Мәлик, әл-Әшғас әл-Кинди, Үммі Зәмил бинт Үммі Қирфа мен Сәжах та бар. Тізімдегі соңғысы өзін әйел пайғамбар деп жариялаған. Әл-Әшғас әл-Кинди әл-Әсуад өлтірілгеннен кейін Йеменде, Зут-Таж Оманда, Үммі Зәмил Ғатафанда бас көтерген.

Бұл тақырыпты зерттеген Мұхаммед Хамидулла ойын былай түйіндейді: «Алла елшісі Мұхаммед (с.а.с.) пен алғашқы халифа Әбу Бәкір оларға сабырмен, бірақ батыл қарсы тұрды. Қол жеткізген жеңістің арқасында ислам жойылып кетуден аман қалды. Осы илаһи қозғалыс үндеуін бүкіл әлемге жеткізетін жолға түсті».

  1. 1Әбу Дәуіт, Жиһад 166 (2761).
5986
Кутуб ситтә, № 5986 · тараудағы реті: 52Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حِينَ خَرَجْنَا مَعَهُ إِلَى الطّائِفِ فَمَرَرْنَا بِقَبْرٍ، فَقَالَ: هَذَا قَبْرُ أَبِي رِغَالٍ فَكَانَ هَذَا الْحَرَمُ يَدْفَعُ عَنْهُ، فَلَمَّا خَرَجَ أَصَابَتْهُ النِّقْمَةُ الَّتِي أَصَابَتْ قَوْمَهُ بِهَذَا الْمَكَانِ فَدُفِنَ فِيهِ، وَآيَةُ ذَلِكَ أَنَّهُ دُفِنَ مَعَهُ غُصْنٌ مِنْ ذَهَبٍ. فَإِنْ أَنْتُمْ نَبَشْتُمْ عَنْهُ أَصَبْتُمُوهُ فَابْتَدَرَ النَّاسُ فَاسْتَخْرَجُوا الْغُصْنَ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісімен (с.а.с.) бірге Тайыфқа бет алып, бір қабірдің жанынан өттік. Ол: “Бұл – Әбу Риғалдың қабірі. Харам аймағында жүргенде ол қауымына түскен жазадан аман қалған. Сыртқа шыққан соң, қауымын жайпаған жаза оған да жетіп, осы жерге жерленді. Мұның белгісі – онымен бірге алтын бұтақ көмілген. Қабірін ашсаңдар, сол бұтақты табасыңдар”, – деді. Жұрт дереу қазып, алтын бұтақты алып шықты».1

Түсіндірме

1. Әбу Риғалдың кім болғаны жөнінде түрлі пікір бар. Бір риуаят бойынша, ол – Тайыф жұртының арғы атасы Әбу Сақыф. Сәмуд қауымынан шыққан. Харамда қырық күн жүріп, бәледен аман қалғанымен, сыртқа шыққан соң жазаға ұшыраған. Басқа түсіндірмеде ол Меккені алуға келген Әбраһаның хабаш жасағына жол көрсетіп, сол жолда өлген делінеді. Тағы бір нұсқада Салих пайғамбардың үшір жинаушысы болғанда қиянат жасаған. Салық алуға барған ауылында шешесінен жетім қалған балаға сүт беріп отырған қойды тартып алыпты. Сол қиянаты үшін Алла оны жазалаған.

Ол қиянат жасаған адамның ақыры жақсылыққа апармайтынына мысал ретінде аталады. Қабірі Мекке мен Тайыф арасында. Қажылар оның қабіріне тас лақтыруды әдет еткен.

2. «Бұтақ» деп аударылған «ғұсн» сөзі қолға ұстайтын таяқтай ұзын шыбықты білдірсе керек. Ол шыбық алтыннан жасалған, салмағы шамамен жиырма ритл болған.

  1. 1Әбу Дәуіт, Хараж 41 (3088).
5987
Кутуб ситтә, № 5987 · тараудағы реті: 53Риуаят етуші: Әли (р.а.)

وَعَنْ عَلِيِّ بْنِ أَبِي طَالِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ آخِرُ كَلَامِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ: الصَّلَاةَ الصَّلَاةَ، اتَّقُوا اللَّهَ فِيمَا مَلَكَتْ أَيْمَانُكُمْ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әли ибн Әбу Талиб (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісінің (с.а.с.) соңғы сөзі мынау болды: “Намазды сақтаңдар, намазды сақтаңдар! Қол астарыңдағы құлдарға қатысты Алладан қорқыңдар!”»1

Түсіндірме

Бұл – Алла елшісінің (с.а.с.) соңғы өсиеті. Намазды соңғы сөзінде атауы оның қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Басқа хадистерде намаздың діннің тірегі екені, оны дұрыс оқу дінді тік ұстау, ал дұрыс оқымау оны құлату екені айтылған. Құран да намаздың адамды жамандықтан сақтайтынын білдіреді2. Алла елшісінің (с.а.с.) намаздан кейін назар аударғаны – адам ақысы. Құлдарға дұрыс қарап, олардың ақысын өтеуде Алладан қорқу керек. Қолынан келмейтін істі жүктемеу, күндіз еңбек етсе, түнде жұмыс істетпеу, адал ас-су беру, ұрып-соқпау, балағаттап қорламау сияқты істер соған жатады. Түрбүшти: «Құлдардың ақысын намазбен қатар атау арқылы Алла елшісі (с.а.с.) ол ақыға да намаздай мән беруді ұқтырған», – дейді. Кей ғалымдар адамның иелігіндегі мал да осыған кіреді деген. Алдыңғы хадистерде жан-жануардың ақысы да сөз болған.

Құлдың ақысын сақтауға мән беру азат адамның да ақысы барын аңғартады. Азат адамның мүлкіне, жаны мен ар-намысына қатысты ақысы одан да жоғары тұрады. Сол ақыларға келгенде де Алладан қорқу өсиет етілген.

Кей ғалымдар «қол астарыңдағылар» дегенді құлдарға жақсы қарау жайындағы өсиет деп түсінген. Өзгелері мұнда зекетті алуға құқылы адамдардың ақысы меңзелген деген.

  1. 1Әбу Дәуіт Әдәб 133 (5156); ибн Мәжа, Уасая 1 (2698).
  2. 2«Әнкәбут» сүресі, 45-аят.