Хадис

Кутуб ситтә, № 795

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
99. «Қаф» сүресі
Нөмірі
№ 795 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
795
Кутуб ситтә, № 795 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: «وَأَدْبَارَ السُّجُودِ. قَالَ: أَمَرَهُ أَنْ يُسَبِّحَ فِي أَدْبَارِ الصَّلَوَاتِ كُلِّهَا». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) «Сондай-ақ түннің бір уағында һәм сәжделердің (яғни, бес уақыт намаздың) артынша Оған (“Сен мінсізсің” деп) тәсбих айт»1 деген аяттағы «сәжделердің артынша» сөзіне қатысты: «Алла Тағала тәсбихты барлық намаздардың артынан жасауды бұйыруда», – деген.2

Түсіндірме

Ибн Аббас (р.а.) аяттағы اَدْبَارَ السُّجُودِ (әдбарәс-сужуд) сөзі Алла Тағаланың Елшісіне (с.а.с.) бес уақыт намаздың артынша тәсбих жасауды бұйырғанын білдіреді дейді.

Табари жеткізген басқа нұсқада ибн Аббас: «Бұл – намаздан кейін жасалған тәсбих», – деген.

Басқа риуаятта «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) маған: «Уа, ибн Аббас, ақшам намазынан кейін оқылған екі рәкат – аяттағы әдбарус-сужуд», – деді» дейді. Кейбір сахабалар да осы екі рәкатты әдбарус-сужуд деген.

  1. 1«Қаф» сүресі, 40-аят
  2. 2Бұхари, Тәпсір, Қаф 2.